Путеводитель 2015. indd



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата06.01.2022
өлшемі1,4 Mb.
#12499
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
11

 

 

 



Жұмыс  оқу  жоспары  пәндеріндегі  айырмашылық  белгіленген  мерзімде  тапсырылмаса, 

кейін академиялық қарыз ретінде есептеледі. 

Ауысу немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңнің жұмыс оқу 

жоспарының  барлық  талаптарын  орындау  және  аралық  аттестацияны  тапсыру  болып 

табылады. 

Білім  алушылар  академиялық  демалыстан  шыққанда  олардың  ауысу  және  қайта 

қабылдануы  кезінде  оқыту  курсы  пререквизиттерді  есепке  ала  отырып  анықталады,  мұнда 

қорытынды бақылау түрлеріндегі айырмашылық ескерілмейді. 

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерін минималды D-дан (1,0; 50-54%) максималды А-ға 

(4,0; 95-

100%) дейінгі аралықта бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі. 

Оқуға  қайта  қабылдау.  Жоғары  оқу  орнынан  шығарылған  білім  алушы  шығарылған 

мерзімдеріне  қарамастан  оқытудың  кез  келген  нысанына,  кез  келген  мамандыққа  және  кез 

келген ЖОО-ға білім алушылар қатарына қайта қабылдана алады. 

Ақылы  негізде  білім  алатын  тұлға  оқу  құнын  төлемегені  үшін  оқудан  шығарылса,  сол 

қарызын өтеген жағдайда шығарылған күннен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдана алады. 

Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдану  және  жұмыс  оқу  жоспары  пәндеріндегі 

айырмашылықты жою ақылы негізде жүзеге асырылады. 

Қайта қабылдау рәсімі төмендегі ретте жүреді: 

1) білім алушы ИнЕУ ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш білдіреді. 

Қайта  қабылдау  туралы  өтінішке  оқуын  аяқтамаған  азаматтарға  берілетін  Анықтама 

(түпнұсқасы) қоса келтіріледі; 

2) 

факультет  деканы  ұсынылған  Анықтама  негізінде  жұмыс  оқу  жоспары  пәндеріндегі 



айырмашылықты және оқыту курсын анықтайды; 

3)  факультет  деканының,  оқу  жұмысы  жөніндегі  проректордың  визаларына  сәйкес  ректор 

білім  алушыны  қайта  қабылдау  туралы  бұйрық  шығарады.  Қайта  қабылдау  туралы  өтініш 

кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынылады. 

Егер  білім  алушы  басқа  білім  беру  ұйымынан  қабылданатын  болса,  ИнЕУ-дің  жазбаша 

сұрау  хаты  негізінде  білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ның  басшысы  өздерінде  Анықтаманың 

көшірмесін,  оқу  карточкасын,  сынақ  кітапшасын,  студенттік  билетті  және  жіберілген 

құжаттардың хатталған тізімдемесін қалдырып, білім алушының жеке ісін жібереді. 

Қайта қабылдау туралы шешімді ректор оқу сабақтары басталғанға дейін үш жұмыс күнінен 

кешіктірмей қабылдау керек. 

Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері факультет 

деканының өкімімен ресімделеді. 

Білім  алушылардың  бір  мамандықтан  екіншісіне,  оқытудың  бір  нысанынан  басқасына 

ауысу тек қана ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады. 

Білім  алушылардың  бір  мамандықтан  және  оқыту  нысанынан  басқасына  ИнЕУ  ішінде 

ауысулары  шартқа  тиісті  өзгерістер  енгізу  арқылы  жүреді  және  ректордың  бұйрығымен 

ресімделеді. 

Оқу  кезеңінде  науқастануы  нәтижесінде  сол  мамандықта  оқуға  тыйым  салу  туралы 

дәрігерлік-кеңестік  комиссияның  қорытындысы  бар  Білім  беру  гранты  бойынша  білім  алатын 

тұлға  бір  мамандықтан  білім  беру  гранты  бойынша  ваканттық  орын  бар  басқа  мамандыққа 

ауысады. 

Оқудан шығару. Студент академиялық қарызы үшін оқудан шығарылмайды. 

Студентті оқудан шығарудың себептері төмендегідей болуы мүмкін: 

университет ректорының атына ресімделген өтініш түрінде студенттің өз қалауы; 



студенттің оқу төлемі шартының талаптарын орындамауы; 

бір ЖОО-дан басқасына ауысу; 



қайта оқу курсына шықпау; 

ЖОО-ның Жарғысын бұзу (оның ішінде корпоративті этика тәртібі мен кодексін 



бұзу). 

Студентті оқудан шығару университет ректорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

ЖОО-дан  шығарылған  студентке  меңгерген  пәндер  тізімі  туралы  белгіленген  үлгідегі 

Анықтама беріледі. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет