15-жаттығу. Төмендегі сөздердің екінші буынында ұ, ү, ө дыбыстары
айтылғанымен, олардың жазылмау себебін түсіндіріңіздер.
Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі,
бұғы, жауырын, қауын, ғұмыр, домбыра, дүкен, дүние, жұлдыз,
жұмыс, көбік, көгершін, көжек, көде, қоңырау, мүйіз, мойын, мұқият,
мұхит, өлең, өрік, өсек, самауыр, соғым, суыр, төсеніш.
13
16-жаттығу. Мәтіннен құрамында о, ө, ұ, ү, и, у әріптері бар сөздерді теріп
алып, орфоэпия нормасына сай жазыңыздар, өзгеру себебін түсіндіріңіздер.
Көркем әдебиетте әрбір сөздің өз тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге
бай, тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз тауып,
сонысымен бай, сонысымен көркемдікке жетпейді. Халқының тіл
байлығында бар сөздерді дұрыс тұрпатымен пайдаланып, сол қордан
алынған сөздерден жаңа теңеулер, жаңа бейнелеулер арқылы тілге
бай, тілге шебер деп аталады. Әсіресе, дауысты дыбыстар мен
дауысты буындарды кескілеу сөздің тұрпатын бұзумен бірге
сөйлемнің ішкі ырғағын да бұзады. Ат жорғалап келе жатып шауып
кетсе, желіп келе жатып сүрініп кетсе, қалай көрер едік? Сөйлемнің
ырғағын бұзу да соған ұқсайды.
Тіліміздің қорында бар сөздерге жаңа мағына беру жолындағы
табыстарымызға мен Ісләм Жарылғаповтың көрермен, оқырман,
аялдама деп қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мұхтар
Мағауиннің «ірінді суы» да сондай, белгілі түсініктің мағынасын дәл
береді.
Бізде қақ аталатын, шалшық су, жайдақ су деп аталатын
сулардың бәрін де ірінді су деген дұрыс көрінеді.
Біраздан бері жалпы мағынасындағы искусство дегенді өнер деп
атап келеміз. Ана тілімізде сақина-білезік соғуды да өнер дейміз.
Арба-шана істеуді де, үй жонуды, етік тігуді де өнер дейміз.
Туындысы – өнерші. Дұрысында искусствоны басқа өнерлерден
айырып, көркем өнер деуіміз керек. Оның ішіне сурет, музыка, сахна,
экран, би өнерлері ғана кіретін болсын. Көркем әдебиет деген сияқты
көркем өнердің де өзінің асыл тегін көрсетіп тұратын атауы болғаны
дұрыс. (Ғ.Мүсірепов)
17-жаттығу. Төмендегі тіркестердің бөлек жазылатынын есте сақтап,
олармен сөйлем құрастырыңыздар. Ұ, ү әріптерінің сөзде қандай орында
келгенін талдаңыздар.
Ұзын құлақ, ұзын тұра, ұзын сонар, ұзын сүре, ұлы түс, ұлы
сәске, Ұлы жүз, ұн көже, үй басы, үй жолдас, үй жұмысы, үй
шаруасы, үн қату, үн қосу.
18-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, ый, ій әріптерінің тиістісін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер. И әрпінің қандай дыбыстардың орнына жұмсалып
тұрғанын айтыңыздар.
З...ялы, с...ақы, ақм...я, с...қыр, кей...ді, с...лау, т...діру, с...ысу, т...,
14
т...тық, т...ын, т...янақты, т...дыру, с...лы, т...ек, с...палау, с...лық,
с...рақ, с...ыну, с...я, бай...ды, оқ...ды, су...ды, мой...ды, құр...ды,
қағ...да, тақ...я, құнт..., қобд..., жам...ғы, жым...ысу.
19-жаттығу.
Төмендегі сөздермен түрлі сөз тіркестерін жасап
жазыңыздар, сый, тый сөзінен тараған сөздерді дұрыс жазуға жаттығыңыздар.
Сый, сыйақы, сый-қошемет, сый-құрмет, сыйлас, сыйлау, сыйлы,
сыйлық, сый-сияпат, сый-сыбаға, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу,
тыйдыру, тыйылу, тыйым.
20-жаттығу. Көп нүктенің орнына ю, йу, я, иа әріптерінің бірін қойып,
сөздердің жазылуына түсінік беріңіздер.
А...ан, а...т, гор...н, о..., а...анат, бата...қ, ке...ана, д...ана, а...бадам,
қ...аз, а...т, бо...у, ди..., жалпи..., бо...у, м...а, алди...р, ха...анат, а...,
жанқи...р, желқұ...ң, қ...а, қи...қ, қи...л, құрпи..., си...көк, тоти...йын,
уәла...т, ха...ан, аңыра...ды, әкіми...т, бади...н, жа..., қа...з, та...қ.
21-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістік не көсемше жұрнақтарының
бірін жалғап, дұрыс жазылуын есте сақтаңыздар.
Үлгі: оқы + у – оқу, оқы + й – оқи(ды), ...
Ақси, аңқаусы, аңқи, арби, ая, бағжи, бақши, балши, байы, барти,
болпи, борби, борси, кейі, кейки.
22-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап,
емлесін түсіндіріңіздер.
Кемі, тоқы, қасы, шаншы, жібі; ойна, саба, бу, мін, сау, тазарт; ки,
и, қи, жи; сый, тый, той, күй; тік, тақ, жақ, кеп, ық.
Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Буын талғайтын дауыстыларды белгілеңіздер.
A) ә
B) ы
C) ө
D) ұ
E) о
ІІ. Буын талғамайтын дауыстыларды белгілеңіздер.
A) ә
B) і
15
C) ү
D) е
E) а
ІІІ. Қосынды дауыстыларды көрсетіңіздер.
A) ё
B) ө
C) я
D) у
E) и
ІҮ. Екінші буында ұ дыбысы естілетін сөзді белгілеңіздер.
A) болыс
B) жанкүйер
C) ұран
D) туыс
E) құлын
Ү. Екінші буында ө дыбысы естілетін сөзді белгілеңіздер.
A) өнер
B) үдеріс
C) үгіт
D) ұрыс
E) орақ
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Дауыссыздардың жазылуы
Сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің
соңында жазылатын әріптер: б, в, г, д.
Сөздің барлық шенінде (басы, ортасы, соңы) жазылатын әріптер:
ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, һ, ш.
Тек дауыстылардан кейін жазылатын әріп: й.
Ң әрпі сөздің ортасында және соңында, ал ғ әрпі сөздің басында
және ортасында ғана келеді.
Кірме сөздерде жазылатын әріптер: ф, ц, ч, щ.
Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген
сөздерде ғана жазылады, ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы
16
есімдер мен бірен-саран жалпы есімдер және одағайларда жазылады: Фазыл,
Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние), тіфу.
Ь, ъ таңбалары орыс тілінен енген сөздерде айыру және жіңішкелік белгісі
ретінде ғана жазылады: съезд, объект, альбом, асфальт, вексель.
23-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, дауыссыз әріптердің сөздің
қай шенінде келгеніне назар аударыңыздар.
Жаңа қазақтар
(үзінді)
Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегіңде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға,
Һәм сатуға мүмкіндігі болғасын.
Сенде қазір думан дәурен, масат күн,
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың.
Рухани байлыққа да тас аттың,
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,
Таудан, тастан қайтпастай өр арының,
Саудаладың Алматының жарымын.
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын нәрселер де бар, інім.
Жалғыз саған борыштыдай бар халық,
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып,
Кейкиесің қол беруге арланып.
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар,
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
17
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар?
(М.Шаханов)
24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар,
рақмет, ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық,
хазірет, қошемет, дастарқан, тақсыр, хат, уақыт.
25-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, ойларыңызды білдіріңіздер.
Өң, дөң, жең, мең, сең, тең, көң, кең деген сөздердің ортақ фонемаларын тауып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Ңөң
(үзінді)
Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
18
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де!
(О.Әубәкіров)
19
26-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
...іс, ма...лық, т...ін, жанкү...ер, ...мек, қа...ық, ...не, жа...лау, к...ін,
магни..., с...рек, ме...ірім, т...ім, сценари..., ж...налыс, тарих..., қағ...да,
ақ...қат, саяс..., кред...т, ...дея, тақ...я, кү..., санатори..., ...од, жа...,
жанқ...яр, ...емен, ж...ен, з...ян, зе...неткер, зе...ін, қас...ет, қа...наға,
ма...шабақ.
27-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты щ,
ф, в, х әріптері бар сөздерді теріп жазып, олардың емлесін есте сақтаңыздар.
28-жаттығу. Көп нүктенің орнына һ, х, ф, ц, ч, щ әріптерінің бірін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
Олла...и, ан...азірет, аста...ари, а...лақ, ба...адүр, ба...ар, бұр...ан,
гау...ар, дәрга..., де...ибел, жау...ар, жа...ан, жи...аз, жи...ангер,
илла...и, ил...ам, импи...мент, кан...лер, кон...ерт, кра...мал, а...ы,
қа...ар, қа...арман, қол...ат, маз...аб, мәз...абы, ма...аббат, ма...ал,
ма...шар, ма...та, мегагер..., ме...аник, ме...нат, ми...ман, мұ...ит,
па...ос, пери...раз, пла...карт, ке...е, про...ессор, про...есс, ре...ерат,
ру...аният, са...аба, тұ...ы, са...на, сая...ат, си...он, сұ...бат, тари...,
ша...ар, Ша...ризада.
29-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыздар. Һ, х
әріптерімен келген сөздердің астын сызып, қай тілден енгенін табыңыздар.
Адам екі түрлі
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағашы сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,
Молланың ақ қағазда қалар хаты.
Нақылият, қара сөзден өлең қылып,
Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.
Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,
Адамның қымбат баһа сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,
20
Қолынан әр жақсылық келген кісі.
Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.
Құдайым пендесіне берген малды,
Жаратқан әртүрлі қып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,
Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды.
(М.Ж.Көпеев)
30-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты
жіңішкелік белгісіне аяқталған он сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
31-жаттығу. Берілген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, топтап
жазыңыздар. Үлгі: өрт, төрт, өр, көр, төр, өрік, мөр, сөре. Ортақ фонемалары
– өр.
Тегіс, қарғыбау, асық, сақ, тер, қар, берік, зақым, кереге, жар,
кереует, нар, ар, арқар, іскер, жарық, тас, ісек, сарын, мас, қасқыр,
жер, нарық, ер, қақ, қарқыл, тері, қарт, тарақан, астау, тарсыл, жақ,
барқыт, тасаттық, бақ, тақсыр, нас, тартыс, ақсүйек, тігіс, рас,
ақсұңқар, ақша, ақыл, тақ, арыз, бақша, сері, бақылау, масқара,
жақша, бер, жақсылық, терлік, жақын, қақпан, тістеуіш, ас, қақпақ,
бас, қас, аққу, бар, жас, арқырау, лас, егіс, қаспақ, кісі, қасық, кісен,
масақ, ақын, маса, тасбақа, сарқыт, қару, астық, істік, асаба, серік,
асқазан, қарғыс, ерік, бақыт, баспана, жақұт, керуен, тар, бастық.
32-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бль, брь, ль, льт, льст, ркс
әріптеріне аяқталған сөздердің мамандыққа қатыстысын теріп, олармен сөйлем
құрастырыңыздар.
33-жаттығу. Мәтін ішінде бұрыс жазылған сөздерді тауып, емле ережесі
бойынша түзетіп, жаттығуды көшіріңіздер.
І. Бір гүні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне геліп қонады.
Әңгімелесіб отырғанда Қазыбек:
– Уа, жігіт, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді,
атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның ғайсысы
боласың? – дейді. Сонда Қаражігіт:
21
– Ораздының гәрісі қартайғанда қазына болады деп еді,
шиырлының нәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның
ғайсысы боласыз? – депті.
– Иншалла, қазынамыз ғой, – дей беріпті сонда Ғазыбек.
– Иншалла, біз елдің туымыз, – депті Қаражігіт.
(Шешендік шиырлары)
ІІ. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай
болады да тұрады. Адам атының сүйкүмдү болұуы да зор бақыт па
деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып
қараңдаршы. Айтұуға да ықшам, естір ғұлаққа да жағымды. Әрі
мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше
айтқандай, бұлар – жоғары идейалы есімдер. Мұндайлар өз атын
кәдімгідей мақтаныш көрүп, біреумен таныса ғалса, мәнерлеп,
көтөрүңкү дауұспен айтады. Ал енді айтұуға да, естүуге де қолайсыз
есімдер бар. Өзгө түгүл өзүңө де ұнамайды-ақ. Әттең қолдаң гелсе,
табанда өзгөртүп, әдемі аттардың бірін ійемденіб алар едің. Бірақ,
амалың нешік, сен қызылшақа болұп, жөргөктө жатқанда, сондағы
ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеқанаға геліп,
дұуұлдаб отұрған басқа біреу солай атаб жіберген...
Менің атым – Қожа. Көрүб отұрсұңдар, пәлендей әйдіг ат емес.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Түуу
гүуәлігімнің өзүндө солай деб жазылған. Бірақ дүнүйөдө не ғыйлы
ғажайып
құбұлұстар
бола
беретін
тәрізді,
бертін
келе
«Қожабергеннің» құйрұғұ үзүлүп түсүп қалыпты. Бұл ғұбұлұстұң дәл
қай жылы, қай айда, қай гүнү болғанын таб басып ешкім де айтыб
бере алмайды.
Сонұмен, мен өзүм ес білгелі Қожамын. Аұуұл-аймақтың бәрі
солай деб атайды.
Біз бір гласта екі Ғожа бармыз. Сүттүбайдың үлкөн баласының
аты да – Қожа. Оқұушұлар екеумізді шатастырыб алмас үшүн
өңүмүзгө ғарап, мені Қара Ғожа, онұ Сары Ғожа деп атайды.
Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүрө-
бара құлағым үйрөнүп, дағдыланып кеттім. «Қара қожа» дегендерге
«әу» деп, жалт қарайтын болдұм.
Жантас тәрізді ғылжақтар осұнұң өзүн де дұрұс айтпайды, әдейі
бұзұп, келемеждеп, «Қара Ғожа» деудің орнұна «Қара гөжө» дейді.
22
Мен байқамай ғалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшүн,
бійшараның обалы нешік, тійісті сыбағасын менен талай рет алды...
(Б.Соқпақбаев)
Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің
соңында жазылатын әріптерді белгілеңіздер.
A) б
B) в
C) к
D) ф
E) д
F) ғ
ІІ. Кірме сөздерде жазылатын әріптерді белгілеңіздер.
A) ф
B) г
C) ц
D) ч
E) б
F) ғ
ІІІ. Тек жуан сөздерде келетін дауыссыздарды белгілеңіздер.
A) қ
B) ч
C) х
D) һ
E) ғ
F) ң
ІҮ. Сөздің барлық шенінде жазылатын дауыссыздарды
белгілеңіздер.
A) ж
B) б
C) х
D) ғ
E) ш
F) ң
23
Ү. Тек жіңішке сөздерде келетін дауыссыздарды белгілеңіздер.
A) ц
B) г
C) к
D) ч
E) х
F) б
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Бірге жазылатын сөздер
Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы
өзгертіліп
барып
біріккен
сөздер
Еш, әр,
кей, бір,
қай, әлде
сөздеріме
н біріккен
есімдік,
үстеу
сөздер
Терминдік
мәнге ие
болған
атаулар
Екі-үш
түбірден
құралған
аң-құс, жан-
жануар,
өсімдік т.б.
атаулар
Екінші
сыңары
аралық,
тану,
сымақ
деген
сөздер
Бірінші
сыңары фото,
электр, радио,
авто, авиа,
аэро, кино,
гидро, агро,
транс, инфра,
ультра, изо,
гипер, екінші
сыңары қазақ
сөздері
Екі-үш
сөзден
құралған
кісі
аттары
мен
география
лық
атаулар
Ұлы, қызы
сөздері
фамилияны
және әкесінің
атын
білдіретін
сөздермен
тіркескенде
биыл,
ашудас
ешкім,
біржолата
сөзжасам,
баспасөз,
алыпсатар
қараторғай,
сужапырақ
абайтану,
халықара
лық
аэрошана,
фотосурет
Досжан,
Екібастұз
Б.Момышұлы
Ескерту. Ақ, қара, қызыл, қоңыр, сұр, шұбар сияқты сын есімдер аң-құс,
өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю,
сұр жылан, шұбар бақа.
Адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ғали) сияқты
сөздермен жасалған есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады:
Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі, Құлмұхамбет.
Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты (-ті, -ды, -ді)
қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөз
болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады: алыпқашпа (сөз),
жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу),
пышақкесті (тыйылу), баукеспе (ұры).
34-жаттығу. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырып, ол сөздердің
емлесін есте сақтаңыздар.
Атсалысу, бойұру, тісқаққан, көкезу, ақниет, ақкөңіл, бас тарту,
қырғи қабақ болу, қол жалғап жіберу, алыпқашпа (сөз), жүрекжұтқан,
24
жүрекжарды, қағазбасты, кітапқұмар, қол ұшын беру.
35-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бірге жазылған күрделі сөздерді
тауып, ережесін түсіндіріңіздер.
Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет
шығып, жар басынан теңіз жаққа көз салған-ды. (Ә.Н.) Балықтың
келуі мен кетуі жайында да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың
қалай өткенін білмей қалатын. (Ә.Н.) Әлдеқандай алып күш шала
жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш көмейі желдеп
гүрілдей жөнелді. (Ә.Н.) Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап еді, ат
ақырын шайнамалай бастады. (Ш.А.) Адамдар арқасына бірдеңені
лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде
жорға тіпті ары-бері теңселіп те кетті. (Ш.А.) Тырп ете алмай
құрсауда тұрған жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді. (Ш.А.)
Бірталай қалың көштерді арттарына салып ап, тура Қарашоқының
тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп келеді. (М.Ә.) Өйткені ұзамай
Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы жерде жұмсалады
ғой. (Ш.А.) Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ кеме
көрінетін. (Ш.А.) Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра
бере қамшы басты. (М.Ә.) Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың
бәрінде жақсы болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ. (М.Ә.) Көпшілік
осы қарбаласта болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген
ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқы-тұйқы боп жатыр. (М.Ә.) Абай өз
әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді.
(М.Ә.)
36-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бірге
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
37-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен о баста идиомалық, фразалық
тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен он-
он бес сөз теріп жазыңыздар, емлесін есте сақтаңыздар.
38-жаттығу. Көркем шығармалардан бірге жазылатын күрделі сөздердің әр
түріне мысал келтіріңіздер.
39-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бірінші сыңары теле, радио, авто,
аэро, агро, авиа, фото, кино, ультра, инфра, электр сөздерінен жасалған
біріккен сөздерді теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып,
25
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |