Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар


ҚР МФ бойынша қайнаталар мен тұндырмаларға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85281
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
ҚР МФ бойынша қайнаталар мен тұндырмаларға қойылатын талаптар: 

Сипаттамасы; 

Идентификация; 

Салыстырмалы тығыздық; 

Этанол құрамы; 

Метанол және 2-пропанол құрамы; 

Құрғақ қалдық; 

Кептіру кезінде массаның жоғалуы 
- Салыстырмалы тығыздық. 
Сыналатын экстрактты цилиндрге құйып, оған ақырындап таза әрі құрғақ ареометр 
салады. Ареометрдің жүзіп жүргеніне көз жеткізбейінше оны қолдан жібермейді. Сондай-
ақ ол цилиндрдің қабырғасы мен түбіне тимеу керек. Есептеу сұйықтықтың төменгі 
менискісіне сәйкес Ареометр шкаласына бөлу бойынша батырылғаннан кейін 3-4 
минуттан кейін жүргізіледі. 
Этанол.
Ареометриялық әдіс. 20°С температурада алынған 50.0 мл экстрактты колбаға құйып, 200-
300 мл дистилденген су құяды. Колбаға өткізгіз, тоңазытқыш жалғап, дистилляция 
жүргізеді. Сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш колбаға 180 мл-ден кем емес дистиллят алады. 
Дистиллят температурасын 20°С келтіріп, осы температурада көлемін 250мл-ге дейін 
дистилденген сумен толтырады. Дистиллятты диаметрі ареометр корпусының енінен 6 
мм-ден кем емес асатын цилиндрге ауыстырады. Этанол құрамын кесте бойынша есептеп, 
0,1-ге дейін жуықтайды. 
Метанол және 2-пропанол.
Сынауды газды хроматография әдісімен жүргізеді.
Ішкі стандарт ерітіндісі. 1 мл пропанол көлемін 100 мл-ге дейін сумен толтырады.
Сыналатын ерітінді. 1 мл ішкі стандарт ерітіндісіне 4 мл экстракт құйып, көлемін 20мл-ге 
дейін сумен толтырады.
Салыстыру ерітіндісі (а). 1м метанолға 1мл 2-пропанол қосып, 100 мл-ге дейін сумен 
толтырады. Алынған ерітіндінің 1 мл көлемін 20мл-ге дейін сумен толтырады.
Салыстыру ерітіндісі (b). 1 мл сусыз этанолды 50 мл-ге дейін сумен толтырады.
Салыстыру ерітіндісі (с). 1 мл ішкі стандарт ерітіндісіне 1мл салыстыру ерітіндісін (b), 
2мл салыстыру ерітіндісін(а) қосып, көлемін 20 мл-ге дейін сумен толтырады.
1мкл сыналатын ерітінді мен салыстыру ерітіндісін(с) 3 реттен кем емес 
хроматографиялайды. 


Элюирлеу тәртібі: метанол, этанол, 2-пропанол, 1-пропанол.
Этанол шыңын ұстап тұру уақыты 5.3 мин құрайды. Шыңдарды ұстап тұрудың 
салыстырмалы уақыты: метанол – 0.8, 2-пропанол – 1.2, 1-пропанол – 1.6.
Салыстыру ерітіндісі (с) хроматограммасындагы метанол мен этанол шыңдарының бөліну 
коэффициенті 5-тен кем болса, хроматографиялық жүйесі жарамды деп саналады. 
Құрғақ қалдық.
2 г немесе 2 мл экстрактты диаметрі 50 мм, биіктігі 30 мм бюксқа салады. Су моншасында 
буландырып, кептіру шкафында 100°С-105°С температурада 3 сағат кептіреді. Фосфор 
оксиді эксикаторында салқындатып, өлшейді. Нәтиже салмақтық пайызбен немесе 
граммның литрге қатынасында корсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет