import random Enter random.seed(10) Enter random.randint(1,100) Enter 74
random.randint(1,100) Enter
5
random.randint(1,100) Enter
55
random.randint(1,100) Enter
62
random.randint(1,100) Enter
74
Енді осы әрекеттерді қайталасақ, 74, 5, 55, 62 тізбегі қайталана береді.
Бақылау сұрақтары
Кітапханалық функция деген не?
Кітапханалық функциялар неге "қара жәшік" деп аталады?
Кездейсоқ сандар беретін random модулінің бастапқы мәні не үшін керек?
Егер кездейсоқ сандар алу кезінде бастапқы мәндер бірдей болатын болса,
ол неге әсер етеді?
Кездейсоқ сандар алу кезінде тұрақты сандар тізбегін алу үшін не істеу
керек?
Мән қайтаратын функциялар
Мән қайтаратын функция жай функциялар тәрізді жазылады, тек оның бір
ерекшелігі: функция жұмысын аяқтар шақта, return нұсқауы көрсетіледі:
def функция_аты():
нұсқау нұсқау
...
return өрнек
Сонымен, функцияның бір нұсқауы return болуы тиіс, оның жазылуы:
return өрнек
return сөзінен кейінгі өрнек мәні программаның функцияны шақырған бөлігіне жіберіледі. Ол кез келген мән, айнымалы немесе мәні бар өрнек (математикалық өрнек) болуы мүмкін, мысалы:
def sum(num1, num2): result = num1 + num2 return result
Мән қайтаратын функциялар
Программаның толық мәтіні:
def main(): # Бұл программа функция мәнін қайтарады first_age = int(input('Жасыңызды енгізіңіз: ')) # Жас енгізу # Қолданушының жақын досының жасын енгізу second_age = int(input("Досыңыздың жасын енгізіңіз: ")) total = sum(first_age, second_age) # Екі жас қосындысын табу print('Екеуін қосқанда, ', total, 'жас.') # Жастар қосындысы # sum функциясы 2 аргументтің қосындысын табады