Путеводитель 2015. indd


.2 Ауысу, қайта қабылдау және оқудан шығару



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата06.01.2022
өлшемі1,4 Mb.
#12499
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
4

.2 Ауысу, қайта қабылдау және оқудан шығару 

Ауысу. Білім алушылардың ауысуы курстан курсқа, бір ұйымнан басқа білім беру ұйымына, 

оқытудың  бір  нысанынан  екіншісіне,  бір  мамандықтан  басқасына  ауыстыру  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Оқытудың  күндізгі  нысанында  білім  алушылардың  ауысу  және  қайта  қабылдану  туралы 

өтініштері жазғы және қысқы демалыс кезеңінде бес жұмыс күні ішінде қарастырылады. 

Оқытудың  сыртқы  нысанында  білім  алушылардың  ауысу  және  қайта  қабылдану  туралы 

өтініштерін  білім  беру  ұйымының  басшылары  кезекті  емтихан  сессиясы  басталғанға  дейін 

қарайды. 

Білім  алушылар  қайта  қабылданған  және  ауысқан  кезде  бұрынғы  академиялық  кезеңде 

оқыған жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылық анықталады. 

Жұмыс  оқу  жоспарлары  пәндеріндегі  айырмашылықты  білімін  аяқтамаған  азаматтарға 

берілетін  оқу  карточкасының  (транскрипттің)  көшірмесінде  немесе  анықтамада  (ары  қарай  – 

Анықтама)  көрсетілген  пәндер,  олардың  бағдарламалары  мен  көлемі  негізінде  факультет 

деканаты анықтайды. 

Шетелдік  білім  беру  ұйымынан  білім  алушы  қайта  қабылданған  немесе  ауысқан  кезде 

меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт) туралы құжат, сонымен 

қатар  алдыңғы  білім  деңгейін  аяқтау  туралы  құжат  тапсырылады,    ол  Қазақстан 

Республикасында белгіленген тәртіпте мойындау рәсімінен немесе нострификациядан өткізілуі 

керек. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жою үшін білім алушы академиялық 

кезең  немесе  Жазғы  семестр  барысында  барлық  сабақтарға  қатысады,  оқу  жоспарында 

қарастырылған  ағымдағы  және  аралық  бақылаудың  барлық  түрлерін  тапсырады,  қорытынды 

бақылауды тапсыруға рұқсат алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет