Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
266-жаттығу. «Тыныс белгілері – шығарма ажары» тақырыбына ойтолғау 
жазыңыздар. 
 
267-жаттығу. Өлеңдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
 
Бір адамға 
Бір үйде жиюлы екен қазына мал
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал: 
«Бұрынғы атамызға сыйға берген, 
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..» 
 
Ол рас, аталарың шенге алыпты, 
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. 
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, 
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты! 
 
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,  
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын», 
Соншама құны толық бұлды түйме, 
Артында қалдырмас па жақсы даңқын? 
 
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, 
Артқыға қандай егін еккеніңіз? 
Жусақ та денемізден кетер емес, 
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз». 
 
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, 
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп: 
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?» 
Демейінше болмады, қарап жай-ақ! 
 
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп, 
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба», – деп, 
Кесені қолыма алып қарай бердім: 
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп. 
(С.Торайғыров) 

 
185 
 
268-жаттығу.  Қате  қойылған  тыныс  белгілерін  тауып,  тиісті  орнына 
қойыңыздар. 
Сараңдық пен жинақтылық 
Бірнеше  тәуір  кісілер,  бір  жетім-жесір  қалған  үй  үшін  жылу 
жиямыз  деп  әр  үйге  қыдырып  барып  жүріп  бір  байдың  үйіне  келсе 
бай  жұмыскеріне:  «бір  кішкентай  жіпті  жаңбырда,  ұмытып  далада 
қалдырыпсың», – деп қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады 
«Сен  білмейсің  ол  кішкентай  ғана  жіп  те  болса,  малға  сатып 
алынған нәрсе: малдың табылуы оңай емес» – деп. 
Мұны  естіп;  көріп;  әлгі  жолаушылар  өзді-өзі  сөйлесті  –  Бір 
жаман  жіпті  далада  ұмытып  қалдырдың,  –  деп  сонша  кейіп  тұрған 
адам  бізге  еш  нәрсе  бере  қоймас,  аузымызды  ауыртпай,  келген 
ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты: 
«Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік». 
Бұл сөзбен  байға келіп, сәлем берді.  Бай бұларды  әдеппен үйіне 
кіргізді.  Сонан  соң,  келгендердің  жұмысын  естіп,  сол  жердің  өзінде 
бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа 
төрт-бес  қап  астық  беремін  деп  уәде  етті.  Мұнысын  көріп 
жолаушылар  таңданып  отырды  да,  өздерінің  далада  байды  сараңға 
қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты: 
«Аз  нәрсені  азсынбай,  қадірін  біліп  жинағаннан  осындай  кем-
кетікке  жәрдем  беруге  қолым  жетісті;  жинақтылық:  сараңдыққа 
қосылмайды?» – деді. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
269-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық  – әр адамға керекті 
ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-
анасын  ардақтаса,  сол  ата-анадан  бірге  туған  бауырларымен  тату 
болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол 
адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің 
ата-анасын  құрметтемейді.  Үйде  бауырмал  болмаған,  түзде 
интернационалист  болмайды.  Өз  ауылының  тасын  сыйламаған,  өзге 
ауылдың  тауын  қадірлемейді.  Өз  ұлтын  жақсы  көрмеген,  өзге 
ұлттарды  ұнатпайды.  Мұны  ұлтшылдықпен  шатастырмау  керек. 
Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі шарт. 
Намыс  –  азаматтың  алтын  туы.  Әке-шешесін  сыйлаған  балада 
ғана  намыс  болады.  Оларды  ұялтпайын,  сүйегіне  таңба  түсірмейін, 

 
186 
өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын 
дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз үйі. 
Патриотизм  –  «Отаным  сені  сүйемін.  Сен  үшін  құрбан  болуға 
әзірмін»  деп  құрғақ  сөзді  гүмпілдете  беру  емес.  Ол  –  формализм. 
Елді,  жерді,  Отанды  сүйетіндігіңді  сөзбен  емес,  іспен  дәлелде.  Ата-
анасын  сыйлаған  шәкірт,  студент  сабағын  да  жақсы  оқиды,  тәртібін 
де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. 
(Ә.Нұршайықов) 
 
270-жаттығу.  М.Мақатаев  өлеңін  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерінің 
қойылу  мәнін  түсіндіріңіздер.  Егер  сіздер  осы  өлеңді  қабылдаудағы  өз 
тебіреністеріңізді  жеткізгілеріңіз  келсе,  онда  қандай  тыныс  белгілерін  қосқан 
болар едіңіздер? Ойларыңызды дәлелдеңіздер. 
 
Музаға 
Отырғанын қарашы күйім келмей, 
Қайда кеттің? 
О, Муза! Құйын желдей. 
Аузымды ашсам, өкпемнен жел үреді, 
Қаңыраған иесіз диірмендей. 
Мұздатады жанымды бұйым көрмей. 
 
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, 
Күйім келмей отырмын неліктен мен?! 
О, Муза! 
Қайдасың сен желік берген? 
Жалын мен отқа ғана ерік берген 
Серігім, қайдасың сен сеніп келген? 
 
Дәптер жатыр парағы аударылмай, 
Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! 
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, 
Тонна-тонна қорғасын салмағындай. 
О, Муза! 
Әуреге салғаның-ай! 
 
Күтемін сенен үміт, сенен жігер, 
Қисаң маған, биік пен тереңді бер! 
О, Муза!  

 
187 
Маған алыс сөреңді бер! 
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер. 
(М.Мақатаев) 
 
271-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің 
қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
 
Байұлы 
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, 
біреу  атына  мінгенде,  бір  бала  жыламсырап  қарап  тұрып  қалады. 
Мұны көріп, Байұлы қасына барып: 
– Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. 
Бала қамығып: 
– Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – деді. 
Сонда Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: 
–  Мен  атқа  мінгенде,  ер-тоқымымен  маған  бір  жорға  тай  атап 
едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? – деді. 
Әкесі: 
– Кімге бересің? – деді. 
Бала  қысылыңқырап  тұрып,  жаяу  жылап  тұрған  жарлының 
баласын көрсетті. 
Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп: 
– Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, – деді. 
Сонан  соң  Байұлы  қуанып,  тайды  ерттетіп,  манағы  балаға  әкеп 
беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. 
Сол  уақытта  бір  ақсақал  жақсы  кісі  қонақ  болып  жатыр  екен; 
Байұлының  әлгі  мырзалығын  көріп,  разы  болып,  сыртынан  бата 
берді: 
– Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, – деп. 
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл 
туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру 
сонан болды деседі. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
272-жаттығу.  Мәтіндердің  қате  қойылған  тыныс  белгілерін  тауып,  тиісті 
орнына қойыңыздар. 
І.  Адамгершілік  дегеніміз:  дүниедегі  ең  асыл  қасиет.  Адам 
жанының  рухани  тазалығы,  оның  қоғамдағы,  жеке  адамдар 
арасындағы  игі  істер,  бауырмалдық,  туысқандық,  жанашырлық, 

 
188 
сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтіліктің – бәрі де – адамгершіліктің 
ұшқыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне 
қарап  бағалау  дұрыс  емес.  Қызмет  те,  орта  да,  киім  де  уақытқа 
байланысты  өзгеретін  нәрсе,  өзгермейтін  тек  жан  сұлулығы  да; 
сонымен  бірге,  жүрек  жылуы  болуға  тиіс.  Адамның  адамгершілік 
қасиеті  әрқашан  биіктен  ізеттілікпен  көрінуі  парыз.  Ел  басына  күн 
туған  қатерлі  жылдары  –  жанын  шүберекке  түйіп;  Отанын,  туған 
жерін,  болашағын  қорғаған  абзал  әке-аталарды,  еңбек  ардагерлерін, 
үлкендерді  сыйлау,  құрметтеу,  кішіге  қамқоршы  болу  (жастардың 
абыройлы борышы). Адамгершілік қасиетімізге кір келтірмейік. 
 
ІІ.  Тымақ:  ерлердің  қысқы  бас  киімі.  Оны  –  аңның,  малдың 
терісінен тігеді. Осыған орай ол: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең 
тымақ, пұшақ тымақ, – деп атала береді. Бұрын қазақ елі қай жүздің, 
қай  рудың  адамы  екенін  осы  тымағына  қарап  та  тани  берген.  Яғни, 
«Арғын тымағы», «Жалайыр» мен «Найман тымағы» немесе «Торғай 
тымағы», «Семей тымағы» деген үлгілері болған. 
Тымақ:  биік  төбелі,  маңдайы,  екі  құлағы  бар,  желке,  жотаны 
жауып  артқы  етектен  тұратын  жылы  бас  киім.  Сыртын  берік  және 
жақсы,  қымбат  маталармен  тыстайды.  Екі  құлағына  ызбалы  бау 
тағады.  Етегін  төбеге  қайырып  қою  үшін  тымақтың  артқы  жағына 
тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. 
Оны «құрысқақ» дейді. Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан Абай 
былай деп жазған: 
– Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ, 
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ. 
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,  
Артын белге қыстырған бар құрысқақ. 
Тымақ:  қасиетті  бас  киім.  Оны  айырбастауға  болмайды:  аяқ 
тигізбейді.  Жақсы  кісілердің  тымағы  атадан  балаға  мұра  есебінде 
қалып отырған. Бұрынғы қазақтар шала туған баланы неше күні кем 
болса; сонша күн тымаққа салып; кереге басына іліп қоятын болған. 
Бұл да – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі 
деп түсіну керек. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
273-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,  ережесін 
түсіндіріңіздер. 
 

 
189 
Сөздің атасы мен анасы 
Қаздауысты  Қазыбектің  атағы  шығып  тұрған  кезде  аулына  бір 
саудагер келіпті Түстеніп болған соң Қазыбекке 
Сізден  бір  сөз  сұрайын  деп  едім  депті  Бір  керуен  едік  өзара 
дауластық  та  ойластық  та  бірақ  шешуін  таба  алмай  қойдық  Сөздің 
атасы кім анасы кім 
Қазыбек ойланып қалады 
Япырай  өзбектің  саудагері  ғана  білмейді  екен  десек  қазақтың 
Қазыбегі де білмейді екен ғой биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз 
деп саудагер үйден шығып кетеді 
Қазыбек  орнынан  ұшып  тұрып  іле-шала  тысқа  шықса  саудагер 
асығыс атқа мініп қалған екен 
Япырай  саудагердің  ісі  сарт-сұрт  деген  рас  екен  ғой  Артыңа 
қарамай  аттанғаның  не  Әлгі  сөздің  шешуін  іздеп  ендігі  жылы  тағы 
келіп  саудаңнан  қаларсың  артыңа  қарамайтын  болып  кет  Сөздің 
атасы бірлік анасы шындық Жолың болсын жүрген жеріңе айта жүр 
депті Қазыбек 
(Шешендік сөздер) 
 
274-жаттығу.  Сөйлемнің  тыныс  белгілеріне  назар  аударып,  неліктен 
қойылып  тұрғанын  түсіндіріңіздер.  Сөздің  құдіреті  жайында  өз  ойларыңызды 
білдіріңіздер. 
 
Сөз құдіреті 
Баршамызды да ана тіліміздің көсегесін көгертіп, қолдану аясын 
кеңейту,  мемлекеттік  тілдің  қамы,  туған  тіліміздің  тылсым 
иірімдеріне  деген  құмарлық  толғандырары  аян.  Мен  тіл  маманы  не 
әдебиет  маманы  емеспін.  Тек  ана  тілін  құлай  сүйетін  жандардың 
бірімін. 
Сөз құдіреті! 
Оның  бітпесті  бітірген,  жетпесті  жеткізген,  үзілгенді  жалғаған 
мүмкіндігі.  Бір  ауыз  сөз  опық  жегізіп,  өмір  бойы  өзегіңді  өкінішке 
толтырса,  бір  ауыз  орынды  айтылған  пікір  жадыңда  жатталып, 
қуанышқа, бақытқа жеткізері ақиқат. 
Ұлы ғұламалар сөз құдіреті туралы талай ұлағатты ойлар айтқан. 
Артына  90  томдық  туынды  қалдырған  орыстың  ұлы  жазушысы 
Л.Н.Толстой:  «Сөз  –  ұлы  нәрсе.  Оның  ұлылығы  мынада:  сөзбен 
адамдарды біріктіруге болады; сөзбен оларды алшақтатуға да болады; 
сөзбен  махаббат  отын  тұтата  аласың;  сөзбен  жауласуға  да,  арбасуға 

 
190 
да барасың. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын сөзден сақтан. Тіл 
– ұлттың жан дүниесі», – деген. 
Иә,  тіл  –  ұлттың  жан  дүниесі!  Расында  да,  қазақ  халқының 
басында  талай  қиын  нәубеттің,  зұлматтың,  қайғылы  күндердің 
болғаны  тарихтан  белгілі.  Қоралап  айдаған  малдың  қиқулап  қуса, 
жаудікі  екендігін,  борандадып  соқса,  жұттікі  екендігін,  үйге  жиған 
жиһаз-мүлкін,  бағалы  тастарын,  халық  айтқандай,  «Арпа-бидай  ас 
екен, алтын-күміс тас екендігін» өмір талай дәлелдеді. Осындай ауыр 
сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың 
өзімен бірге алып кетер бар байлығы – ана сүтімен санасына дарыған 
ана тілі ғана. 
(Ө.Озғанбаев) 
 

 
191 
Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмалары 
 
1. «Пунктуация» деген сөздің латын тілінде білдіретін ұғымы 
А) үтір 
В) жақша 
С) нүкте 
Д) кідіріс 
Е) интонация 
2. Үтірді алғаш рет кітапқа енгізген адам 
А) Н.Н.Пантусов  
В) С.Е.Малов 
С) Альд Мануций 
Д) Марк Теренций Варрон 
Е) Вараручи Катьяна 
3.  Мазмұны  әуендес  болып  келетін  бірыңғай  сөйлемдердің 
әрқайсысынан кейін қойылатын тыныс белгісі 
А) көп нүкте 
В) қос нүкте 
С) нүктелі үтір 
Д) леп белгісі 
Е) сұрау белгісі 
4.  Ма,  ме,  па,  пе,  ба,  бе  шылауларынан  кейін  қойылатын  тыныс 
белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) нүкте 
Д) көп нүкте 
Е) қос нүкте 
5.  Сөйлем  ішіне  оның  бір  мүшесі  ретінде  кіргізілген  дәйексөзге 
қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) нүкте 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
6. «Бұлар өндіріс озаттары» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс 
белгісі 
А) сұрау белгісі 

 
192 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
7.  Ол,  бұл  деген  есімдіктерден  болған  бастауыштар  көпше  тұлғада 
тұрса, олардан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
8.  Бастауыш  –ған/-ген,  -қан/-кен  жұрнағымен  жасалған  есімшеден 
болса,  баяндауыш  зат  есім,  есімше,  есімдіктен  жасалғанда, 
бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
9. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден 
болғанда, екеуінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
10.  «Жаяу  Мұса  Біржан  бастаған  Арқадағы  әншілер  тобының 
көрнектілерінің бірі» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
11.  Бастауыш  бірі,  біреуі,  екіншісі,  біріншісі,  көбі  деген  сөздерден, 
баяндауыш атау тұлғадағы зат есім мен –у жұрнақты етістіктен басқа 
сөз  таптарының  бірінен  болса,  бастауыштан  кейін  қандай  тыныс 
белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 

 
193 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
12. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, соңғысы деген заттанған 
сан  есім,  сын  есімдерден  және  көбі  деген  сөзден,  баяндауыш  атау 
тұлғадағы  зат  есімнен  не  тұйық  етістіктен  болғанда,  бастауыштан 
кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
13.  Бастауыш  өзінен  кейінгі  сөзбен  тіркесіп,  сөйлемнің  басқа  бір 
мүшесімен  шатасып  кететін  болса,  одан  кейін  қандай  тыныс  белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
14.  Сөйлемнің  бір  бөлігі  мұның  себебі,  оған  себеп  деген  сияқты 
сөздерден  жасалып,  екінші  бөлігі  тұтас  сөйлем  болып  келсе  қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
15.  «Бар  болғыр,  жай  болушы  ма  еді?»  деген  сөйлемдегі  үтірдің 
қойылу себебі 
А) қыстырма сөз 
В) қаратпа сөз 
С) оңашаланған айқындауыш 
Д) құрмалас сөйлем 
Е) одағай  

 
194 
16.  Бастауыш  зат  есім  не  заттанған  басқа  сөз  таптарынан  болып, 
баяндауыш болымсыздықды білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің 
бірінен болса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) үтір 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
17. 
Мақал-мәтелдерде, 
афоризмдерде, 
өлеңдерде 
сөйлемнің 
баяндауышы  түсіріліп,  ықшамдалып  айтылғанда,  бастауыштан  кейін 
қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
18.  Сөйлем  мүшелерінің  әдеттегі  орны  ауысып  келгенде  қойылатын 
тыныс белгісі  
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
19. «Байқаймын, ол мені танитын адамға ұқсайды» деген сөйлемдегі 
үтірдің қойылу себебі  
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
20. «Пәләй Мақұл-ақ Ал ендеше мен нені айттым!?» деген сөйлемде 
қойылатын тыныс белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  

 
195 
21. «Ә дегенше жетіп келді» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс 
белгісі 
А) нүктелі үтір 
В) үтір 
С) сызықша 
 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
22. «Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың 
кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады» деген сөйлемдегі үтірдің 
қойылу себебі  
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
23.  «Ұлы  орыс  халқының  бай  мәдени  мұрасының  бір  саласы  –  оның 
тамаша мақалдары, мәтелдері  –  қазақ халқына аудармалар арқылы 
таныс  болып,  халық  игілігіне  айналып  келеді»  деген  сөйлемдегі 
сызықшаның қойылу себебі  
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) жалпылауыш сөз 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
24. Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе сол 
ойдың ар жағында айтылмай қалған тағы бір ойдың бар екендігін не 
болмаса,  асығып-аптығып  сөйлеуге  байланысты  айтылмақшы 
пікірдің  толық  айтылмағандығын  білдіру  үшін  қойылатын  тыныс 
белгісі 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
25. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш немесе жалпылауыш 
мәнді  сөздер  келсе,  жалпылауыш  сөздерден  кейін  қандай  тыныс 
белгісі қойылады? 
А) үтір 

 
196 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
26.  Жалғаулықсыз  салаласқан  жай  сөйлемдердің  алдыңғысының 
мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, 
мұндай жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) нүктелі үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
27.  Түйген  ойды,  қағидаларды,  ережелерді  дәлелдеу  мақсатымен 
алынған  сөйлемдердің  алдында  мысалы  деген  сөз  қолданылатын 
болса, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір 
28.  Баяндауыштары  тұлғалас  сөйлемдер  бірін-бірі  толықтырып 
тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір 
29.  Жалпылауыш  мәнді  сөйлемнің  мәнін  ашып  тұратын  шартты 
бағыныңқылы  сабақтас  құрмаластар  қандай  тыныс  белгісімен 
ажыратылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір 
30.  Баяндап  отырған  мәселеге  автордың  көзқарасын,  өзіндік  пікірін 
түрліше сезімін аңғарту үшін қолданылатын сөздер 

 
197 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
31. Сөйлем мағынасын айқындауға қатысы бар, бірақ сөйлемнің өзге 
мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін сөз 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
32. Жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем 
А) сұраулы 
В) бұйрықты 
С) лепті 
Д) хабарлы 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
33.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  жинақтау,  оның  мәнін  ашып, 
тұжырымдау мақсатында қолданылатын сөздер 
А) бірыңғай мүшелер 
В) жалпылауыш сөздер 
С) оқшау сөздер 
Д) айқындауыштар 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
34. Біреудің ойлаған ойын, пікірін, топшылауын білдіретін сөздер мен 
сөйлемдер 
А) автор сөзі 
В) төлеу сөз 
С) төл сөз 
Д) оқшау сөз 
Е) диалог 
35.  «Сауатты  жазудың  негізгі  шарты  –  тыныс  белгілерін  дұрыс 
пайдалану» (1941) деген мақаланың авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев 
Д) Р.Сыздық 

 
198 
Е) Б.Әбілқасымов 
36.  «Сөйлемнің  тыныс  белгілерін  дұрыс  жаза  білейік»  (1939)  атты 
мақаланың авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев 
Д) Р.Сыздық 
Е) Б.Әбілқасымов 
37.  «Қазақ  сөйлемінде  үтірдің  жазылатын  орындары»    (1936)  деген 
мақаланың авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев 
Д) Р.Сыздық 
Е) Б.Әбілқасымов 
38. «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» атты еңбектің авторы 
А) Н.Оралбай 
В) Ф.Мұсабекова 
С) Р.Сыздық 
Д) К.Аханов 
Е) Ә.Қайдар 
39. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды  –  неге  екені 
белгісіз, қаймығады. 
В)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  –  неге  екені 
белгісіз, қаймығады. 
С)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  неге  екені 
белгісіз, қаймығады. 
Д)  Ұлболсын,  –  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  –  неге 
екені белгісіз, қаймығады. 
Е) Ұлболсын – жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды – неге екені 
белгісіз, қаймығады. 
40. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Жоғары  шық,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  –  Ағаңның 
қолына су құй, Ботагөз. 
В)  «Жоғары  шық»,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  «Ағаңның 
қолына су құй, Ботагөз». 

 
199 
С)  –  Жоғары  шық,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  –  Ағаңның 
қолына су құй, Ботагөз. 
Д)  «Жоғары  шық,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  –  Ағаңның 
қолына су құй Ботагөз». 
Е)  –  Жоғары  шық  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек,  –  Ағаңның 
қолына су құй, Ботагөз. 
41. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Ей жігітім, жылап отырсың ба?– деп, таңданып қалды менімен 
бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
В)  –  Ей,  жігітім,  жылап  отырсың  ба?–  деп,  таңданып  қалды 
менімен бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
С) – Ей, жігітім, жылап отырсың ба?– деп таңданып қалды менімен 
бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз! 
Д) – Ей жігітім жылап отырсың ба?– деп таңданып қалды менімен 
бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
Е) – Ей жігітім, жылап отырсың ба,– деп таңданып қалды менімен 
бір купеде келе жатқан қарсы полкада отырған қыз. 
42. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар. 
В) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар? 
С) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
Д) Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
Е) Жүзінде: қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
43. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Бұл не жұмбақ? десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау 
қайдан пайда болды? 
В)  –  Бұл  не  жұмбақ?–  десті  екеуі  қосынан.  Көл  ортасында  бұл 
жалау қайдан пайда болды? 
С)  «Бұл  не  жұмбақ?»  –  десті  екеуі  қосынан.  Көл  ортасында  бұл 
жалау қайдан пайда болды? 
Д)  –  Бұл  не  жұмбақ  –  десті  екеуі  қосынан  –  көл  ортасында  бұл 
жалау қайдан пайда болды? 
Е)  –  Бұл  не  жұмбақ?  –  десті  екеуі  қосынан.  –  Көл  ортасында  бұл 
жалау қайдан пайда болды? 
44. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Сабақ деген сөздегі «са» буыны ашық буын. 
В) Сабақ деген сөздегі -са буыны – ашық буын. 
С) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны – ашық буын. 

 
200 
Д) «Сабақ» деген сөздегі «са» буыны – ашық буын. 
Е) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны, ашық буын. 
45. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Жолдастар, – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
В) – Жолдастар! – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
С) «Жолдастар», – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
Д) – Жолдастар! – деді Павел. – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
Е) Жолдастар деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық. 
46. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) –Менің есебімді бер! – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. 
В)  Менің есебімді бер, – деді, ол Кенжетай ұсталып кеткесін. 
С) – Менің есебімді бер – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. 
Д) «Менің есебімді бер! – деді ол», Кенжетай ұсталып кеткесін. 
Е) «Менің есебімді бер» – деді ол Кенжетай ұсталып кеткесін. 
47. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Сазамбай.  Құп  тақсыр!  Бәрі  болады.  Шайыңыз  да,  майыңыз  да 
табылады. (Дуана кетеді). 
В)  Сазамбай.  Құп,  тақсыр!  Бәрі  болады.  Шайыңыз  да,  майыңыз  да 
табылады. (Дуана кетеді.) 
С)  Сазамбай.  Құп,  тақсыр!  Бәрі  болады.  Шайыңыз  да,  майыңыз  да 
табылады. Дуана кетеді. 
Д) Сазамбай: – Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да 
табылады. Дуана кетеді. 
Е) Сазамбай: – Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да 
табылады. – Дуана кетеді. 
48. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Исатай  Ұмсынайға  қарап:  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май 
беріп жатқан көрінеді. 
В) Исатай: – Ұмсынайға қарап. Азыққа не бересің? Жұрт құрт-май 
беріп жатқан көрінеді. 
С)  Исатай  (Ұмсынайға  қарап.)  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май 
беріп жатқан көрінеді. 
Д)  Исатай  (Ұмсынайға  қарап).  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май 
беріп жатқан көрінеді. 
Е)  Исатай  Ұмсынайға  қарап.  Азыққа  не  бересің!  Жұрт  құрт-май 
беріп жатқан көрінеді! 
49. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 

 
201 
А)  Темір:  –  Еһ  тентек,  қарындасым!  (Қол  алысып.)  Ризамын, 
жаным, бәрін де естідім. 
В)  Темір:  –  Еһ,  тентек,  қарындасым!  (Қол  алысып.)  Ризамын, 
жаным, бәрін де естідім. 
С) Темір. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып). Ризамын, жаным, 
бәрін де естідім! 
Д) Темір: «Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, 
бәрін де естідім». 
Е) Темір. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, 
бәрін де естідім. 
50. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Біраз  жүгірген  соң  Асан  –  күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала  – 
ұйықтап қалды. 
В)  Біраз  жүгірген  соң,  Асан:  күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала 
ұйықтап қалды. 
С)  Біраз  жүгірген  соң:  –  Асан    күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала, 
ұйықтап қалды. 
Д)  Біраз  жүгірген  соң,  Асан  (күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала) 
ұйықтап қалды. 
Е)  Біраз  жүгірген  соң,  Асан  –  күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала. 
(ұйықтап қалды). 
51. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Үш-ақ  нәрсе  –  адамның  қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 
жылы жүрек. 
В) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы 
жүрек. 
С)  Үш-ақ  нәрсе  –  адамның  қасиеті.  Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 
жылы жүрек. 
Д)  –  Үш-ақ  нәрсе  адамның  қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 
жылы жүрек. 
Е)  Үш-ақ  нәрсе  адамның  қасиеті:  «Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 
жылы жүрек». 
52. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) О, шіркін, осы ән ғой, құлақтан кіріп, бойды алар! 
В) О, шіркін, осы ән ғой «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
С) О, шіркін, осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
Д) О, шіркін, осы ән ғой: «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
Е) – О, шіркін! Осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! 

 
202 
53. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  –  Абай,  –  былай  деді,  –  Баланың  жақсысы  –  қызық,  жаманы  – 
күйік. 
В) Абай былай деді: – Баланың жақсысы, қызық, жаманы, күйік». 
С) – Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 
Д) Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 
Е)  «Абай,  –  былай  деді:  Баланың  жақсысы  –  қызық,  жаманы  – 
күйік». 
54. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Айтты көндім, алды бердім, енді өкіндім, өзіме аз. 
В) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім, өзіме аз. 
С) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. 
Д) Айтты – көндім, алды – бердім, енді – өкіндім, өзіме аз. 
Е) – Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. 
55. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
В) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ – енді базарға қарай бет алдық. 
С) Екі ақсақ, бір жел аяқ: үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
Д) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ: енді базарға қарай бет алдық. 
Е) Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
56. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін. 
В) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай сөз бастау үшін. 
С) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай сөз бастау үшін. 
Д) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай, сөз бастау үшін. 
Е) «Бұл үйдің жаны нешеу?» – деді, Итбай сөз бастау үшін. 
57. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  –  Бәле,  бала,  –  деді  Мұхаң  жымиып  күліп,  –  бұл  қулығың  өтпес 
енді. 
В)    –  Бәле  бала,  –  деді  Мұхаң  жымиып  күліп,  –  бұл  қулығың  өтпес 
енді. 
С) Бәле, бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
Д) Бәле, бала – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
Е)  «Бәле,  бала»,  –  деді  Мұхаң  жымиып  күліп,  «бұл  қулығың  өтпес 
енді». 
58. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. 
В) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал үлкен философия. 

 
203 
С) «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия. 
Д) – Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. 
Е) «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал, үлкен философия. 
59. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. 
В) Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. 
С) Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді. 
Д) Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ, – сөйлейді. 
Е) – Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. 
60. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді! – 
деді. 
В) Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді,  – 
деді. 
С) «Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді» – 
деді. 
Д) «Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді», 
– деді. 
Е) – Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, – 
деді. 
 

 
204 
Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары 
 


13 

25 

37 

49 



14 

26 

38 

50 



15 

27 

39 

51 



16 

28 

40 

52 



17 

29 

41 

53 



18 

30 

42 

54 



19 

31 

43 

55 



20 

32 

44 

56 



21 

33 

45 

57 

10 

22 

34 

46 

58 

11 

23 

35 

47 

59 

12 

24 

36 

48 

60 

 
Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары 
 


13 

25 

37 

49 



14 

26 

38 

50 



15 

27 

39 

51 



16 

28 

40 

52 



17 

29 

41 

53 



18 

30 

42 

54 



19 

31 

43 

55 



20 

32 

44 

56 



21 

33 

45 

57 

10 

22 

34 

46 

58 

11 

23 

35 

47 

59 

12 

24 

36 

48 

60 

 
 

 
205 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет