Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет48/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
127-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп, 
дауыс ырғағымен оқып көріңіздер. 
Үйлеріне келсе-ақ есіктерін жауып алады, бұ не деген тірлік?! Есігін 
құлыптап та адам өмір сүре ме екен? (Ш.А.) Әке деген сорлыға өз баласының 
өзгеден естіп жатқан лағынеті мен жеген таяғын көру оңай ма?! (Ш.А.) Апырау, 
сағына күткен сол ертең қашан келер екен десеңші!? (С.Ш.) Адам көңілі 
ғажайып үндерге, ғажайып сырларға тұнып тұрған нәзік перне сияқты емес пе?! 
(С.Ш.) Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне 
сай келді ме?.. (М.Ә.) Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну 
үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артық саналу үшін, соны арман етіп, бар 
жігер-қуатын соған жұмсап, дегеніне жете алмай өледі. (Кімнің ақылды 
болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, кімнің атақты болғысы 
келмейді, кімнің әділ, кімнің қатал, кімнің батыл болғысы келмейді дейсіз?..) 
(Ш.А.) Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын 
жүз жоқ. (М.Ә.) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге 
екені белгісіз, қаймығады. (Б.М.) 
128-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын құбылта оқып, тыныс 
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. 
Ұран 
Қазағым, қақтықпа, қамалма! 
Ел болар қамыңды амалда! 
Кетті түн, атып таң, шығып күн 


61 
Сал малды, сал жанды аянба! 
Мал баққан, жай жатқан ел едік, 
Бейнетті көп тартқан ер едік, 
Қаны жат, тілі жат, діні жат 
Жат елден таяқты жеп едік. 
Жатқа жем бай едік, кен едік, 
Бағың жоқ биліктен кім едік, 
Партия сұрқия, қым-қиғаш, 
«Басы аман» көп надан сен едің. 
Зарыққан, талыққан шағыңа 
Тап болды бостандық бағыңа! 
Ұйымдас, ұрандас, жағалас! 
Сен де мін бабаңның тағына! 
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, 
Терезең төремен болды тең. 
Намыстан, қайраттан қатарға ен! 
Басқадан кем болған сенің нең? 
Ұраным, қорғаным, сен Алаш! 
Жолыңа құрмалдық мал мен бас! 
Өнер тап, өрге шап, қару ат. 
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! (Ж.Аймауытов) 
129-жаттығу. Көркем шығармалардан қабаттаса келген тыныс белгілерінің 
әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. 
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы 
Мысалы 
Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
Сұраулы не лепті сөйлемдегі ой аяқталмаған жағдайда
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерде
Төл сөз бен автор сөзі арасына
Ремаркамен келген драмалық шығармаларда
130-жаттығу. Өздеріңіздің қатты қуанған кездеріңізді еске түсіріп, сол 
сезімдеріңізді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып жазбаша түрде 
суреттеңіздер. 


62 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет