Бала 2 жас 10 айда. Дене дамуы бойынша (ДД) – 1 дәрежедегі салмақ жетіспеушілігі, жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) бойынша – III топ, 1- дәрежесі. Бір жыл ішінде жедел респираторлы аурулармен ауырмаған, Hb - 85г/л. Бала қай денсаулық тобында бақыланады?
бірінші
екінші
үшінші
төртінші
бесінші
8-айлық баланы қарау кезінде тығыз, сол жақ қолтықасты аймағында ауырсынусыз лимфа түйіні анықталды; флюктуация байқалады. Күнтізбе бойынша вакцинацияланған. ЖТД тактикасы – консультация алу үшін баланы қандай маманға жіберу қажет?
хирургке
педиатрға
иммунологқа
фтизиатрға
эндокринологқа
5-күндік бала біріншілік дәрігерлік патронажда қаралуда. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бұлшықеттер тонусы, тіндердің тургоры сақталған, физиологиялық рефлекстері шақырылады. Тері жамылғысы қалыпты түсті, маңдай, мұрын маңы, желке, қас аймағында қызғылт-көкшіл дақтар мен жолақтар көрінеді. Дақтар дұрыс емес пішінді және әртүрлі көлемде. Саусақпен басқан кезде қызару жоғалады, бірақ кейін қайта пайда болады, жылаған кезде күшейеді. Болжам диагноз
гемангиома
пигментті дақтар
«монғолоидты» дақтар
телеангиоэктазия
нейротерілік меланоз
Бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, температурасының жоғарылауы мазалайды. Өкпесінде қатқыл тыныс, жөтел кезінде азаятын құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
бронхиолит
бронхопневмония
созылмалы бронхит
жедел бронхит
обструктивті бронхит
Бала 3 жаста, ауырғанына 5-ші күн. Ауру дене температурасының 38о С қа көтерілуінен басталған, жөтел, мұрын бітелуі, жарықтан қорқу мазалайды. 3күннен соң айқын катаралды белгілердің фонында дақты-папулезды, қоңыр-қызғылт түсті бөртпелер пайда болған, кей жерде тұтасқан: 1-ші күні-құлақ артында, бетте, мойында; 2-ші күні-кеудесінде, қолдарында; 3-ші күні-аяқтарында. Ата-анасының бас тартуына байланысты вакцинация алмаған. Ең ықтимал диагноз?
қызамық
иерсиниоз
скарлатина
қызылша
желшешек
10 жасар ер бала тамақ ішкеннен кейінгі ішіндегі ауырлыққа, шіріген иісті кекірікке, кейде құсыққа, тәбетінің төмендеуіне, нәжісінің сұйылуына шағымданады. Қарау кезінде – тілінде ақ жабынды, эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Баладағы жетекші клиникалық белгіні анықтаңыз:
ауырсыну
интоксикациялық
астеновегетативті
диспепсиялық
полигиповитаминоз
Қыз бала 7 жаста. Мектепте оқиды. Соңғы 6 ай бойы бас ауруы, әлсіздік, тамақ қабылдаумен байланысы жоқ эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Бірінші кезекте қандай диагностикалық зерттеу жүргізген жөн?
асқазан сөлінің PH-ы