Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған балық, ойын, өсімдік атаулары мен 
зоологиялық  терминдерді  өзара  ажыратып,  бөліп  көшіріңіздер.  Сөздердің 
жазылуын есте сақтаңыздар. 
Үлгі:  
Балық атаулары: айбалық, ... 
Ойын атаулары: алтыбақан, ... 
Өсімдік атаулары: ағашшырмауық, ... 
Зоологиялық терминдер: айырқұйрық, ... 
 
Ағашшырмауық,  алтыбақан,  айгүл,  айырқұйрық,  барыпқаш, 
ақжапалақ,  жиырмабір,  айғыржуа,  айдаршөп,  айбалық,  алтынқабақ, 
айнакөз,  ақбөкен,  қақпатас,  аққаз,  аққоян,  айылжуа,  ақбидай, 
ақжалбыз,  ақжелек,  қарабие,  ақкелін,  ақтерек,  арамсояу,  бұраңбас, 
қызқуу,  ақтиін,  қазандоп,  ақкөз,  ақсерке,  қозыжарыс,  алажертесер, 
ақтырна,  ақшабақ,  ақшағала,  алабүйі,  арқаржусан,  арпабас, 
ащытамыр,  аюқурай,  балауызағаш,  балмұрын,  батпақгүл,  бөріаяқ, 
доңызот,  итжидек,  орамалтастамақ,  қолтұзақ,  алақарға,  өгізай, 
сартұқыш,  өгізтартыс,  бұйраторғай,  шағыршай,  шайжапырақ, 
шайжүгері, 
шайқурай, 
шайтанкелмес, 
шайсаңырауқұлақ, 
шайтанқұлақ,  шатыршөп,  шаянмойнақ,  шаянмойын,  шегіргүл, 
шеміршексүйектілер, шерменгүл. 
 
42-жаттығу.  Лингвистикалық  түсіндірме  сөздіктен  мамандықтарыңызға 
қатысты біріккен он-он бес термин теріп, ережесін жаттап алыңыздар. 
 
43-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен тұлғасы өзгертіліп барып біріккен 
сөздерге  он  бес  мысал  теріп,  өзгеру  себебін  түсіндіріңіздер,  олармен  сөйлем 
құрастырыңыздар. 
 
44-жаттығу.  Араластырыла  берілген  түбір  сөздерден  біріккен  сөз 
жасаңыздар. 
Үлгі: а) біріккен: ақсақал, ... 
         ә) кіріккен: бұл + жыл – биыл, ... 
 
Ақ,  ішек,  ала,  толғақ,  бұл,  азық,  аяқ,  тас,  омыртқа,  зейнет,  бел, 
баспа,  қайсы,  кәсіп,  он,  қара,  тас,  ит,  құлақ,  көк,  егеу,  дидар,  жөтел, 
құйрық,  тоғыз,  қос,  құрт,  сегіз,  бақа,  көз,  сүт,  ас,  мұрын,  саңырау, 
қазан,  тоқ,  үш,  ащы,  тамақ,  бау,  мойын,  қашан,  біреу,  зат,  жол,  ой, 
бет, ашар, қыл, өнер, сорғыш, бұрыш, жусан, қатынас, ақы, қоржын, 

 
26 
шикі,  қоректілер,  сөз,  айдар,  еш,  шөп,  ара,  қой,  соқыр,  инфра,  теке, 
сақал, қызыл, теле, шаң, жыл. 
 
45-жаттығу.  Біріккен  сөздерді  қатыстыра  отыра,  сұрақ-жауап  түрінде 
әңгімелесіңіздер. 
 
46-жаттығу.  Төмендегі  мәтіннен  тіл  үндестігіне  бағынбайтын  сөздерді 
тауып, себебін түсіндіріңіздер. 
І.  Біреудің  қатыгез  зұлым,  біреудің  мейірімді  болатын  себебі  не 
екен? (Ш.А.) Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен өгіз бен биені қоя 
берді де, жарды жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер 
ұзап  барып,  қыратқа  шықты.  (М.Ә.)  Әлі  де  терең  ұйқы  құшағында 
жатқан  бейтаныс  жолдастарға  көзі  түсті.  (С.Ш.)  Бейуақытта  бәрі  де 
сұрғылт  тартып  түнеріп  қалған.  (С.Ш.)  Мүмкін,  олар  өзінің  сәбидей 
пәк  тазалығымен  ағайын-туғанды  алыс-жақын  деп  алаламай,  бәріне 
де  мейірбан  ана  бола  алған,  ауыл  анасы  бола  алған  Бибігүлді  аяп 
тұнжырайтын  болар,  аяп  жылайтын  болар.  (С.Ш.)  Бұлар  хазіреттің 
қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, 
сыйлық  екенін  іші  біліп,  үн  қатпаған  болатын.  (М.Ә.)  Бұндағы 
қонақтың  көбі  қаланың  татар  саудагерлері,  қазақ  байлары  және  тап 
ортада  жаңа  мешіт  имамы  Хасен  молла  көрінді.  (М.Ә.)  Әжесі  кітап 
қадірін  жақсы  айтқанға  Абай  риза  болып,  жаңағы  сөзден  соң  күн 
сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. (М.Ә.) 
 
ІІ. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де  ойнап, асыр  сап 
кететін  болса,  биылдар  беймаза  көріп,  шеттей  беретін.  (М.Ә.) 
Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп 
көрмеген-ді.  (М.Ә.)  Әділбек,  Асылбектер  –  бұл  өңірдің  намыскер, 
мықты  жігіттері.  (М.Ә.)  Жағада  біраз  тұрып,  халді  аңғарды.  (М.Ә.) 
Әдемі  реңді,  әлденеше  түсті  балапан  қозылар,  лақтар  күншуақта 
секіріп,  дамылсыз  маңырайды.  (М.Ә.)  Осындай  жиында  үлкенді-
кішілі  рулардың  атқамінер  ақсақал-қарасақалы  араласып  жатты. 
(М.Ә.) Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. (М.Ә.) Діндар әкеге 
кітапшылап сөйлесе, парыз, уажіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін. 
(М.Ә.)  Сондықтан  асты  кім  болса  сол  жасамайды,  тек  жуан,  бай, 
құдіреті  күштілер  ғана  жасайды.  (М.Ә.)  Абай  анасына  сауап  болсын 
деп құранды өзгеше ықыласпен, асықпай, соншалық мүлгіп, мінажат 
қып оқиды. (М.Ә.) 
 

 
27 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) бес(тас) 
B) бес(қонақ) 
C) бес(құлақ) 
D) бес(тоғыс) 
E) бес(тал) 
 
ІІ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) бел(бүрме) 
B) бел(темір) 
C) бел(омыртқа) 
D) бел(ағаш) 
E) бел(бала) 
 
ІІІ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) бас(сүйек) 
B) бас(арқан) 
C) бас(тоғыз) 
D) бас(бау) 
E) бас(құда) 
 
ІҮ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) ат(қора) 
B) ат(бұршақ) 
C) ат(бәйге) 
D) ат(көрпе) 
E) ат(арба) 
 
Ү. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) ақ(бикеш) 
B) ақ(жалбыз) 
C) ақ(балта) 
D) ақ(қоян) 
E) ақ(киіз) 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 

 
28 
 
Бөлек жазылатын сөздер 
 
Бөлек жазылатын сөздер 
Күрделі 
атаулар 
Күрделі 
сан, 
сын 
есімдер 
мен етістік 
Есім, 
еліктеуіш 
сөздер  мен 
етістіктерд
ен құралған 
сөздер 
Еш, әр, кей, 
бір, 
қай, 
әлде 
есімдіктері 
тіркескен 
зат есімдер 
Тұрақты 
тіркестер 
Екі  зат  есім  қатар  айтылып,  бір 
ғана  затты,  құбылысты,  ұғымды 
атап,  алдыңғысы  соңғысының 
тегін,  неге,  кімге  арналғанын, 
немен  жұмыс  істейтінін  және 
өзге  заттардан  ажыратылатын 
белгілерін білдірсе  
Қазақстан 
Республи
касы 
он  бір,  көк 
ала,  оқып 
отыр 
ән 
салу, 
жарқ етті 
еш  адам, 
бір жұмыс, 
бір кісі 
бас тарту, 
қол ұшын 
беру 
ат  қора,  ағаш  тарақ,  ұл  бала, 
ортан жілік, бас сүйек 
 
Ескерту.  Анықтаушы-анықталушы  қатынастан  ажырап,  бір  заттың  атауы 
болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, асқасық, шайқасық, кірсабын, 
иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, қолара т.б. 
«Бір»  есімдігі  мен  «бір»  сан  есімін  шатастырмау  керек.  Белгісіздікті 
білдіретін  «бір» есімдігі  зат есімдермен тіркескенде әрдайым бөлек жазылады: 
бір  адам,  бір  сәт,  бір  уақыт.  Ал  «бір»  сан  есімі  анықтаушы-анықталушы 
қатынастан  ажырап,  бірігіп  жазылса  (бірасым  ет,  бірбақайлы,  бірасар  (қару), 
біржұтым,  біриірім,  біркүндік,  бірқайнатым,  бірқазан,  біртүйір,  бірұрттам, 
бірүзім, біршөкім, бірыңғай, бірішек т.б.), кейбір сөздердің анықтауыш қызметін 
атқарып, бөлек жазылады: бір буда, бір елі, бір жапырақ, бір жеті, бір мүшел, 
бір жамбас, бір бет қағаз, бір төбе, бір тал шаш т.б. 
 
47-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдерден  бөлек  жазылған  сөздерді  тауып, 
ережесін түсіндіріңіздер. 
Бұдан  бұрын  еш  уақытта  Гүлсары  қасқыр  үнін  естімеген,  лезде 
тұла  бойы  мұздап,  үрей  қармап  қалды.  (Ш.А)  Абайдың  ақмаңдайы 
кейде  Құнанбай  жүрісі  баяуласа,  жол  жорғасын  салады  да,  сары 
жорға  қатты  тайпалып  кетсе,  амалсыздан  желе  жөнеледі.  (М.Ә.) 
Қаныштың 
Қазақ 
Ғылым 
академиясындағы 
президенттік 
қасиеттерінің  ең  зоры  –  ол  аса  талантты  және  қажырлы,  еңбекке 
төзімді ұйымдастырушы. (М.Ә.) Ана тілін ұмытқан адам өз халқының 
өткенінен  де,  болашағынан  да  қол  үзеді.  (Ғ.Мүс.)  Иесі  анау  үйдің 
бұрын  болған,  кісі  еді  заманында  бақыт  қонған.  (А.Б.)  Бұл  қарасөз 
Абайдың  өз  тұсындағы  күнделікті  өмір  шындығына  қолма-қол 
қатынасып,  жәрдем  етсем  деген  талабын  көрсетеді.  (М.Ә.) 
Мамырбайдың  бәйбішесі  маң-маң  басып,  киіз  үйін  қағып-сілкіп, 
жинатқызып жүрген еді. (Ж.А.) Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау 

 
29 
құнанды  ат  қораға  байлағанда,  хазірет  өзі  көріп,  сыйлық  екенін  іші 
біліп, үн қатпаған болатын. (М.Ә.) 
 
48-жаттығу.  Төмендегі  сөздердің  қалай  жасалғандығына  түсінік  беріп, 
олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
1.  Еңбеккүн,  шикізат,  беторамал,  зейнетақы,  жолазық,  тасжол, 
күретамыр,  қырықаяқ,  ақбөкен,  ақбидай,  бізтұмсық,  қойжусан, 
сөзтұлға. 
2. Су жорға, мысық мұрт, ақ  аю,  ақ  жауын, ат арба, ата  қаз, бас 
бәйге, бел омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр.
 
 
49-жаттығу.  Орфографиялық  сөздіктен  өздеріңізге  емлесі  таныс  емес 
бөлек жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
50-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  бөлек  жазылатын  күрделі  сөздердің 
әр түріне мысал келтіріңіздер. 
 
51-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  бірге  я  бөлек  жазылатынын  анықтап, 
бағанға бөліп жазыңыздар. 
І.  Көк(найза),  сары(жілік),  құм(бетеге),  бет(орамал),  қой(жусан), 
ақ(қайың),  ит(бүлдірген),  сары(аяз),  бал(қарағай),  кіндік(бау), 
әлде(сиыр),  ағаш(төсек),  қара(торғай),  ақ(қоян),  қара(бидай), 
мүйіз(жапырақ),  әр(кім),  күрке(тауық),  алып(сатар),  қос(аяқ), 
кіндік(бала),  қырық(аяқ),  бір(жолата),  үш(бұрыш),  кей(адам), 
бас(жүлде),  бір(жұмыс),  шаш(кептіргіш),  шолақ(қол),  еш(уақытта), 
мүйіз(төсек). 
 
ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек), 
темір(жол),  бас(сүйек),  бір(талай),  фото(үлкейткіш),  бас(жіп), 
ағаш(балға), шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ), 
ақ(жауын),  ақ(тілек),  темір(күрек),  сары(жұлдыз),  еш(қандай), 
үш(жақты), 
кіндік(шеше), 
шолақ(жең), 
электр(қозғалтқыш), 
мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған), тіс(ағаш). 
 
52-жаттығу.  Жақша  ішіндегі  сөздерді  бірге  я  бөлек  жазылатынын 
анықтап, жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. 
(Әр)кімнің  өз  жері  –  Мысыр  шаһары.  (Әр)елдің  заңы  басқа, 
иттері  қара  қасқа.  Аш  бала  тоқ  баламен  ойнамайды,  тоқ  бала 
(еш)нәрсені  ойламайды.  (Әр)нәрсе  сынарында  өзінен  мықтыға 
жолығады.  Ана  сүтін  ақтамағанды  (еш)кім  мақтамайды.  Болар  елдің 

 
30 
баласы,  (он)бесінде  «баспын»  дер,  болмас  елдің  баласы,  (отыз)бесте 
«жаспын»  дер.  Бір  ауылда  мың  туысың  болғанша,  (әр)ауылда  бір 
туысың  болсын.  Тірлікте  ілім  үйрен  көріп  жүріп,  (әр)жақсының 
соңынан  еріп  жүріп.  Тілге  (әр)күн  мейрам.  (Әр)кімнің  бір  ойы  бар, 
қорасында мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз 
ауырған жерін сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып 
сандықты, кілт ашпаса тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп 
шын(ашар).  Сөз(салысқан)  дауға  ортақ,  ат(салысқан)  жауға  ортақ. 
(Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір аңдыған жауы бар. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Бөлек жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) ет(күрке) 
B) ет(бауыр) 
C) ет(тұмсық) 
D) ет(пісірім) 
E) ет(көрпе) 
 
ІІ. Бөлек жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) жан(торсық) 
B) жан(бауыр) 
C) жан(қалта) 
D) жан(жолдас) 
E) жан(бағу) 
 
ІІІ. Бөлек жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) ит(тіс) 
B) ит(бөрі) 
C) ит(қонақ) 
D) ит(сандық) 
E) ит(шана) 
 
ІҮ. Бөлек жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) көк(тамыр) 
B) көк(сүт) 
C) көк(шолақ) 
D) көк(желке) 
E) көк(қасқыр) 

 
31 
 
Ү. Бөлек жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) қызыл(ауыз) 
B) қызыл(иек) 
C) қызыл(көз) 
D) қызыл(асық) 
E) қызыл(түйіршік) 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
 
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. 
Сондықтан  дефис  келген  жерде  кідіріс  жасалмайды.  Бұл  оның 
сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша 
секілді  сөйлемнің  мазмұнына  еш  әсер  етпейді.  Үшіншіден,  шартты 
түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады. 
 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
қос 
сөзд
ер 
екі сөзден 
тұратын 
ғылыми 
дәреже, 
атақтар не 
мамандықты 
көрсететін 
атаулар 
қосалқы 
мүшелі 
күрделі 
атаулар 
реттік сан 
есімдер 
цифрмен 
жазылса 
ақ, ай, 
ау, ды, 
ді, ты, 
ті, 
мыс, 
міс 
шылау
лары 
кей 
одағай 
сөздер 
түркі, 
парсы т.б. 
халықтар 
есімдерінің 
соңында 
келетін 
паша, бей, 
заде, оғлы 
сынды 
тұлғалар 
араб 
халықтары 
есімдерімен 
келетін әл, 
аш, ар, аз, 
эд, бен 
сияқты 
элементтер 
басқы 
әріптермен 
қысқарған 
сөзге, %, ° 
таңбалары бар 
цифрмен 
жазылған сан 
есімге, жеке 
әріп түрінде 
алынған 
объектіге 
жалғанатын 
қосымшалар 
басқа тілде 
дефиспен 
жазылатын 
жалқы 
есімдерге 
ата-
ана 
вице-министр  кафе-
бар 
58-үй 
айтқан
-ды 
моһ-
моһ 
Осман-
паше 
әл-Фараби  ПМПИ-ге 
Дон-
Кихот 
 
Ескерту. Рим цифрынан кейін дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІҮ курс
Күрделі  құрама  атаулар  жасайтын  кейбір  көмекші  сөздер  (ат,  ас,  әл)  сөз 
басында  келсе,  бас  әріппен,  сөз  ортасында  келсе,  кіші  әріппен,  дефис  арқылы 
жазылады:  Әл-Фараби  даңғылы,  Ат-Тарази  кәсіпорын  бірлестігі,  Балалар 
аурулары институты әл-Фараби даңғылында орналасқан
 
53-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  онда  дефистің  неге,  қандай  жағдайда 
қолданылғанын түсіндіріңіздер. 
Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар әңгіме-дүкен құрып 
отыр.  (Ш.А.)  Вагон-ресторанда  адам  онша  көп  емес  екен.  (С.Ш.) 

 
32 
Жидебайға  қайтардың  алдында  Абай  әкесінен  көші-қон  жайын 
сұрастырған.  (М.Ә.)  Үлкен  үй  мен  қонақ  үйдің  арасына  тартылған 
кермеде  Құнанбайдың  ер-тоқымы  ерттелген  ұзын  торы  ат  тұр  екен. 
(М.Ә.)  Ауыл  үстінен  қашқандарын  иттер  қуып,  Ботақан  бойы  азан-
қазан  болды.  (М.Ә.)  Азынаулақ  қойлар  мен  төртті-бесті  ірі  қараның 
айналасында  қатын-қалаш,  кәрі-құртаң,  ер-азамат  көп-көптен  келеді. 
(М.Ә.)  Үлкен  күміс  қаптырмамен  бір-ақ  жерден  түймелеген 
қызылмауыт  камзолының  қынама  белі  болымсыз  желмен  тербеле 
солқылдаған  көк  шыбықтай  сүйкімді.  (Д.Ә.)  Ол  орта  жастарды 
жағалатқан  ашаң  жүзді,  мұрынды,  жұмыр  ақ  саусақты  Фан-Штейн 
еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.) 
Жасыбай  көлі  сол  таудың  қойнауында  қызылды-жасылды  кәрден 
кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір. (Б.М.) 
 
54-жаттығу.  Дефис  арқылы  жазылатын  он-он  бес  кісі  есімдерін  жазып, 
олардың қай тілден енгенін айтыңыздар. 
 
55-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  қос  сөздердің  бірін  қойып, 
жаттығуды орындаңыздар, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. 
1)  Атыңнан  айырылсаң  да,  ...  айырылма.  2)  Әдептілік,  ...  – 
адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі. 
3) Қырықта қылау түсер, ... қырау түсер. 4) Жақсылықтың ... жоқ. 5) 
Үйдің ... қыс түскенде білінер, адамның ... басыңа іс түскенде білінер. 
6) ... қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы 
болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің. 
7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, ... бәрінен жақын болар. 8) 
... сөйлесең, жылан іннен шығады, ... сөйлесең, ақыл естен шығады. 9) 
...  көсем  болар,  ...  шешен  болар.  10)  Ақымақтың  ...  болмайды.  11) 
Ақымақ  ...  айтады,  ақылды  ...  айтады.  12)  Өзімдікі  дегенде  өгіз  қара 
күшім бар, кісінікі дегенде ... ісім бар. 13) ... би болсаң, Балқан тауға 
сыймассың,  бір  данаға  жол  берсең,  жанған  отқа  күймессің.  14)  ... 
белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра 
алмай жат өлсін. 15) ... арық қазсаң, ... су ішерсің. 
 
Қажетті  сөздер:  жылай-жылай,  ар-ұят,  ер-тоқымыңнан,  бас-
басыңа,  сақал-мұртқа,  ерте-кеші,  алыс-жуығы,  ата-ананың,  аға-іні, 
жылы-жылы,  қатты-қатты,  көре-көре,  ішкен-жегенін,  сөйлей-сөйлей, 
асу-асу, ала-құласы, анау-мынау, көрген-білгенін, жылы-суығы, күле-
күле. 

 
33 
 
56-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  дефис  арқылы  жазылатын  сөздердің 
әр түріне мысал келтіріңіздер. 
 
57-жаттығу.  Төменде  берілген  қос  сөздердің  сыңарларын  тауып 
жазыңыздар. 
Ыдыс-..., жалт-..., некен-..., аста-..., ұрда-..., жөн-..., ақын-..., ата-..., 
ұп-...,  ет-...,  ағалы-...,  сөйлей-...,  ертелі-...,  қоян-...,  қап-...,  қолма-..., 
көзбе-..., қошемет-..., қуаныш-..., құлаш-..., қыңқыл-..., қым-..., қыл-..., 
мән-...,  мейір-...,  мектеп-...,  мұрат-...,  ойын-...,  ой-...,  оқу-...,  өкпе-..., 
пресс-..., салон-..., салт-..., сұп-..., тай-.... 
 
Қажетті  сөздер:  арман,  суық,  төк,  жық,  қыбыр,  жөнекей, 
мақсат, күлкі, қолпаш, сана, жазушы, ағарту, ана, ұзын, сөйлей, кеш, 
қатты,  бюро,  қол,  көз,  вагон,  қайғы,  құлаш,  сыңқыл,  қиғаш,  қолтық, 
жай, мет, наз, шапағат, жұлт, интернат, саяқ, інілі, аяқ, тулақ. 
 
58-жаттығу.  Қос  сөздердің  әрқайсысына  он  мысалдан  келтіріп,  кестені 
толтырыңыздар. 
Мәндес қос 
сөздер 
Сыңар мәнді 
қос сөздер 
Қарсы мәндес қос 
сөздер 
Қайталама 
қос сөздер 
Күшейткіш буынды 
қос сөздер 
Ата-ана,  
Бала-шаға,  
Ұзынды-қысқалы,   Қалт-қалт,  
Қып-қызыл,  
 
59-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыздар. 
Биік,  жоғары,  секең,  бырт,  сарт,  қора,  қыз,  ілгерінді,  жеті,  мая, 
кіші, әрі, аласа, қарсы, аяқ, табақ, ағайын, айтыс, арман, арпа, атақ, ат, 
аумалы,  әзіл,  бағыт,  бау,  дау,  дүние,  ем,  жал,  жол,  кедей,  көрші, 
күнімен, қадір, қамыт, қорлық, құда, құрал. 
 
60-жаттығу.  Төмендегі  зат  есімдерге  реттік  сан  есімдерді  қосып,  емле 
ережесіне сай жазыңыздар. 
Ғасыр,  бала,  жыл,  ғимарат,  қаңтар,  апта,  дәуір,  сәуір,  бөлме, 
пәтер, мұғалім, оқушы, тапсырма, жаттығу, желтоқсан, бастық. 
 
61-жаттығу.  Төмендегі  сан  есімдерді  емле  ережесіне  сай  жазылуын 
анықтап, бағанға бөліп көшіріңіздер. 
Үлгі: 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
Дефиссіз жазылатын сөздер 
Жиырма-отыз,  
Елу бес, 
 
1  Мамыр,  жиырма  отыздан,  2  курс,  төрт  жүз  елудей  қой,  2012 
жыл,  22  Наурыз,  9  сынып,  бес  он,  жиырма  үш,  27  үй,  7  қабат,  ХХІ 

 
34 
ғасыр,  5  студент,  бес  жүз  елу  алты,  жүз  жүзден,  екіден  бір,  бес 
жарым, қырыққа жуық, сексеннің тоғызы. 
 
62-жаттығу.  Дефис  арқылы  жазылатын  он-он  бес  географиялық  атау 
жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
63-жаттығу. Төмендегі сөздердің емлесін есте сақтаңыздар. 
Ассалаумағалайкүм,  атсалысу,  Аллауакбар,  Алла  тағала,  Аязата, 
аяқдоп, аяқмәшине,  Адамата, азғана, алғы сөз, алтынтой, алыпсатар, 
Асанқайғы,  асүй,  атүсті,  ауасуытқыш,  ауызашар,  ашықхат, 
әлхамдилла, әлейкүмассалам, әр алуан, әртүрлі, кез келген, баз баяғы, 
бастан-аяқ, бірнегізді, бісміллә, демалысүй, Ер Тарғын, ер-азамат, ер-
тоқым,  ерке-тотай,  Жарықбас,  Жәбірейіл,  жәрекімалла,  Жезтырнақ, 
Зеңгібаба,  иншалла,  иіссу,  иіссабын,  көрсеқызар,  күйеубала, 
Қамбарата,  Қаңбақшал,  қарасөз,  Қорқытата,  Қыдырата,  қызжолдас, 
мақтауқағаз, 
мекенжай, 
мектепішілік, 
мерейтой, 
мүшелтой, 
мұзкәмпит,  Ойсылқара,  ойтүрткі,  онжылдық,  өмірдастан,  поп-
жұлдыз, пікірталас, сегізаяқ, сенімхат, синьор, сүт кенже, Таскемпір, 
тас-талқан,  тоқымқағар,  тоқішек,  ұлан-байтақ,  ұлан-ғайыр,  Ұмайана, 
хал-ахуал, шала-шарпы, Шекшеката. 
 
64-жаттығу. 
Төмендегі  сөздердің  бірге,  бөлек,  дефис  арқылы 
жазылатынын ажыратып, бағанға бөліп жазыңыздар. 
І.  Абыр(күбір),  авиа(апат),  авиа(зауыт),  авто(бекет),  авто(жол), 
ағайын(жегжат),  ағаш(үй),  ағаш(тарақ),  ағаш(көмір),  ағып(таму), 
адал(ақы),  адам(күн),  адам(сағат),  азу(ағаш),  азу(тіс),  айыл(тартпа), 
айыр(көмей),  ақ(бата),  ақ(бидай),  ақ(бөкен),  ақ(желек),  ақ(жол), 
алма(ағаш),  алма(кезек),  арпа(бидай),  арпа(шөп),  ауыз(су),  ауыз(үй), 
ашық(хат),  аэро(сурет),  аэро(флот),  әзіл(ажуа),  әлде(бір),  әр(кез), 
әр(қашан), әулие(әнбие), алмалы(салмалы). 
 
ІІ. Баға(тізбе), бағыт(шам), банк(аралық), бас(бармақ), бас(сүйек), 
бек(сұлтан),  бел(құда),  бел(омыртқа),  бет(сүйек),  бір(күндік), 
бір(нәрсе),  бір(бақайлы),  веб(сайд),  Жеті(қарақшы),  жеті(нан), 
инфра(құрылым),  инфра(күлгін),  ит(жығыс),  көз(мөлшер),  көк(сүт), 
көк(шөп),  көк(мұз),  көк(бақа),  көк(бауыр),  көк(шыбық),  көк(кептер), 
көк(шыбын),  көңіл(ашар),  күл(талқан),  күні(ертең),  қожа(бидай), 
қия(тас),  қисық(ауыз),  қияқ(өлең),  қиял(ғажайып),  қиян(кескі), 
алдын(ала), алды(артына), алтын(валюта), алтын(қабақ), алуа(шекер), 

 
35 
алма(кезек), алтын(балық). 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) қалқан(тұмсық) 
B) қалам(шырақ) 
C) қан(жоса) 
D) қиял(ғажайып) 
E) қан(шие) 
 
ІІ. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) ХХІ ғасыр 
B) 2014 жыл 
C) 25 мамыр 
D) 95 үй 
E) 11 сынып 
 
ІІІ. Дефис арқылы жазылатын шылауларды белгілеңіздер. 
A) болымсыздық демеуліктер 
B) күшейткіш демеуліктер 
C) сұраулық демеуліктер 
D) болжалдық демеуліктер 
E) шектік демеуліктер 
 
ІҮ. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) масс(медиа) 
B) ой(толғақ) 
C) мюзик(холл) 
D) ой(түрткі) 
E) пресс(атташе) 
 
Ү. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) тамыр(бояу) 
B) ой(өріс) 
C) Сейфүл(Мәлік) 
D) тай(қазан) 
E) сота(сайғақ) 
 

 
36 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет