10. Оқу жүйесінде оқыту және теориялық оқыту 1. Психологиядағы теориялық оқыту түсінігі. 2. Оқушы және іс-әрекеті. 3. Оқыту іс-әрекеті негізі ретінде. Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай болып, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.
ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді игерту, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындықтағы өмір жағдайында қолдануға үйрету. Бірақ, психология - бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М. Бахтин гуманитарлық таным - ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект - субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын “Психология” пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де, педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсатты көздейді: өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен қаруландыру. Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзара әрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді. Біздің ойымызша, соңғы анықтама психологияны оқытудың мақсатын едәуір нақтырақ айқындайды, себебі ол өзінің құрамына процесс пен оның соңғы нәтижесін ғана енгізбейді, сонымен қатар басты назарды студенттерде психологиялық ойлай білу іскерлігін қалыптастыруға аударады. Психологияны оқи отырып студент болашақ мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап, талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.
Студенттерге кез келген білімді игерместен бұрын оларға мынадай мақсат жүктеледі, яғни өмірдің құбылыстарына төселу, үйрену, ғылыми позициядағы, яғни әрбір жұмыс бойынша жан-жақты білімнің меңгерілуі. Психология тұрғысынан алғанда бұл мынаны білдіреді, яғни білім студенттер адамның психологиясына ғылыми тұрғыдан қарау мақсатында игерілуі керек, сонымен қатар іс-әрекет барысында пайда болған ерекшеліктерді түсінуі және түсіндіруі керек және осы негізде күнделікті тәжірибеде олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренуі қажет.
Бұл мақсат жалпы және кез келген мамандықты игеруде қолданылса да, ол студенттердің өзінің әрекетіне байланысты болады: ең бастысы ол жетістіктерге жетуге тырысуы керек. Ал мұғалімге келетін болсақ, онда оның әрекеті студенттің мақсатынан өзінің спецификалығымен, үздіктілігімен ерекшеленеді. Студенттің мақсаты ғылымды үйрену болса, ал оқытушының мақсаты – оны ғылымға ендіру. Бұл мақсаттар соңында біртіндеп қалыптаса бастайды. Бірақ оны құру кезінде әртүрлі болып көрінеді: студенттердің мақсаты оқытушылардан білім алуға бағытталса, ал оқытушының мақсаты оларға осы қажетті білімдерді бере алуға, сондай-ақ оны өз қажетіне жарата алуға, үйретуге бағытталады. Психологияны меңгере отырып, әрбір студент психологиялық тұрғыдан ойлана білуге үйренуі қажет. Сондай-ақ адам іс-әрекетін талдау кезінде және де темпераменттің басқа да жеке қасиеттерінің қоғамда әлеуметтік психологиялық көріністерді, ұжымда, басқа да адамдармен өзара қарым-қатынаста және т.б. кездерде де психологиялық тұрғыдан ойлана білуге үйренуі қажет. Енді мынадай сұрақ туындайды: психологияның қолданбалы саласына жататын психологиялық теорияларды практикалық қолдану деп есептеуге бола ма? Иә, болу керек. Мұны теориядағы практикалық қолдану, ал рұқсат етілсе, практикалық емес, теориялық сұрақ деп есептеуге болады. Психологияларда мақсаттарды қоюдың бір принципі студенттердің болашақ маман ретіндегі профессионалды көзқарас бойынша 2 үлкен топқа бөлуге болады:
1. Көбісі психологиялық маман емес студенттер;
2. Психологиялық мамандықты студенттер.
Жалпы мақсат бірдей, яғни психологиялық ойлай алуда мынадай сұрақ туындайды. Психолог маманы еместердің әрекетіне не кіредідеген атақты психолог Е.А.Климованың ойы бойынша психологиялық білімді барлық мандықтағы еместерге де керек. Ол басқалармен қарым-қатынаста қажет.
Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты психологиялық функциялардың заңдылықтарын студенттерге меңгерту болып табылады. Жалпы психологияның теорияларын білу психологияның қолданбалы саласында көбінесе, жас ерекшелік педагогиканың әлеуметтік және т.б. салаларын оқытудың негізіне жатады. Жалпы психологияны оқытудың психологиялық циклдық басқа да оқу курсын меңгеру үшін методологиялық маңызы зор.
Жалпы психология пәнінің лекция курсының юағытына байланысты 5-6 немесе 7 лекциялық блоктарға бөлінеді. Мынадай варианттар кездеседі:
1. Психологтарға кіріспе, жеке тұлға және іс-әрекет, жеке тұлғаның танымдық процесі, жеке тұлғаның эмоциялық еріктік сферасы.
2. Жалпы психология ғылым ретінде оның пәні және объектісі, іс-әрекет психологиясы, іс-әрекет эмоциясы. Психологиялық процестер және оның қасиеттері жекее тұлға психологиясы және оның танымдық еріктік сферасы.
3. Психология ғылымы және оның салалары, іс-әрекет психологиясы, жеке тұлға психологиясы, іс-әрекеттің эмоциясы.
4. Мінез-құлық және қабілет.
5. Даму психологиясы. Оқыту және тәрбиелеу, қарым-қатынас психологиясы және өзара қарым-қатынас.
“Психологияның” оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті - өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру - бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік, дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болмақ.
ЖОО-да психология оқытушысы үшін ең бірінші міндет тұрады, бұл - студенттің оқу әрекетін қалыптастыру немесе оны психологияны оқуға үйрету. Осы мәселені шешуде әр түрлі зерттеушілер оқу барысында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне тәжірибелік тұрғыдан келуді қарастырады.
1. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы (Н.Я.Голант, В.К.Майборада, Б.П.Есипов, М.И.Скаткин және т.б.) ;
2. Танымдық әрекетті ұйымдастыру әдістері арқылы (Б.Н. Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин);
3. Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құрайтын жалпы білімді енгізу арқылы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина);
4. Әдістемелік білімді оқытуға енгізу арқылы ( М.Я. Ленер, Б. И. Коротяев);
5. Оқу әрекетін өзіндік қадағалауды шешу арқылы (Л.И.Рувинсий).
В.И.Лозовая алғашқылардың бірі болып тұлѓаның танымдық белсенділігі мәселесін көтерген болатын. Ол тұлғаның мәнін және осы ұғымның іс-әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастар бар екенін атап өтеді.
А.Әбілқасымованың пікірінше танымдық белсенділік пен танымдық дербестік әлеуметтік белсенділік пен әлеуметтік дербестіктің түрлері болып саналады. Оның пікірінше белсенділік пен дербестіктің қайнар көзі танымдық қажеттілік болып табылады, оның мынадай ерекшеліктері бар:
- танымдық қажеттілік - бұл ең алдымен ақпаратқа деген қажеттілік;
- танымдық қажеттіліктің негізгі ерекшелігі ретінде оның ақпараттық “аштығы”;
- танымдық қажеттілік ең алдымен таным процесінің өзіне бағытталған;
- жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Осыған байланысты А. Абылқасымова танымдық дербестікті 3 компонентке бөледі:
- мотивациялық;
- мазмұндық-амалдық;
- еріктік.
Сөз жоқ, аталған компоненттер студенттердің танымдық өзіндік жұмыстарын қалыптастырудың негізгі тірегі болады. Бірақ автор студенттің өзінің белсенділігі деп аталатын факторға ерекше назар аударуды атап өтеді. Себебі адамның өзінің белсенділігі - бұл адамзаттың қандай да бір жетістікке жетуінің негізі болып табылады.
Демек, осыған байланысты кәсіби дербестікті тұлғаның жинақталған қасиеті деп қарастыру керек, өйткені ол танымдық, эмоционалдық процестер мен мотивтердің, өз бетінше әрекет ету тәсілдерінің, қажеттіліктердің бірігуінен қалыптасады.
Оқытушы белгіленген блок бойынша лекцияны оқи отырып, қанша ақыт жүргізуге болатынына байланысты уақытты және тақырыптарды бөліп белгілейді. Мәселен, болашақ басқарушымен ұйымдастыруға қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясын оқу дұрыс болады. Ал болашақ мұғалімдерге тұлға психологиясы, даму психологиясы және оқыту және тәрбиелеу психологиясын оқытқан жөн болады. Психология пәні жай оқу сұрағы емес, ол нағыз ғылымда бар және оқыту әдісі үшін де күрделі мәселе. Жалпы психологияны оқыту әдістерін қарастыруды келесі белгілермен анықтауға болады:
Қаншалықты жалпы психология теориялық болғандықтан қолданбалы емес, психологияның қолданбалы салаларында методолгияның білім күші бар. Ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына көзделген болуы керек.
Көбінесе 1-ші курс студенттері психология пәнін 1-ші рет оқиды да өздеріне қажетті материалдарды өзі үшін, өзін-өзі жақсы тану үшін бір-бірінің санасына еніп кетеді.
Ғылыми терминологияны студенттер меңгермейінше оқытудың бастапқы кезеңінде, олар өздерінің семинарлық, практикалық сабақтарында қолдана алмайды.
Пәнді оқытудың әдістемелік тұрғысынан алғанда бүгінде орта және жоғары мектепте оқу-тәрбие процесін басқарудың екі стратегиясы бар. Біріншісі - білім беруді ұйымдастырудың бұрынғы дәстүрлі типі. Екіншісі тұлғаның әлеуметтік сұраныстарының және оның қоғамдағы ролінің өзгеруімен бірге қалыптаса бастады. Басқарудың дәл осы типі инновациялық стратегияны анықтай бастады.
Инновациялық білім беру оқу-тәрбие процестерінің қайтадан құрылуын көздейді. Б.Ц.Бадмаев бойынша қайта құрылу төрт компонентте қарастырылған:
1. Педагогтың өз тұлғасы. Педагог пәндік білімнің, ақпаратың тасымалдаушысы, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оқушыдағы білім көлеміне, оны түсіну не түсінбеу деңгейіне қарамастан, ондағы тұлғаны сыйлайтын, оның қалыптасуының және дамуының көмекшісі. Демократиялық өзара әрекет, ынтымақтастық, көмек, шабыт, оқушының бағытына және талпыныстарына, тұлғалық өсуіне назар аудару бағыты бекітілген. Оқушының өзі де өзгеріске түскен, мұнда білімінің нәтижесі мен алынған бағасы емес, оқушының мұғаліммен және басқа балалармен белсенді әрекеті бағаланады.
2. ЖОО меңгерілетін білімнің құрылымы мен қызметі, оларды меңгеруді ұйымдастыру әдістерінің өзгеруі. Қазіргі кездегі білім қоғамның жаңа ақпараттандырылған деңгейіне сай жүйелі, пәнаралық, жалпыланған сипатта беріледі. Оларды игеру процесінің өзі сан алуан формада - ізденімпаздық, сындарлы ой әрекеті, өнімді шығармашылық процесс ретінде беріледі.
3. Даралап оқу емес, топтық оқу формасына, бірлескен әрекетке, өзара әрекет пен қарым-қатынастың алуан түрлі формаларына, күнделікті ынтымақтастық пен бірлескен шығармашылықтан туындайтын қуанышқа толы “ұжымдық субъект ішінен” даралықты “өсіруге” бағдарлану.
4. Оқу мен тәрбиенің бағалау өлшемін қолдана отырып қадағалау мен бағалаудың басымды, деструктивті ролінен бас тарту.
Шыныменен, барлық осы компоненттер оқу-тәрбие процесін сипаттайды, бірақ олардың бәрімен келісе беруге болмайды. Әзірше білім беруді басқарудың дәстүрлі статегиясының инновациялық стратегиямен үйлесімі оқу-тәрбие процесінде едәуір өнімді нәтиже береді деп сенеміз, себебі оқытудың топтық формасы “ұжымдық субъект ішінен” даралықты “өсіру” құралы болып табылатыны әлі де болса нақты емес. Қадағалау мен бағалаудың да ролі өзінің бастапқы мәнін жойған жоқ, тек соңғы жылдарда ғалым-педагогтар студенттердің едәуір маңызды болып саналатын танымдық белсенділігін қалыптастыруы мақсатында талай зерттеулер жүргізген болатын.
Сонымен қатар, қоғам инновацияның арқасында білім беруде қандай жетістіктерге жететінін және оны студенттерді оқытуда шұғыл қолдануға мүмкіндіктері болатын жайлы айтпай кетуге болмайды.
Психологияны оқыту тәжірибесінде оқытудың танымал интерактивті әдістері мен қатар мынадай әдістер де қолданылады: ми шабуылы әдісі, синектика әдісі, іскер ойындар, психотренингтер, алуан түрлі жаттығулар, сонымен қатар жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек, оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологиялар. Олардың ішінде, қашықтықтан оқыту (ҚО) - Интернет жүйесі арқылы білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелерінң мәліметтер негіздеріне қол жеткізу.
Қашықтықтан оқыту формасын тәжірибеге ендірудің бірнеше артықшылықтары бар, себебі қашықтықтан оқытудың негізгі сипаты мыналар болып табылады:
1.Икемділік. Оқушылар дәріс және семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды, олар өздеріне ыңғайлы уақытта, орында және қарқында жұмыс істейді; Қашықтықтан оқыту қандайда бір себептермен дәстүрлі білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.
2. Модульдылық. Әрбір жеке курс белгілі бір сала жөнінде тұтас түсініктің қалыптастырады, ол бір біріне тәуелді емес курстар жинағынан - модулдерден - жеке және топтық қажеттілікке жауап беретін оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
3. Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтықтан оқытудың дәстүрлі білім беру жүйесінен екі есе не одан да арзанға түсетінін көрсетіп отыр.
4. Оқытушының жаңа ролі. Оған танымдық процестерді бағыттау, оқытылатын курсты түзету, кеңес беру, оқу бағдарламасын басшылыққа алу және т.б сол сияқты жаңа қызметтер жүктеледі.
5. Білім берудің арнайы бақылауы - қашықтықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, практикалық, курстық және дипломдық жұмыстар, және т.б.
Едәуір көп тараған электрондық басылымдардың бірі электрондық оқулық (ЭО) болып табылады, оған мәтіндерден басқа студенттерге оқу материалын қабылдаудың әр түрлі формаларымен меңгеруге мүмкіндік беретін құрылымдық - логикалық сызбалар және көрнекі материалдар кіреді. Оларға, сонымен қатар, негізгі құқықтық құжаттар, терминдердің сөздігі, ақпаратты іздеу модульдері, тест кіруі мүмкін.
Электронды оқулықтың артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: тәжірибені шұғыл кері байланыспен қамтамассыз ету; ақпарат іздеуге көмек, гипермәтіндік түсіндірулерге бірнеше қайтара жүгінуде уақытты едәуір үнемдеу. Студенттің дара ерекшеліктерінің қарқынына орай белгілі бір тарау бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді.