Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет32/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

Коллоквиум.
«Коллоквиум» сөзі латынның «collocvium» - сөйлесу, әңгімелесу деген сөзінен шығады. Бұл оқу сабақтарының бір формасы, білімдерін анықтау үшін оқытушылармен болатын оқушының әңгімесі. Коллоквиум тексеру-оқыту функциясын орындайды. Ол әсіресе пән 2-3 семестр бойы оқылып, қорытынды тексеру біреу ғана болған жағдайда орынды болады. Оны қорытынды практикалық сабақта семинардың орнына өткізуге болады. Коллоквиум білімді меңгеру болжамын анықтауға мүмкіндік береді, ұйымдастырушылық функциясын орындайды, студенттерді белсенділендіреді және оқытушылық тәжірбиесінде кері байланыстың өте-мөте ұтымды түрлерінің бірі болып табылады.
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
12. Психология курсында оқытудың белсенді әдістерінің топтық формалары.
1. Ілімді топтық ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. Топтық гипнопедия және резервтік мүмкіндіктерді белсендіру әдісі.
3. Оқытудың мәселелік-топтық тәсілдері. 
«Әдіс» термині гректің «methodos» сөзінен аударғанда мақсатқа, күтілетін нәтижеге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық тәжірибеде әдістер дидактикалық міндеттерді шешу жолы болып табылады. Дәстүрлі түсінік бойынша оқыту әдістері – бұл оқушыларға білімдер мен іскерліктерді беру тәсілі.
Білімдер мен іскерліктерді алу көзі бойынша оқыту әдістерін жіктеу кең таралған. Осыған сәйкес әдістер келесі топтарға бөлінеді:
1. Сөздік әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі ауызша не жазбаша сөз болып табылады).
2. Көрнекілік әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі байқалған заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар болып табылады).
3. Практикалық әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі оқушылар орындаған практикалық әрекеттер болып табылады).
Психологияны оқытудың сөздік әдістері
Психологияны оқытуда сөздік әдіс жетекші орын алады. Олардың басты құндылығы аз уақытта көлемі үлкен ақпарат беруге мүмкіндік болады.
Әдетте сөздік әдіске мына тәсілдер жатқызылады: әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, кітаппен жұмыс. Бұл әдістер дәріс сабақтарында, семинар сабақтарында және студенттердің өзіндік жұмыстарында жиі қолданылады.
Студент қабылдайтын сөздің ауызша не жазбаша болуына қарай сөздік әдіс ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Олардың әр қайсысының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оқытушының дәріс, семинар сабақтарында және кеңес беру кезінде қолданылатын ауызша әдісінде материалды едәуір сәтті жеткізуге мыналар көмектеседі:
- сөздік емес құралдарды қолдану (оқытушының ым-ишарасы, қол қимылдары, интонациясы, пантомимикасы);
- студенттерден оқу материалдарын түсінгендігі туралы кері байланысты дер кезінде алып отыру (студенттердің сұрақтары, ым-ишаралары);
- студенттердің қабылдауы мен түсінуін белсенді ету.
Жазбаша сөйлеуде мұндай артықшылықтар жоқ.
Ауызша сөйлеу ақпарат беру жылдамдығы жағынан едәуір баяу (айту жылдамдығы оқу жылдамдығына қарағанда төмен). Студент оқытушыны тыңдағаннан гөрі оқулықтың тиісті тарауын жылдам оқып шыға алады. Осыған байланысты дәріс ақпараттық қызметінен айырылады.
Әңгімелесу әдісі – жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде пайдаланылып, материалды жүйелеп айтып беру, білімді игеруге үйрету құралы болады. Сабақта ғылыми тексерілген деректер көз жеткізетін мысалдар көбірек әңгімеленеді. Әңгімелесу сабақтардың барлық кезеңінде қолданылады. Әңгімелесуде сұрақ – жауап жиі кездеседі. Әңгіме оқушылардың білімін жүйелеуде, ойын, ішкі байланыстарын табуды көздейді.
Эвристикалық әңгіме әдісі – арнаулы пәндерден сабақ беру кезінде қолданылады. Эвристикалық әңгіме өткізу барысында мұғалім сабақтардың жоспарын, қажетті сұрақтарын, тіпті оқушылардың шамамен беретін болжам жауаптарында жазады. Сұрақтары «неге?», «не үшін?», «қалай?» болу керек. «Эврика» грек тілінен аударғанда «таптым» деген сөзінен шыққан.
Оқытудың жазбаша әдісі ақпаратты жылдам бере алу мүмкіндігі мен ерекшеленеді. Сондықтан ақпараттық маңызы бар оқу материалдары студенттерге жазбаша мәтін түрінде берілген жөн (кітап, оқулықтар, оқу құралдары, тарату материалдары). Студенттердің жазбаша материалдары мен жұмысы анағұрлым тиімді болу үшін көптеген арнайы тәсілдерді қолдануға болады. Олардың негізгілері мыналар:
- конспектілеу – оқылғанның мазмұнының қысқаша жазбасы;
- мәтіннің жоспарын құру (қарапайым немесе күрделі)
- тезис құру – оқылған мәтіннің негізгі ойын қысқаша мазмұндау.
- дәйексөз келтіру – мәтіннен үзіндіні сөзбе-сөз келтіріп жазу;
- аннотациялау – оқылғанның негізгі мағынасын қысқартып, ықшамдап мазмұндау;
- рецензиялау – оқылған материялға өзінің қатынасын білдіріп қысқаша пікір жазу;
- формальдық-логикалық модель құру – оқылған материалды сөздік-сызба түрінде бейнелеу;
- тақырыптық тезаурус құру – тақырып бойынша негізгі ұғымдардың сөздігін құру;
- идеялар матрицасын құру – түрлі авторлардың еңбектеріндегі біртектес заттар, құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру;
Оқытудың сөздік әдісі монологты және диалогты болып бөлінеді.
Дәрісті дайындау барысында кітәптың мәтіні келесідей өңдеуге түсуі тиіс:
- маңызды емес сөздер мен үзінділерді алып тастау негізінде ұзын сөйлемдерді қысқарту;
- күрделі құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге бөлу;
- студенттердің мотивациясын және танымдық белсенділігін арттыратындай етіп сұрақтарды өзгерту;
- оқытушының ойын түсінуде қиындық туғызатын терминдерді ғылымилығын жоғалтпай басқа терминдермен ауыстыру;
Оқытушы сөзінің психологиялық ерекшелігі дәріс сабағының тиімділігін арттыруда мәні зор. Осы жағдайда келесі сөздік ықпал ету құралдарын қолдану ұсынылады:
1. жаңа материалды оқушының бұрынғы білімі мен тәжірибесімен байланыстыру;
2. ойды сұрақ-жауап формасында түсіндіру;
3. ауызша сөйлеудің синтаксисін қолдану (күрделі сөйлемнен гөрі қарапайым жай сөйлемдерді көп қолдану);
4. оқу материалын баяндауда материалға деген жеке өзінің қатынасын білдіру, өз тәжірибесінен мысал келтіру;
5. сөйлеудің көркемділігі;
6. жақсы түсінікті болу үшін сөз тіркесін ауыстыру; 
Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері.
Көрнекілік әдіске бақылау, эксперимент, көрсету, иллюстрация жатады.
Оның мынадай түрлері бар: табиғи, жасанды, графикалық, дыбыстық, музыка, ұлы адамның ойлы сөздері, халықтың мақал-мәтелдері, жаңылтпаштар. Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім алу қиын. Эксперимент табиғи және лабораториялық болып бөлінеді. Көрсету әдісі деп – түрлі көрнекі құралдар және практикалық сабақ процесінде оқуға айқын демонстрациялау, көрсету. Ол мұғалімнің оқу материалын бейнелі етіп беруіне мүмкіндік тудырады. Оның бір түрі экскурсия. Ол оқытуды нақты табиғи жасанды заттармен, құбылыстармен, сабақта және сабақтан тыс кезінде таныстырып, оқу ісін жандандыруға, білімге құштарлығын арттыруға мүкіндік жасайды. Иллюстрация – оқуға сабақтың мазмұнын, суретті, құралдар көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекілік әдістер оқу тәсілі ретінде бейнелік тілді көрсететін құралдар жатады. Көру, есту, тактильді бейнелер сөздік суреттеуді толықтырады және жақсырақ түсінуге әсерін тигізеді.
Көрнекіліктің негізгі 3 түрін ажыратуға болады: заттық, сөздік және суреттік.
Психологияны оқытудағы практикалық әдістер.
Бұл әдістің сабақтағы оқытудың сан қилы әрекетін қамтиды да, оларды кәсіптік жағынан даярлауға ерекше ықпал етеді.
Практикалық әдістер оқушылардың білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеруге бағытталған практикалық іс-әрекетті білдіреді. Бұл топқа оқушылар естіп қана қоймай, көріп түрлі танымдық әрекеттерді жасайтын әдістер кіреді. Психологияны оқытуда келесі практикалық әдістер кіреді:
- лабораториялық жұмыс;
- психологиялық тесттерді орныдау;
- психологиялық тапсырмаларды шешу;
- жаттығулар;
- топтық пікірталас;
- дидактикалық және іскерлік ойындар;
Бұл әдістер оқу мақсатына байланысты түрліше қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет