Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет26/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

Проблемалық лекция
Проблемалық лекция туралы біз оқытудың активті әдістеріне байланысты сөз етеміз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасын келтіреміз.ақпараттық лекциялардан өзгеше, онда студенттерге дайын ақпарат дайын ақпарат беріліп түсіндірілетінін,оны еске сақтауға арналғанын ескере отырып, проблемалық лекцияда жаңа білім бұрын белгісіз, оны «ашу» керектігі жайында айтпақпыз. Оқытушының міндеті- проблемалық ахуал туғызып, студенттерді сол проблеманы шешу барысында, қадам-қадамдап іздеген мақсатқа жетуге қызықтыру болып табылады. Ол үшін жаңа материал проблемалық мәселе түрінде беріліді. Оның шартында қайшылықтар бар, соны тауып шешу керек болады.
Осы шешу жолында және қорытынды нәтижеге жетуде студенттер оқытушымен бірлесе отырып қажетті білімді алады. Сонымен осы формадағы ақпаратты баяндау кезінде студентердің білім алуы ізденуі, зерттеу іс-әрекетіне жақындайды.
Басты шарт – лекция материалын таңдап алу мен даярлау кезінде және тікелей лекция үстінде диалогтық қатынас формасында беру барысында проблемалық принцпті іске асыру. Проблемалық лекцияның көмегімен теориялық ойлауды дамытуға, пәннің мазмұнына қызығушылықты, кәсіптік мотивация, корпоративтік қамтамасыз етуге болады.
Көзбен шолу лекциясы: көрнекілікті принципін іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу нәтижесінде пайда болған. Психологиялық – педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік тек оқу материалын табысты қабылдап, еске сақтауға көмектесіп қана қоймай, танымдық құбылыстардың мәніне тереңірек бойлауға мүмкіндік береді. Ол екі жарты шардың бірдей жұмыс жасаудың нәтижесінде, яғни дәл ғылымдарды игеру кезіндегі әдеттегідей бір ғана бір жақ, логикалық жартысының жұмысымен емес іске асады. Оң жақ жартышар ақпаратты бейнелік – эмоционалдық қабылдауға жауап бергендіктен дәлме-дәл көзбен шолу кезінде белсенді жұмыс жасауға кіріседі.
Көзбен шолу лекциясы ауызша ақпаратты көзбен шолу түріне айналдыру нәтижесінде пайда болады. Көру қатары қабылдану және ұғыну негізінде пара-пар ой мен практикалық іс-әрекетін тірегі бола алады. Оқытушы сондай демонстрациялық материалды орындау тиіс, сондай көрнекілік формаларын пайдалану керек, олар тек ауызша ақпаратты толықтырып қоймай, өзіде мазмұнды ақпарат тасушы ролін орындайды. Мұндай лекцияны дайындалу лекция мазмұнын қайта құруды немесе оның белгілі бір бөлігін көзбен шолуға айналдырып, студенттерге ТСО арқылы немесе қолша (слайдтар, пленкалар, планшедттер, сызбалар, суреттер, схемалар, т.б.) көрсетуді қажет етеді. Ондай лекцияны оқу дайындалған көзбен шолу материалдарына толық түсінік беруге саяды, онда:
Өзінде бар білімді жүйелеуді қамтамасыз ету;
Жаңа ақпаратты игеру;
Проблемалық ахуалды жасау және шешу;
Көзбен шолудың әртүрлі әдістері көрсету.
Оқу материалына байланысты көрнекіліктің әртүрлі формалары пайдаланылады:
Табиғи (минералдар, реактивтер, машина бөлшектері);
Бейнелеу ( слайдтар, суреттер, фото);
Символдық ( сызбалар, таблицалар);
Көзбен шолу лекцияларында мыналар маңызды: айқын көзбен шолу логикасы және материалды жеткізу ырғағы, оны мөлшерлеу, оқытушының аудиториямен қатынас стилі мен шеберлігі. Мұндай лекцияның қиындығы – көзбен шолу құралдарын даярлау мен лекция оқу процесінің режиссурасы. Мұнаны ескеру керек:
аудиторияның дайындық және білім деңгейі;
кәсіптік бағдарлануы;
нақты тақырыптың ерешеліктері.
Лекцияның бұл формасына кез келген материал жарамды бола бермейді, кез келген пән де жарамайды. Бірақ осындай лекцияның элементтері кез келген пән үшін жарамды болуы мүмкін.Бір жағынан бұл әдістің жекелеме көріністері культорология бойынша лекцияларда пайдаланылып, олар слайдтармен, оларға түсіндірмелер, ақпараттық лекцияларды тереңдетіп және жүйеге келтіріп (слайдтарды көрсету лекциядан кейін жүру керек) пайдаланылады. Және көрнекі демонстрациялық, үлестірме материалдарды пайдаланатын эргономика дизайн бойынша лекцияларда қолданылады.
Екеуара лекция: лекцияның бұл түрі екі оқытушының өзара диалогы түрінде материалды баяндау проблемасын дамыту және жалғастыру болып табылады. Мұнда теориялық және практикалық мәселелерді талқылаудың нақтылы ахуалын екі маманның модельдеуінде қарастырылады. Мәселен, екі ғылыми мектептің өкілімен, теоретик пен практик, жақтаушы мен қарсылар және басқаға техникалық шешімдер тағы басқа.
Мыналар қажет:
Оқытушылардың диалогы пікір-талас, проблеманы біррлесіп шешу мәдинетін көрсету керек;
Талқылауға студенттерді тартып, оларды сұрақ қоюға итермелеу, өздерінің көзқарасын айтуға, болып жатқан жағдайға үн қосуын көрсетуге баулу;
Мұндай лекциялардың артықшылығы:
диалогты түсініп оған, қатынасу үшін қажетті студенттердің білімін ахуалдандыру;
Проблемалық ахуал жасалады, дәлелмемелер жүйесі құрылады т.б.;
Екі деректеменің болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, біріне не екіншісіне қосылған, өз пікірін қалыптастыруға мәжбүр етеді;
Пікір-талас мәдениеті туралы көрнекі ұғым қалыптасады, диалог жүргізу тәсілдерін бірге іздестіру және шешім қабылдау;
Педагогтың кәсіпқойлығы айқындалады, оның жеке басының қасиеттері айқын және терең айқындалады.
Осындай типті лекцияға дайындық үшін лекция жоспарының теориялық мәселелерін алдын ала талқылау, оларға қойылатын талаптарды ескеруді қажет етеді:
Олардың интелектуалдық және жеке басындық сәйкестік болуы керек;
Олар коммуникативті дағдыларға ие болуы керек;
Олар жылдам реакциялар және импровизацияға қабілетті болуы керек.
Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция:
Студенттердің зейінін белсенділендіреді;
Ойлау іс-әректін дамытады;
Эксперттер, рецензенттер, т.б. рөлінде болу дағдыларын қалыптастырады.
Алдын ала жоспарланған қателері бар лекцияға дайындықтың мәні- оған белгілі бір мазмұндық, методикалық, мінез-құлықтық сипаттағы қателерді енгізеді, олардың тізімін оқытушы лекцияға әкеліп, студенттерге оның аяғында айтады. Әдеттегі қателер таңдап алынып, олар оның білінбеуі, көлеңкеленуі ескеріледі. Студенттердің міндеті лекция барыснда қателерді белгілеп, оларды дәптердің полясына жазып, аяғында атауы керек.
Қателерді талдауға 10-15 минут беріледі. Осы кезде жауаптарды студенттерде оқытушыда атайды. Осындай лекция бір уақытта ынталандыру, тексеру және болжау функцияларын атқарады және өткен материалдың игеру қиындығын болжауға көмектеседі.
Лекция – пресс-конференция
Лекцияның тақырыбын хабарлап оқытушы студенттерге осы тақырып бойынша сұрақтарын жазбаша түрде беруін өтінеді. Екі үш минутта студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды тұжырымдап оқытушыға береді. Ол үш-бес минут бойы сұрақтарды саралап олардың мазмұны бойынша лекцияны бастайды. Лекция сұрақ-жауап түрінде емес, байланысты мәтін түрінде баяндалып, оның құрамында әлгі сұрақтарға жауап беріледі. Лекция сонында оқытушы жауаптарды талдап, оқушылардың қызығушылығымен білімдерін анықтайды.
Мұндай лекцияны:
Тақырыптың басында қажеттілікті айқындау топтың немесе потоктың қызығушылық шеңбернін, оның модельін: мүмкіндіктерін; нұсқауларын анықтау;
Ортасында, студенттерді курстың түйінді моменттері және білімдерін жүйелеуге пайдалануға бағытталған кезде;
Аяғында – даму перспективасының игерісін мазмұнын анықтау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет