Балаға 4 ай, анамнезі ауыртпалықсыз, емханадағы екінші алдын ала егілуі «Пентаксим» екпесімен жүргізілген. Оның алдындағы екпелерін, соның ішінде, гексаксим және превенарды жақсы көтерген. Екпеден кейінгі күні анасы дәрігерге баласының дене қызуының 38,0ºС көтерілуіне, мазасыздыққа, екпе орнындағы гиперемия мен тығыздыққа шағымданды. Қарау кезінде дене температурасы 37,8ºС. Мүшелер мен жүйелер жағынан патологиялар жоқ. Нәжісі ботқа тәрізді. Екпе орнында орташа ауыртпалықты, диаметрі 2×3 см болатын инфильтрат, 4 см-ге дейінгі гиперемия анықталды. Анасына бұл жағдайды түсіндіріңіз:
Салқын абцесс
Поствакцинальды асқыну
Екіншілік инфекция қосылуы
Поствакцинальды реакция
Жедел респираторлы инфекция
Дене қызуының 37,3°С-қа көтерілуі мен сол жақ құлағының ісінуіне шағымданған 2 жасар ер балаға шақыру жасалды. Балаға 9 күн бұрын КПК (қызамық-паротит-қызылша) вакцинасымен иммунизация жасалған, оның алдында 1 ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Анамнезінде: бір жасқа дейін атопиялық дерматит сипмтомдары анықталған, сол себепті жекеленген график бойынша екпелер алынған. Осыған дейін анасы КПК вакцинасынан жазбаша түрде бас тартқан; бір ай бұрын екпе жүргізуге ақпаратты келісім берген. Гепатит В, туберкулез, пневмококкты инфекцияға, полиомиелитке қарсы және АбКДС вакцинацияларын жақсы көтерген. Қарау кезінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, орташа ылғалдықты. Араны қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сол құлақ маңы безінің ісіңкілігі мен аздаған ауырсынуы, сол жердегі тері қыртысының қалыңдағаны байқалды. Ішкі мүшелері патологиясыз. Менингеальды белгілері жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Поствакцинальды асқыну