Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата13.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#82134
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Литералды константалар. Литералды константа 5, 1.23, 9.25е-3 сияқты сандар; 'Бұл жол' 
немесе "It's a string!" сияқты сөйлемдер болуы мүмкін. Олар тұрақты, бір ғана мағынасы бар 
болғандықтан, литерал шамалар деп аталады. 
Сандар. Python-да үш түрлі сандар бар: бүтін, жылжымалы нүктелі және комплекс 
сандар.  
• Бүтін санға мысал: 2.
• Жылжымалы нүктесі бар санға мысал: 3.23 және 52.3Е-4. Е белгісі 10 санының дәрежесін 
көрсетеді.



• Комплекс сандарға мысал: (-5+4j) және (2.3 – 4.6j)
Ескерту: ‘long int’ (ұзын бүтін сан) деген жеке тип жоқ. Бүтін санның ұзындығы еркін 
түрде болады.
Қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдары басқа тілдердегідей (мысалы, С, Java) жұмыс 
істейді, бірақ дәрежеге шығару ** амалы арқылы өзгеше орындалады. Өрнектерді топтастыру 
үшін жақшаны қолдануға болады. Төмендегі айнымалылардың мәнін өзгертіп, нәтижені көр. 
Жақша, бірнеше сандар арқылы өрнектер жазып үйрен және экранға шығар.
a = 
24 

2
# Қосу 
b = 


20
# Азайту 
c = 
12 

6
# Көбейту 
d = 
12
/
1.2
# Бөлу 
e = 
34
**
2
# Дәрежелеу 
print
(
"a-->"
, a) 
print
(
"b-->"
, b) 
print
(
"c-->"
, c) 
print
(
"d-->"
, d) 
print
(
"e-->"
, e) 
Сөз тіркестері. Сөз тіркестері немесе тіркестер (string – строка) дегеніміз – бір-
бірімен жалғасқан символдар тізбегі. Көбінесе олар сөздер жиынынан тұрады. Мұндағы 
Unicode стандарты бойынша жазылатын тіркестер кез келген тілдегі (қытай, араб, жапон, 
т.б.) сөздер мен сөйлемдерді таңбалауға мүмкіндік береді.  
Ескерту: Python 3 программасында ASCII кодындағы таңбалар жоқ, өйткені ASCII 
таңбалары Unicode құрамына енгізілен. Егер ASCII кодындағы сөзді жазу керек болатын болса, 
str.encode("ascii") командасын қолдану керек. Жалпы мұнда келісім бойынша символдардың 
бәрі де Unicode арқылы беріледі.
Тіркестер (қысқаша str) кез келген мәтіндік ақпаратты жазу үшін қажет. Олар бір-біріне 
жалғасқан символдар тізбегі болып келеді. Python программалау тіліндегі тіркестердің 
барлығы да Unicode арқылы кодталған символдар болып табылады. Тіркестерге қолданылған 
операциялардың ешқайсысы да бастапқы берілген тіркесті өзгертпеуі тиіс. Тіркестер қос-
тырнақша немесе жалқы тырнақшамен (апостроф) қоршалып жазылады ("тіркескен сим-
волдар" немесе 'символдар тіркестері'). Тіркестерді өңдейтін операциялар нәтижесінде жаңа 
тіркестер пайда болады, бірақ бастапқы берілген тіркестер тұрақты түрде сақталуы тиіс,
тіркес құрылған соң, оны өзгертуге болмайды. Егер оларды өңдеп өзгертетін болсақ, басқа 
атпен сақтау қажет.
Тіркестерді тырнақшалармен қоршап жазу кезінде олардың ішіндегі бос орындар мен 
табуляция белгілері де бір символ болып саналады. Қос тырнақшалар мен жалқы тырнақшалар 
бірдей мағынада қолданылады. Мысалы, "What's your name?"
Python тілінде үшем жалқы тырнақшалар (''') да қолданылады. Олар бірнеше жолдардан 
тұратын түсініктемелердің (комментарийлердің) алды-артына қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет