Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата13.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#82134
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
 
 



Python программасын орнату 
Windows-қа орнату
http://www.python.org/download/ бетінен программаның соңғы нүсқасын жүктеп алып, 
басқа программалар сняқты орнатуға болады. Кейбір опционалдық программаларды өшіру 
ұсынылса да, олардың ешқайсысын өшірудің қажеті жоқ. Олардың кейбірі, әсіресе IDLE қажет 
болып қалуы мүмкін.
Windows командалық жолынан Python-ды қолдану үшін, яғни DOS-ты шақыру үшін 
PATH айнымалысын қажетті тәртіппен орнату керек.
Windows 2000, ХР, 2003 үшін «Басқару панелі» 

«Жүйе» 

«Қосымша» 

«Айнымалы 
орталар» деген жолмен жүру керек. «Жүйелі айнымалылар» бөліміндегі PATH айнымалысын 
басу керек. Осыдан кейін «Редакторлау» таңдап, ондағы жазудың соңына ;C:\Python33 деп 
жазып аяктаңыз.
Windows 7 үшін:
1. Жұмыс үстеліндегі «Компьютер» батырмасына тышқанның оң жағын басыңыз және 
«Қасиеттері» таңдаңыз немесе «Бастау» 

«Басқару панелі» 

«Жүйе және қауіпсіздік» 

«Жүйе» басыңыз. «Жүйенің қосымша параметрлері» сол жақтан басыңыз, содан кейін 
«Қосымша» ішкі бетін (вкладкасын) басыңыз. Төменірек «Айнымалы орталар» 
батырмасын басыңыз және «Жүйелі айнымалылар» бөлімінің ішінен PATH айнымалысын 
табыңыз. Оны таңдап, «Редакциялау» батырмасын басыңыз.
2. «Айнымалының мәні» өрісіндегі жолдың соңына ;C:\Python33 деп жазыңыз.
3. Егер айнымалының мәні %SystemRoot%\system32; болса, енді ол 
%SystemRoot%\system32;C:\Python33 түрінде болады.
4. «ОК» басу керек, қайта жүктеудің қажеті жоқ. 
Интерпретатордың командалық жолын қолдану 
Терминал терезесін ашып, Python интерпретаторын іске қосыңыз: python3 командасын 
теріп, Enter-ді теріңіз. 
Windows-ті қолданушылар PATH айнымалысын дұрыс орнатқан жағдайда, командалық 
жолдан интерпретаторды іске қоса алады. Windows-тың командалық жолын ашу үшін 
«Бастау» менюінен «Орындау...» басу керек. Пайда болған командалық жолдан «cmd» теріп, 
Enter-ді басу керек. DOS командалық жолында python-мен жұмыс істеуге болады.
IDLE қолданған жағдайда, «Бастау» 

«Программалар» 

«Python 3.0» 

«IDLE (Python 
GUI)».
python3-тi іске қосқан соң, >>> белгісінің жол басында түрғанын көреміз. Бұл Python 
интерпретаторының командалық жолы деп аталады.
Енді print('Hello World') теріңіз және Enter батырмасын басыңыз. Нәтижесінде “Hello 
World” пайда болады.
Python жұмыс нәтижелерін бірден экранға шығарады. Сонымен бірге, бастапқыда Komodo 
Edit программасының көмегіне жүгінген жөн. Ол Windows, Mac OS X и GNU/Linux програм-
маларымен істеуге арналған.
Редакорды таңдау кезінде мынаған мән берген жөн. Интерпретатордың командалық 
жолында әр кез сайын программаны тере алмайтын болғандықтан, және файлдарды сақтау
қайтадан іске қосу үшін программа файлдарымен жұмыс істейтін редактор қажет. 
Программаны терген кезде қажетті элементтер әртүрлі түске боялған, орындау барысында 
қайта-қайта түзету жасауға мүмкіндік беретін Komodo Edit редакторы бар.
Windows-ты пайдаланатын болсаңыз, Блокнотты қолдану қиындық тудырады, онда 
синтаксисті жарықтандыру функциясы жоқ, автоматты түрде азат жолдар қоя алмайды, ал 
Komodo Edit программасында бұлардың барлығы бар және автоматты түрде қойылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет