79-жаттығу. Қосымша жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысы өзгеріп кететін
он бес сөз жазып, оның себебін түсіндіріңіздер.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы
Соңғы буынында не бір буынды сөзде
у дыбысы бар орыс тілінен енген
сөздерге
Орыс тілінен енген сөздердің
соңғы буынында я әрпі болса
Х
дыбысына
аяқталған сөздерге
автобусқа, курстың
поляктар, разрядшы
цехқа, тарихшы
80-жаттығу. Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс
жалғануын есте сақтаңыздар.
І. Акварель, коллоквиум, диск, актив, заряд, гастроль, дифирамб, гонг,
алкалоид, грамм, коттедж, гладиолус, дефольт, инфаркт, аллерголог, колледж,
алоэ, аммоний, антибиотик, антрополог, викинг, апартеид, дивиденд,
журналист, инстинкт, артикль, археолог, дифтонг, астероид, контакт, аффикс,
бактериолог, бенефис, бифштекс, бокс, бромид, диалект, актер, имидж, киоск,
консерв, консонанс, конспект, конфликт, коряк.
ІІ. Акваланг, дирижабль, аквариум, бронхит, аккорд, бронетанк, катафалк,
акт, вальс, альпинист, анод, гидролог, анапест, антипод, антракт, антропофаг,
аншлаг, капсюль, арабеск, дифтонгоид, аспект, алкоголь, ведомость, аспирант,
кабель, атеист, аффект, ашуг, аэронавт, бакенбард, баланс, бандероль, банк,
акцепт, барий, белудж, бемоль, бланк, блок, блюминг, браунинг, бридж,
букинист, бумеранг, бундестаг, бутерброт, варяг, бульдог, дебют, демиург,
диалог, дизель, дуэль, дуэт, иероглиф, интервью, каноэ, коллоид, консьерж.
81-жаттығу. Төмендегі сөздердің бірінші тобына дауыстыдан басталатын
қосымша, екінші тобына дауыссыздардан басталатын қосымша жалғап, емле
ережесіне сай жазыңыздар.
30
І. Фестиваль, жүрек, князь, ойын, тап, полк, қас, салық, кітап, принцип,
халық, тип, тарих, жап, тарақ, руль, Донбасс, кеп, дуэт, парк, дизель, балық,
ансамбль, шаш, класс.
ІІ. Кристалл, куә, С.Жүнісов, бұрын, ҚазТАГ, факт, кубок, күмән, кінә,
Гримм, ЮНЕСКО, Науаи, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, кросс, МТЗ-82, подъезд, киоск,
Кузбасс, сөз, актер, күнә, ПМПИ, Күләш, тест, педагог, пассив, фонд, клуб,
полюс, парад, Түрксіб, сән, геолог.
Достарыңызбен бөлісу: |