Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет51/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 


66 
135-жаттығу. Абай өлеңдеріндегі қаратпа сөздерді тауып, мәтінді көшіріп 
жазыңыздар. Қаратпа сөзге байланысты қойылған тыныс белгілерін 
түсіндіріңіздер. 
Жүрегім, нені сезесің 
Сенен басқа жан жоқ па? 
Дүниені, көңілім, кезесің, 
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! 
*** 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. 
*** 
Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, 
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. 
Жан құмары дүниеде немене еккен –
Соны білсең әрнені білгендерің. 
*** 
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? 
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. 
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, 
Сырласалық, бермен қайт. 
136-жаттығу. М.Шаханов өлеңдерінен қаратпа сөздердің сөйлем ішінде 
орналасу тәртібіне қарай 2 мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
Қаратпа сөз басында 
Қаратпа сөз ортасында 
Қаратпа сөз соңында 
137-жаттығу. Драмалық шығармадағы қаратпа сөздерді тауып, сөйлемнің 
қай шенінде келгенін айтыңыздар, тыныс белгілерінің қойылуын 
түсіндіріңіздер. 
Қанапия мен Шәрбану 
(Үзінді) 
Шәрбану кіріп келіп, Қанапияны көріп, именген, қуанған сипатты қызарып, 
шешесінің қасына келіп, бір қолымен жер таянып отыра кетеді. 
Қанапия (қозғалып, ажарланып). Көңілі-қарың тиыш па?! 
Шәрбану (бір қолымен иегін ұстап). Шүкір. 
Ұмсынай. «Кімді айтса, сол келеді» деген рас-ау, сені ауызға алғанымыз сол 
еді. 
Шәрбану (Қанапияға көзін төңкеріп, қылымси қарап). Апа, менің не керегім 
бар? 


67 
Ұмсынай. «Қайда кетті» деп Қанаш сұрағанға айтам. Қарағым, Қанашқа 
самауыр қайнат. Ана шелекте су тұр. 
Шәрбану (ынтасы Қанапияға ауып, апасының сөзін естімейді). Апа, маған 
не істе дедің? 
Ұмсынай (ұршығын иіріп отырып). Қанашқа самауыр қайнат деймін. 
Шәрбану (аздан соң). Ағаш бар ма еді, апа? 
Ұмсынай. Ескі қораптың малы жатқан, түйенің құмалағын қосып 
қайнатарсың! 
Шәрбану (көңілі бөлініп отырып). Апа, әлгі не қайда? Немене еді? Есімнен 
шығып кеткенін қарашы. Е, сіріңке, сіріңке. 
Ұмсынай. Сіріңке жүктің арасында шығар. (Шәрбану шелекті алып 
шығады.) (Ж.Аймауытов) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет