Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет25/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Конспект мұқият тыңдауға, жазу кезінде жақсы есте сақтауға көмектеседі, емтиханға, семинарға, дайындық кезінде тірек материалы болады. Лектордың міндеті- студенттерге ұғыныңқы конспектілеуге мүмкіндік беру. Тыңдап, ұғынып, қайта қарап, қысқаша жазу. Бұл үшін оқытушы студенттердің барлығын түсініп үлгеріп отыруын қадағалайды. Ол аудиторияның реакциясынан көрінеді. Конспектілеуге көмектесетін қандай амалдар бар? Ол – лекция материалын екпінді түрде айқындап баяндау, яғни дауыс ырғағымен, жылдамдығымен, маңызды жерлерін қайталаумен, кідірісті пайдаланумен, тақтаға жазумен, көрнекі материалды көрсетумен оқу уақытын қатаң регламенттеумен іске асырылады.
Студенттерді конспектілеу әдістерімен, дұрыс графикалық орналастыруға: абзацсты төлуге, басты ойды ерекшелеуге, шешуші сөздерді қорытындыларды қоршауға алу, «нота бине»- №8 белгісін, қайталану түрлі қаламдарды, фломастерлерді қолдануға үрету пайдалы.
Лектордың шеберлігі. Лекцияда студенттердің жұмысын жақсы ұйымдастыруға көмектеседі.Лекцияның мазмұны, құрылымының айқындығы назар аудару тәсілдері- осының бәрі ой белсенділігі мен жұмыс қабілетін жақсартуға, педагогикалық конспект тағайындауға, студентердің эмоционалдық үн қосуын туғызуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, пәнге қызығуды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Лекция сапасын бағалау.
Оқытушының лекцияларына қатынасқан кезде оның әріптестері талдау жүргізіп лекцияның сапасына баға береді. Сапасын бағалаудың түйінді критерилерін атауға болады.
Ол лекцияның мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына басшылық жасау, лекторлық шеберлігі, нәтижелілігі. Осының әрқайсысының мәнін ашайық.
Лекцияның мазмұны: ғылымилығы, қазіргі заманғы ғылымның даму деңгейіне лайықтылығы, дүниетанымдылық жағы, методикалық мәселелердің болуы, оны дұрыс түсіндіреді. Лекция барысында проблемалық мәселелерді қою және олардың қайшылықтарын шешу арқылы ой белсенділігін туғызу. Мәселенің тарихына көз жүгіртіп, әртүрлі концепцияларды, тәжірбиемен байланысын көрсету. Лекция және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндала ма, оқулықты қайталап бере ме, ерекше қиын мәселелер түсіндіріле ме, оқулықтың кейбір материалдарын өз бетімен оқып білуге тапсырма беріле ме. Өткен және өтілетін материалмен байланысы, пән ішілік, пәнаралық байланыстар.
Лекция оқу методикасы: лекция құрылымының айқындылығы және баяндау логикасы.Жоспардың барлығы не жоқтығы, оны ұстануы. Лекцияға керекті әдебиетті хабарлауы (қашан, әдебиеттің графикасы) Жаңа терминдер мен ұғымдардың түсініктілігі. Дәлелдемелер. Басты ойларды бөліп көрсету және қорытындылар.
Бекіту әдістерін пайдалану: қайталау, назарды, игеруді байқау үшін сұрақтар; сұрақтың аяғында, лекция соңында қорытындылау, ТСО. Лектордың тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, кейбір жазулар, тірек материалынсыз оқу.
Студенттердің жұмысына басшылық: конспектілерді талап ету және орындалуын көрсету. Студенттерді жазу әдісіне үйрену: жылдамдық, баяу темп, қайталау, кідіріс, графиктерді сызу. Конспектілерді қарау: лекция барысында, семинар мен практикалық сабақтарда немесе олардың соңында.
Назар аудару әдістерін қолдану: риторикалық сұрақтар, қалжындар, ораторлық әдістері. Сұрақ қоюға рұқсат (қашан, қандай түрде).
Лекторлық шеберлігі: пәнді білуді, эмоционалдығы, дауыс, дикция, ораторлық шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, сыртқы пішіні, контакт орнату қабілеті.
Лекцияның нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбие аспектісі, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
ЖОО-да оқыту жүйесінде лекциялық форманың дамуы
Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның гуманизациясы, жеке адамға бағдарлану тенденциясы, оның творчестволық қабілетін іске асыру лекциялық форманың жаңа көріністерін, екеуара лекция, көзбен шолу лекциясы, лекция – пресс-конференция т.б. ойлап табуға итермеледі.
Төменде ұсынылатын лекция нұсқалары дәстүрлі ақпарат - лекцияны табысты толықтырады. Лекция уақытын бір немесе бірнеше сабақ бойында, тіпті сабақ бөліктерінің дәстүрлі формаларында толық пайдалануға мүмкіндік береді; сонымен қоса көрсетілген формалардың кез келгені бойынша авторлық лекция курсы даярлануы керек.
Лекция материалын берудің жаңа нұсқаларына қысқаша сипаттамалар беруге, олардың оқу процессін интенсивтендіруге, оқушылардың жеке қасиеттерін дамытуға бағытталғандығын көрсетуге әрекет жасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет