9. Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау
1. Меңгеру үрдісін бақылауды ұйымдастыру.
2. Сұрау оқу іс-әрекетінің сәттілігін бағалау формасы ретінде.
3. Тікелей сұрау арқылы оқушылардың білімін тексеру.
Бақылау студенттерді оқуға ынталандырады және олардың мінез-құлықтарына әсер етеді. Практика көрсеткеіндей бақылауды оқу процесінен жартылай немесе толық жою әрекеттері оқытудың сапасын төмендетуге әкелетіні белгілі. Қазіргі уақытта енгізіліп отырған оқытудың интенсивті методтары педагогикалық бақылаудың жаңа түрлерін іздестіру арқылы бақылаудың сапасын көтеру мен тиімділігін арттыру, оның жаңа түрлерінің пайда болуына, мысалы, рейтин сияқты әкеліп соғады. Бақылаудың рейтинглік формасы модульдік оқыту шеңберінде жүргізілетін болғандықтан ол туралы мағлұматты тиісті бөлімнен табуға болады.
Педагогикалық бақылаудың функциялары.
Бақылау аймағында негізінен үш түрлі өзара байланысқан функцияларды бөлуге болады: диагностикалық, оқыту және тәрбиелеу.
Диагностикалық функция: бақылау- бұл студенттердің білімін, біліктілігін, икемін, дағдысын, нақтылы тәртібінің деңгейін анықтайтын процесс.
Бақылаудың оқыту функциясы оқу материалын игеру бойынша жұмысты белсенділендіруден көрінеді.
Тәрбиелеу функциясы: бақылау жүйесінің болуы тәртіптендіреді, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырын, бағыттайды, білімдегі кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, жеке басының ерекшеліктерін, ондағы кемістіктерді анықтайды, пәнге творчестволық қатынас және өз қабылеттерін дамытуға көмектеседі.
Оқу-тәрбие процесінде барлық үш функция да бірдей өзара байланысқан және қабысқан, бірақ бақылаудың бір жетекші функция басқаларынан басым болатын формасы да болады. Осылай, семинарда негізінен оқытушы функция көбірек көрінеді: әртүрлі ой түйіндері айтылады, нағыз сұрақтар қойылады, қателіктер талқыланады, сонымен бірге семинар диагностикалық және тәрбиелеуші функцияларды орындайды.
Педагогика мен педагогикалық практикада қадағалау кең мағынасында бір нәрсені тексеру, тар мағынасында кері байланыс принцпі ретінде түсіндірледі.
Педагоикада қадағалау мына анықтамамен беріледі “Оқушылардың оқу әрекетін қадағалау сыртқы кері байланысты \қадағалау, мұғалімнін қадағалау және ішкі кері байланысты\оқушының өзін өзі қадағалауын \ қамтамасыз етеді”. Сыртқы кері байланыс бұл оқушының оқу материялын меңгеруін тексереді (бақылау жұмысы, жазба жұмыс, емтихан, сынақ, және т.б.). Оларды мұғалім ұйымдастырады. Ішкі кері байланыс – бұл оқушының қандай да бір сұрақ келісімі бойынша өзін тексеріп , оны оны қандай деңгейде меңгергеніне көз жеткізуі , басқа сөзбен айтқанда олар өздерін тексеріп бағалайды.
Педагогикалық психологияда “қадағалау” оқу әрекеті ретінде қолданылады және ол оқу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қадағалау оқу әрекеті ретінде оқу әрекетінің соңғы нәтижесі бойынша материалдық меңгерілу сапасын тексеру емес, оқу әрекетінің барысымен жүріп , оқушының қажетсіз ойлау амалдарын (белсенді қадағалау әрекеті) оқылып жатқан жарияға мән мен мазмұны жағынан сәйкес келуін белсенді тексеру. Оқу әрекетінде білімді меңгеру процесін басқару механизімдерін талдай отырып Н.Ф.Талызина қадағалауды оны реттеудің міндетті құрамдас элементі ретінде қарастырады.
Егер басқарушы әрекеті бағдарламаға сай жүзеге асып жатса , онда түзетуге қажет қосымша әрекеттің қажеті болмайды. Бірақ бағдарламадан сәл ауытқу пайда болса , педагог бірден түзету шараларын қолданады.
Сондықтан судентті алғашқы күннен қадағалаудың оқу әрекетіне үйрету қажет әғни өзін -өзі қадағалауға үйрету. Ол арнайы үйретілмейді , оны оқу әрекетінің жағдайын үйрету керек.Оқу әрекеті , студент өз әрекетінің әр кезеңін біртіндеп орындауға , оны қадағалауға мүмкін болатындай ұйымдастырлуы қажет.
Оқу әректіндегі педагогикалық қадағалаудың негізгі функцияларына (қызметтеріне) мыналар жатады.
Өткен материалдарды студенттің меңгеру сапасын тексеру және осы сапаны бағалау.
Барлық студенттің оқу бағдарламасын меңгеруінің жалпы орташа деңгейін анықтау және алға қойылған мақсат пен оқу нәтижесін салыстыру арқылы оқу процесінің тиімділігін бағалау.
Байқаған кемшіліктерді жоюға байланысты негізгі түзету шараларын және жеткен жетістіктерді көтеру шараларын жоспарлау (тәжірбиені оқып , тарату, оқытудың тиімді әдіс тәсілдері , С.О.Ж ұйымдастыру және т.б.).
Педагогикалық қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін мына шарттар орындалуы қажет.
Қадағалаудың әділдігі.
Екі жаққа да белгілі обьективті критерилерге негізделген болуы керек.
Қадағалау және оның нәтижесі бәріне жария болуы қажет, бұл олардың қатесін түзеп , негізді қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы педагогикалық қадағалау деп оқытушынан күнделікті әрекетін айтуға болады. Ол кері байланыс негізінде алған мәліметтерге қандайда болмасын түзетулер енгізеді. Бұл лекция барысында түскен түрлі белгілер негізінде оқытушының түзету енгізуі. Лобороториялық және практикалық сабақтарда ол студенттің белсенділігнің , айта алмау себесін іздейді, және осы сабақта алған кемшіліктер жойылады. Бұл түсніксізді түсіндіру, және т.б. Семинар , пікірталас.
Беделді оқытушылардың тәжірбиесі студент білімін қатал әрі әділетті бағалауда әдістемесіне қатысты бірнеше қортындылар жасауға итермелейді.
Оқытушының студент сенімді болса, онда ол жақсы дайындалған, әрі жүйелі дайындалды, оған жоғары баға қойылуы керек деген ойы.
Кез келген творчествалық қызметтер әрі , тәжірбиелі оқытушы емтиханға оқыту процесін реттеудің тиімді құралы деп қарауы.
Оқытушы алдын ала студентке қандай талаптар қоятынын ескертеді.
Принциптілікке негізделгенін бағалау.
Оқу әрекетінде, оқу әрекетінің негізгі бөлігі ретінде білімді қадағалау болып табылады. Психолог Д. Толлингерова өз еңбегінде оқу әрекеті барыснда жіберлетін қателер түрін, оларды ескеру технологиясын қарастырады. Ол қателерді бірнеше түрге бөледі.
Көпке тән қателер
Жекелеген қателер
Қажет және кездейсоқ қателер
Жіберуге және жібермеуге болатын қателер
«Ақылды» қателер
Қателерді бұлай бөлу оқытушының оқу әрекетін қадағалауға бағытталған емес, сонымен қатар студентердің өзін-өзі қадағалауға бағыталған.
Көпке тән қате - деп көпшілік оқушылар жіберетін қатені айтады.
Ал жекелеген қателер жеке индивидте кездеседі. Көпшілік қате оқытушының методикалық әрекетінен туындайды. Ал жеке қателер оқушының дұрыс емес әрекетінен шығады.
Сөйтіп көпшілік қате оқытушының өзінің әрекетін түзеуге қажетті сигнал болып табылса, жеке қателар оқушы әрекетінің қатесін түзетуге сигнал болып табылады.
«Жіберуге болатын» қателар дегеіміз пәнді меңгеруге қатысы жоқ, пән меңгеру барысына қатысы бар қателер.
«Жіберуге болмайтын» меңгеру толық емес екендігін көрсетеді және мәнді қате деп есептелінбейді. Жіберуге болмайтын қателерді түзету оқу процесінде пайдадан гөрі зияны тиеді.
Себебі: мәнсіз қателерге аса назар аудару түзету жұмысына пәндік әрекет сипат береді. Мәнсіз қателер қадағалаушы, түзетуші әрекетінің объектісіне айналмаса, ол өздігінен жойылып кеткен болар еді.
Қажет қателер оқу әрекетінен заңды түрде шығып отырады. Қажет қателерді алдын ала жоспарлап кездесуін бағдарлауға болады.
Кездейсоқ қателерді түзеу оқытушының өзінің қадағалаушы, түзетуші әрекетінің жоспарлау көмегімен байланысты.
«Ақылды» қателер – деп оқушының ізденімпаздық интелектуалдық әрекетінің, ойлаушы творчестволық интелектуалдық процесінің болуын айтады.
«Жіберуге болмайтын қателер» оқу материалы жұмыс істеуге пәндік әрекеттен мақсатты дұрыс түсінбегенде болатын қателер.
Бұл қателер оқушының білімсіздімен білмеуінен болмайды. Ол оқушының творчестволық ойлауын, интелектуалдық әрекетіне байланысты болады. Оқытушы осындай қателердің пайда болуына жағдай жасайды.
Қателерді типтерге бөлуі психологияны оқытушысына қадағалау және бағдарлаудың тиімді критериларын береді.
Қадағалау функциясының оқу әрекетінің міндеттерінде екі факторға байланысты өзгеріп отырады.Міндеттердің сипатының өзгеуіне байланысты, репродуктивті міндеттердің творчетволық міндеттерге айналуы.
Жекелеген оқу әрекетінің біріккен оқу әрекетіне айналуы мұнда еліктеу бірге аталып мәселені шешу және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |