124-жаттығу.
Төмендегі сөздерге үндестік заңына бағынбайтын
қосымшаларды жалғап, сөйлем құрастырыңыздар.
Дау, сауда, майдан, Шым, қара, мас, қас, дүние, есеп, тіл, сол,
колхоз, қала, дала, білім, келісім, қағаз, қалам, жыр, гүл, Тәжік,
Түрікмен, төзім, тіл, сүт.
125-жаттығу. Төмендегі құс атауларын орфоэпия заңдылығы бойынша
жазып, өзгеру себебін түсіндіріңіздер.
Суаяқ, субүркіт, сутартар, сушылқара, сұршақұс, тазқара,
тазтырна, тастүлек, тауқұдірет, тауыс, тоқтыбалақ, тоқылдақ,
үрпексары, қазкегір, қазуар, қарақаз, қарақұс, қаратұнжыр, қарашақаз,
қозықұмай, қу, құмыра, қылқұйрық, қырғи, қыранқара, маңқақаз,
мықи, өгізшағала, жұртшы, жыланбүркіт, жыланжегіш, алақұмай,
алакөз, аққұйрық.
126-жаттығу. Айтылуы мен жазылуы бірдей өсімдік атауларын бір
бағанға, айтылуы мен жазылуы бөлек өсімдік атауларын екінші бағанға топтап
жазыңыздар.
Сабынкөк, садақкөде, сайсағыз, сақаушөп, салаубас, салпыс,
самырсын, саңырауқұлақ, сарана, сарыағаш, сарыандыз, сарыбуын,
67
сарыгүл, сарытұңғиық, сасықбалдырған, сасықжуа, сасыққурай,
сасықмеңдуана, сауыршөп, сәбізшөп, сәуішөп, сегізмүйіз, сепсеқуыр,
сиырбұршақ, сиырқұйрық, сиякөк, содана, сора, сорқаңбақ, сорғыш,
сортаңшөп, сортаспа, соя, субалдыр, сужұлдыз, суқабақ, сусімір,
суылдыр, суырот, сұлушаш, сұлыбас, сүйсін, сүмбіл, сырғагүл,
сырғалы, сіпсебас.
127-жаттығу. Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс
жалғануын есте сақтаңыздар.
І. Фабрикант, фаворит, фазометр, фарингит, фаталист, фашист,
феллах, фельдфебель, фельетон, феникс, фенолог, феномен, ферзь,
фермент, фестиваль, фетр, фигурист, физиатр, физик, фиксаж,
физиолог, фиксатив, филателист, фильмофон, фильтр, финанс,
финансист, финн, фланель, флегматик, флигель, флюгер, фокус, фойе,
фонарь, фонограф, фонетист, форель, формант, форум, фотостенд,
фотоэтюд, фрагмент, фрак, франк, френолог, френч, фужер, фюзеляж.
ІІ. Целлофан, целлулоид, цемент, ценз, цент, центнер, центрист,
цех, циан, цикл, циклон, цилиндр, цирк, циркуль, циркуляр, цитрус,
цифр, чартист, чек, чекист, чемпион, эвенк, эвен, эгоист, экран,
экономист, экскурс, экслибрис, экспорт, экспресс, экстерн, эксцесс,
экшн, элегист, электрик, электробус, электромобиль, электрон,
электропойыз, эллипс, эллипсоид, эмаль, эндокринолог, энергетик,
энтомолог, энтузиазм, энцефалит, эпидемиолог, эпилог, эстамп,
эстон, этнолог, этноним, этюд, эфир, эффект.
128-жаттығу. Төмендегі түс атауларымен келген сөздерді емле ережесіне
сай бағанға бөліп көшіріңіздер. Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Бірге жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
І. Ақ(ала), ақ(бауыр), ақ(жол), ақ(неке), ақ(бидай), ақ(бөкен),
ақ(өлең), ақ(сиса), ақ(жапалақ), ақ(тілек), ақ(шаш), ақ(кіс),
ала(қоржын), ала(жылан), ала(жертесер), ала(қөз), ала(құмай),
боз(іңген), боз(бетеге), боз(бала), боз(көде), көк(берен), көк(тұман),
көк(шалғын), көк(шолақ), көк(қасқыр), көк(құтан), көк(сары),
көк(теке), қара(бауыр), көк(торғай), қара(сасыр), қара(жұмыс),
қара(құйын), қара(құлақ), қара(мал), қара(күзен), қара(өлең),
қара(бай), қара(бие), қара(жидек), қоңыр(аю), қоңыр(топырақ),
қоңыр(үйрек), қоңыр(қаз), сары(алтын), сары(аяз), сары(сүйек),
68
сары(табан), сары(үйек), сары(тікен), сары(тұңғиық), күрең(ат),
күрең(төбел), күрең(шөп), күрең(от).
ІІ. Ақ(бата), ақ(сақал), ақ(аю), ақ(жауын), ақ(қалақ), ақ(тамақ),
ақ(құба), ақ(жолақ), ақ(көбік), ақ(қарағай), ақ(сорпа), ала(таң),
ала(бұта), ала(теңбіл), ала(бұға), ала(бүйі), ала(бүрге), боз(қырау),
боз(тікен), боз(өкпе), көк(желке), көк(мұз), көк(найза), көк(сүт),
көк(тиын), көк(аяз), көк(кептер), көк(бақа), көк(бұта), қара(сұлы),
қара(құрт), қара(тал), қара(боран), қара(бұрыш), қара(түлкі),
қара(тырна), қара(жел), қара(күш), қара(шағала), қара(шыбын),
қоңыр(күз), қоңыр(үй), қоңыр(балдыр), сары(дала), сары(ағаш),
сары(буын), сары(жайлау), сары(құлақ), сары(сазан), сары(жілік),
сары(су), күрең(шай), күрең(тамыр), күрең(тал).
69
Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмалары
1. Қай дыбысқа қазақ тілінде сөз аяқталмайды?
A) с
B) к
C) ғ
D) қ
E) й
2. Тек жуан сөздерде кездесетін дауыссыз дыбыс
A) қ, ғ
B) т, д
C) с, з
D) ж, ш
E) п, б
3. Сөздің соңында келмейтін әріп
A) ы
B) о
C) і
D) е
E) а
4. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз
A) жау
B) тоқ
C) асау
D) рас
E) өте
5. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз
A) су
B) жау
C) жауын
D) тау
E) қауын
6. Тасымалданбайтын сөз
A) қиын
B) киін
C) қант
D) суық
E) жоғарыдағы барлық сөз тасымалданбайды
70
7. Тасымал мен буын түрі сай келмейтін сөз
A) білім
B) азалы
C) ант
D) буын
E) парасат
8. Бірге жазылатын сөз
А) кемі екі түбірден біріккен
В) кемі екі түбірден қосарланған
С) кемі екі түбірден тіркескен
Д) осы айтылғандар
Е) барлық сөздер
9. Одағай сөздердің жазылуы
A) қысқарып
B) тек дефис (-) арқылы
C) бірігіп
D) естілуінше
E) тіркесіп
10. Емле ережесіне сай сөз
A) сүтана
B) сүткенже
C) сүт ақы
D) сүттіс
E) сүт жапырақ
11. Сөздің дұрыс жазылуын тексеретін тіл білімінің саласы
A) фонетика
B) орфография
C) орфоэпия
D) графика
E) физика
12. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөз
A) домбыра
B) кітап
C) терезе
D) күрес
E) жүгір
13. Дұрыс жазылған сөз
A) сепкіл
71
B) қапқан
C) өрекпі
D) түлкү
E) дұрыс жауабы жоқ
14. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз
A) Исмаил бей
B) Исмаил-Бей
C) Исмаил-бей
D) Исмаил Бей
E) дұрыс жауабы жоқ
15. Емле ережесіне сай сөз
A) кіндіката
B) кіндікбала
C) кіндікбау
D) кіндікшеше
E) кіндіккесу
16. Емле ережесіне сай сөз
A) құнан бәйге
B) құнанжарыс
C) құнанқой
D) құнанқымыз
E) құнанөгіз
17. Емле ережесіне сай сөз
A) май жидек
B) майдәрі
C) майтопырақ
D) майбалшық
E) май кене
18. Бөлек жазылатын сөз
A) ақ (бидай)
B) ақ (сиса)
C) ақ (ауыз)
D) ақ (көңіл)
E) ақ (қурай)
19. Бөлек жазылатын сөз
A) ақ (сақал)
B) ақ (селеу)
C) ақ (сұңқар)
72
D) ақ (жауын)
E) ақ (қайнар)
20. Бөлек жазылатын сөз
A) сары (жайлау)
B) сары (жылан)
C) сары (аяз)
D) сары (су)
E) сары (шұнақ)
21. Бірге жазылатын сөз
A) сары (аяз)
B) сары (май)
C) сары (жілік)
D) сары (бел)
E) сары (алтын)
22. Бірге жазылатын сөз
A) ала (қоржын)
B) ала (дүбір)
C) ала (жылан)
D) ала (таң)
E) ала (бұта)
23. Бірге жазылатын сөз
A) (ала) бота
B) (ала) жаздай
C) (ала) орамал
D) (ала) көйлек
E) (ала) көңіл
24. Орфография бойынша жазылған сөз
A) ухиледі
B) ухіледі
C) уһледі
D) ухыледі
E) уһіледі
25. Дауысты «-ы/-і» дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда
түбірі өзгермейтін сөз
A) халық
B) бұрым
C) орын
D) мұрын
73
E) осы айтылғандар
26. Морфологиялық принцип дегеніміз –
А) сөздердің айтылуынша жазылуы
В) сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылуы
С) сөздердің түбірі өзгеріске түсіп жазылуы
Д) осы айтылғандар
Е) дұрыс жауабы жоқ
27. Жарғабақ сөзінің жазылу принципі
A) фонетикалық
B) фонематикалық
C) морфологиялық
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
28. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз
А) қолғап
В) көрсеқызар
С) қосшы
Д) түнгі
Е) дұрыс жауабы жоқ
29. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөз
A) бүгін
B) хат
C) жұмысшы
D) қарлығаш
E) қолғап
30. Белбеу (бел бау) сөзі қандай принцип бойынша жазылған?
A) фонетикалық
B) фонематикалық
C) морфологиялық
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
31. Қазақ тілінде емле ережесін сақтап жазуда басшылыққа алынатын
принцип
A) фонетикалық және морфологиялық
B) фонематикалық және фонетикалық
C) морфологиялық және тарихи-дәстүрлі
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
74
32. Емле ережесін сақтап жазуда алты принципті көрсеткен ғалым
A) Ш.Бектұров
B) С.Мырзабеков
C) Р.Сыздық
D) К.Аханов
E) Н.Оралбай
33. Дефис (-) арқылы жазылатын шылау
A) -ай/-ау
B) -қана/-ғана
C) -тен
D) -ма/-ме
E) -түгіл
34. Дефис қойылатын жер
A) қосалқы мүшелі күрделі атаулар
B) күрделі сан есімдер
C) біріккен сөздер
D) оңашаланған айқындауыш
E) дұрыс жауабы жоқ
35. Дефис арқылы жазылатын сөз
A) 200 пайыз
B) 80 метр
C) 9 сынып
D) 2011 жыл
E) 16 ақпан
36. Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей,
заде, оғлы сияқты тұлғалардың жазылуы
A) дефис арқылы
B) бөлек
C) бірге
D) қос нүкте арқылы
E) кірігіп кетеді
37. Дефис арқылы жазылатын демеулік шылаулар
A) сұраулық демеуліктер
B) күшейткіш демеуліктер
C) болымсыздық демеуліктер
D) жалғаулықтар
E) септеуліктер
75
38. –ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа
аяқталғанда жалғанады?
A) ч, ц дауыссыз дыбыстарына
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
39. -ин (-ина) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа
аяқталғанда жалғанады?
A) дауыссыз дыбыстарға
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
40. -ов (-ова) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа
аяқталғанда жалғанады?
A) дауыссыз дыбыстарға
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
41. Соңғы буынында ю, э, ё дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен
енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
A) жуан
B) ережені сақтамай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
42. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса, оған
қандай қосымша жалғанады?
A) жуан
B) ережені сақтамай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
43. Кірме сөздер ог, уг дыбыстарына аяқталса, оған қандай қосымша
жалғанады?
A) жуан
76
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
44. Кірме сөздер рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тізбегіне
аяқталғанда қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
A) жуан
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
45. Кль, брь, бль дыбыстар тізбегі мен жіңішкелік белгісіне
аяқталатын бір буынды сөздерге жалғанатын қазақ тілі қосымшалары
A) жуан
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
46. Қосымша жіңішке түрде жалғанатын сөз
A) факт
B) клуб
C) кітап
D) дәріхана
E) дұрыс жауабы жоқ
47. Қосымшасы бұрыс жалғанған сөз
A) фестивалі
B) фестивальдан
C) лагерьға
D) банкі
E) дұрыс жауабы жоқ
48. Үндестік заңына бағынбай жалғанатын қосымша
A) -лық, -ді
B) -тал, -маш
C) -дар, -шы
D) -қ, -лау
E) -лы, -бен
49. Орфографиялық ережеге сай жалғанған жалғау
A) банкке
77
B) банктан
C) банкка
D) банктың
E) банкіге
50. 2007 жылы жарық көрген орфографиялық сөздіктің жауапты
редакторы
A) Р.Сыздық
B) Н.Уәли
C) Ә.Жүнісбек
D) М.Жүсіпұлы
E) С.Мырзабеков
51. «Емле және тыныс белгісі» атты еңбектің авторы
A) Р.Сыздық
B) Н.Уәли
C) Ә.Жүнісбек
D) М.Жүсіпұлы
E) С.Мырзабеков
52. «Жаңа әрiп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жiктерi» атты
кiтаптың авторы
A) Е.Омаров
B) Қ.Басымұлы
C) Ғ.Бегалиев
D) Т.Шонанов
E) Н.Сауранбаев
53. Шылауы бірге жазылған сөз
A) тыңдағасын
B) айтасың(ба)
C) оқыған(ды)
D) ермек(үшін)
E) дұрыс жауабы жоқ
54. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау
A) ма, ме, ба, бе, па, пе
B) түгіл, тұрсын, тұрмақ
C) ақ, ау, ай
D) мен, бен, пен
E) ды, ді, ты, ті
55. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау
A) туралы, сияқты
78
B) үшін, секілді
C) да, де, та, те
D) мыс, міс
E) дұрыс жауабы жоқ
56. Соң шылауы кездесетін сөз
A) келіпсің
B) келдің бе
C) келемісің
D) келесің
E) келгесін
57. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы
B) Сыртқы Істер Министрлігі
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
D) Ұлттық Банк Қоры
E) Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
58. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Сыртқы Істер Министрлігі
B) Қазақстан Халық Қаһарманы
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
D) Наурыз Мейрамы
E) дұрыс жауабы жоқ
59. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Алматы Қаласы
B) Ішкі Істер Министрлігі
C) Ғылым Академиясы
D) Президент Әкімшілігі
E) дұрыс жауабы жоқ
60. «Орфография» сөзі қай тілден енген?
A) латын
B) араб
C) орыс
D) грек
E) дұрыс жауабы жоқ
79
ІІ БӨЛІМ
ПУНКТУАЦИЯ
Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік
Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты
етіп жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс
белгілері туралы ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің
«punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған.
Қазақ тілінде төмендегідей тыныс белгілерінің түрлері
қолданылады.
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте
Сұрау
белгісі
Леп
белгісі
Көп
нүкте
Үтір
Нүктелі
үтір
Жақша
Қос
нүкте
Тырнақ
ша
Сызықша
Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді:
1)
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте, сұрау
белгісі, леп белгісі, көп нүкте.
2)
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері: үтір, нүктелі үтір,
жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша.
СӨЙЛЕМ СОҢЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте
Сұрау белгісі
Леп белгісі
Көп нүкте
Кешкі
ауа
буалдырланып,
ала-бөле теңіз
жақ
түксиіп
тұрды. (Ә.Н.)
Сондай бір әлсіз
үміт ана көңілін
алдарқатып, өң мен
түстің
арасындай
есірік халде жүр
ме? (Ә.Н.)
Былайғы кезде де
ажал
шеңгелі
адам жағасын бір
сәт босатпапты-
ау! (Ә.Н.)
Кезегі келгенде күн басына да
бір зауал төніп, қара кебінге
оранып, бар әлем тіл тартпай,
түн құшағына кіріп бара
жатады ... (Ә.Н.)
129-жаттығу.
Сұралған
тыныс
белгілеріне
сәйкес
өзіндік
мысалдарыңызды келтіріп, кестені толтырыңыздар.
Әр бірыңғай
мүшеден
кейін
сұрау
белгісінің
қойылуы
Екпінсіз
бұйрық
мәнді
сөйлем
Аяқталмаған
ойдан
кейін
көп нүктенің
қойылуы
Ұранды
сөйлем
Аяқталмаған ойдың бірінші бөлігі
сұрау
мағыналы
болғандықтан,
сұрау белгісі мен көп нүктенің
қабаттасып келуі
80
130-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып,
қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңыздар.
Үсік шалған қара қошқыл бетінің ұшына жас түйірлері қатып,
мұз бұршақтай бозарып тұр. (Ә.Н.) Қазандықтың астына қалаған сары
қи маздап жанып, үй іші жылына бастады. (Ә.Н.) Жасағанберген
шоққа беті қызып, маужырай бастады. (Ә.Н.) Биыл балық бағыты
қалай, тереңге неге кетті, тайызға қашан соғады? (Ә.Н.) Апырай,
неткен кәусар, неткен желікті саумал сүт еді сол! (Ш.А) Оһ, шіркін,
неткен тәтті су десеңші, осы судан ішкізген адамға құл болуға
Гүлсары дән риза! (Ш.А.) Ал соғыс жылдарының ішінде тұрғын
үйлердің тұрпаты қандай болады десеші? (Ш.А.) Жан-жақтан
соншама қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма? (Ш.А.) Мүмкін,
Қаратай бұл жолы да мәжілістерде әбден құлақ үйренген сөздерді
естіп, одан келер-кетері шамалы деп, ескі әдетінше аулына тарта
бермек пе? (Ш.А.) Шіркін, конкурсқа қатысқан соң, бәйге алып шығу
деген қандай жақсы! (С.Ш.) Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын,
жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе,
көрсін! (М.Ә.) Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап,
кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп
жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
131-жаттығу. Мақал-мәтелдердің тиісті тыныс белгілерін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
1) Ақ қалпақты көрінсе атакем менің демес пе Ақ жаулықты
көрінсе енекем менің демес пе 2) Білімдіге дүние жарық білімсіздің
күні кәріп 3) Көтерем түйеден безбе салтанатың емес пе Тебеген деп
биеден безбе қос қанатың емес пе 4) Еріншектің ертеңі таусылмас 5)
Еңбек қылсаң ерінбей тояды қарның тіленбей 6) Жаманмен жолдас
болсаң кесірі жұғар жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар 7) Тарта
жесе тай қалар қоя жесе қой қалар қоймай жесе не қалар 8)
Білімсіздің сөзі білектей білімдінің сөзі жібектей 9) Тазалық
денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі 10) Қарның ашса қазан ас
ет болмаса сазан ас сазан тамақ емес пе сазанды жұрт жемес пе 11)
Өнер ағып жатқан бұлақ Білім жанып жатқан шырақ 12) Қарап
жатқан жыланның құйрығын неге басасың Шағайын деп шапшыса
неге шошып қашасың
81
132-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөйлем соңына тиісті тыныс
белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Адам атын ардақта
Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді Әкесі
Әлмен баласының көңілді жүргеніне мәз болады Бірақ бүгін көңіл
деген нәзік нәрсені күте білмей Әскербек әкесін ренжітіп алды Оқиға
ойда жоқта сөзбен шиеленісті Мектептен жақсы баға алып,
жайраңдап келген Әскербек әкесіне:
– Әлмен Әлменович, әдебиет сабағынан бес алғанымды
хабарлаймын – деді
Әншейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей
қарайтын, бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды
– Балам, бойың менен биік бола бастағанға, ойың да биік бола ма
десем
– Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірмін, көке Не кінәм бар
– Әдептілік әкені құрметтеуден басталады
– Құрақ ұшып, құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба
– Мені «көке» деуші едің, енді тең құрбыңдай тергейтін
болыпсың «Ұрыс «сен» деген сөзден шығады» дейді халық
– Аты-жөніңізді толық айту да айып па
– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал
адамды құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен
туыстық қатысына қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға,
ағатайым, нағашы, жиен, бөле деу керек
– Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай
ұсақ-түйектен басталады деп ойлаған жоқ едім
– Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі
– Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе
– Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына
сыпайылап «еке» деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр
«Көкем», «Апам», «Ағатайым», «Атам» деген сөзді қосып айту –
сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр мәдениет белгісі
(«Халық тағылымы» кітабынан)
133-жаттығу.
Мәтінді
мәнерлеп
оқып,
өз
көзқарастарыңызды
білдіріңіздер. Сөйлем соңында қойылған тыныс белгілерінің ережесін
түсіндіріңіздер.
82
Сәлем...
Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең
көшенің кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып,
бірге өскен құрдасымен кездесіп қалды:
– Ассалаумағалейкүм! – деп, ол Өтеннің қолын алды.
– Сәлем! – деп Батай күлімдеп иек қақты.
Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін
жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап ашуын төкті.
– Балам, мимырт болма!..
– Неге «мимырт» боламын, Жәке!
– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере
салатын құрдасың емес ол.
– Сәлем! – дедім. Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле
сөйлеп еді ғой...
– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша
амандасу қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниет
білдіру. Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық
пен сыйласым керек. Қария кісілермен «ассалаумағалейкүм» деп
амандасады.
– Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке.
(«Халық тағылымы» кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |