Функцияға параметрлерді беретін стандартты формаға қосымша аргументтің қай параметрге сәйкес келетінін тағайындайтын төмендегідей формат та қолданылады:
параметр_аты = мәні мұндағы параметр_аты - бұл параметр түріндегі айнымалы аты, ал мәні - сол параметрге берілетін мән. Осы синтаксиске сәйкес берілген аргумент атаулы аргумент деп аталады. Келесі программа атаулы аргумент жұмы- сын көрсетеді.
Мұнда банктің белгілі бір уақыт кезеңінде (мерзімде) жинақтаған қарапайым пайыздық кірістерін көрсететін show_interest функциясы қолданылады. Функ- ция principal (шоттағы негізгі қаржы мөлшері), rate (көрсетілген мерзімдегі пайыз мөлшері) және periods (мерзімдер саны) аргументтерін қабылдайды. Программада функция шақырылғанда, аргументтер атаулы аргументтер ретінде беріледі.
Функциядағы атаулы аргументтер
def main(): # Бұл программа атаулы аргументтерді қолданады # 1 мерзімдегі пайыз мөлшерін - 0.01, мерзімдер санын – 10, # шоттағы қаржы көлемін - $10 000 қолдана отырып, # пайыздық кірістер көлемін анықтау show_interest(rate=0.01, periods=10, principal=10000.0) # show_interest функциясы пайыздық кірістерді анықтайды. def show_interest(principal, rate, periods): interest = principal * rate * periods print('Қарапайым пайыздық кіріс көлемі$',
format (interest, '.2f'), sep=' ')
main () # Басты функцияны шақыру Нәтижесі:
Қарапайым пайыздық кіріс көлемі$ 1000.00
Мұнда principal параметрінің функцияда 1-ші болып тұрғанымен, оны шақыруда 3- ші орында тұрғанына назар салыңыздар
Кездейсоқ сандарды пайдалану
Алғашқы қарастырылатын randint функциясы, ол нүкте арқылы random.randint түрінде жазылады. 1 мен 100 арасындағы бүтін сандар алу функциясын шақыру жолы: