Python тілінің тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алғашында Python тілі Ameoba операциялық жүйесімен әрекет етуге қабілетті ABC бағдарламаллау тілінің ұрпағы ретінде алынған. Кеиінірек Python дамып,ең басты және маңызды бағдарламаллау тіліне айналды.Ең алғаш жаңарту Python 2.0 жаңа нұсқасы жарық көрді. Біл жаңа нұсқада көптеген функциялар мен жаңа алгоритмдер түрін көрсетті. Жаңартудан кейін Python тілінің қолданушылары арта түседі. Алайда бұл тілдің жаңарту бұнымен біткен жоқ. 2008 жылдың 3 желтоқсанында Python 3.0 жарық көреді.
Python-ның жаңартулары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Python-ның басқа бағдарламалау тілінен ерекшелігі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жоғарыда айтып өткендей Python тілі ABC тіліне ұқсас болып келеді. Қазіргі таңда көптеген бағдарламаллау тілдерінде бірнеше алгоритмды бір функцияның ішіне салу үшін жақша ({}) қойылады. Ал Python тілінде функциядан кеиін қос нүкте қойылып, алгоритмдер келесі қатардан бірнеше бос орын қалдырылып жазылады. Сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінен басты ерекшелігі Python тілінде ақпарат түрлерінің (типы данных) үлкен орын алады. Сол себепті int, double секілді ақпарат түрлеріне үлкен мәнді сандар сия алады.
Бағдарлама үлгілері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Hello World бағдарламасы:
print('Hello, world!')
Санның факториалын есептейтін бағдарлама:
n = int(input('Type a number, and its factorial will be printed: '))
if n < 0:
raise ValueError('You must enter a non negative integer')
factorial = 1
for i in range(2, n + 1):
factorial *= i
print(factorial)
API құжаттама генераторлары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
API құжаттама жасайтын құралдарға pydoc, Sphinx, Pdoc және оның форктары Doxygen мен Graphviz және т.б. жатады.
Танымалдық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2003 жылдан бері Python TIOBE бағдарламалау қауымдастығының индексінде тұрақты түрде ең танымал бағдарламалау тілдерінің ондығына кіреді, мұнда 2021 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша ол ең танымал тіл болып табылады (Java және C тілдерінен алда).[1] Эмпирикалық зерттеу Python сияқты сценарий тілдерінің C және Java сияқты кәдімгі тілдерге қарағанда жолды өңдеу және сөздікте іздеуді қамтитын бағдарламалау мәселелері үшін өнімдірек екенін анықтады және жадты тұтыну жиі «Java-дан жақсырақ және жақсырақ емес» екенін анықтады. C немесе C++ қарағанда әлдеқайда нашар».[2]