Славянтілінен
– Большевик+тер+ов < большевик көпшілдер,
Көржік < коржик < корж тәтті нан;
Мороз+бай < мороз > морозъ аяз;
Сөлке+бай< целковый < целый бүтін сом;
Айболит < ай, болит < Айболит аң дәрігері, (К.Чуковский);
Самогон < дәнді дақылдардан, тамырлы жемістерден, қанттан жасалатын спирттік ішімдік;
Самопал < шиті мылтық;
Сорок+бай > сорокъ - қап, көйлек, 40 бұлғын терісін 1 қапқа салудан шыққан; Суслик+көз < суслик сусьлъ > сусати ысылдау;
Мәскеубай < Москва; Уколсалғышова < укол шаншу, түйреу;
Угарова < угар > угарати күйдіріп алу;
Мұжық+бай < мужик < қара шекпен;
Ворон+ова > vornъ қарға;
Пожарский < по+жаръ ыстық т.б.
Ағылшын тілінен Футбол+бай < футбол < foof - аяқ, ball доп
Латынтілінен
Бетон+бет betumen битум,
Вино+құл <вино < vinum ветвь,
Спирт+бай < спирт >spiritus дем, дем алу, тыныс,
Машина+тегі< machina-механикалық құрылғы,
Насеком < Дефицитұлы < дефицит тапшылық,
Актішілов < асtus, Алиментшин < alimentum – асырау бағу,
Папирос+бек < papyrus – қағаз,
Фабула т.б.
Грек тілінен
Жәгөр < Егор,
Кереует< krabbtion, Магнит+бай < Magnetis lithos Магнесия тасы,
Совет+бай < Метал+тіс < metallon кен, Газ+ова < chaos, Пародия+ғали < parodie одаға қарсы,
Паразит+ович < parasiton,
Понетекэ < фонетика phone дыбыс т.б.
Неміс тілінен
Рәпира < рапира сайыс қылыш,, Вагон+бек < wagen арба, Князов < kuning ру басы, Доллар+бек < taler ақша өлшемі, Испантілінен sigarro < cигарет < Сигарет+ин. Итальян тілінен
Кәмпит < confetto< лат.confectum дайындалған дәрі ,
Мадонна құдай -ана, Тенор+бек < tenore еркектің биік даусы,
Cонета <сонет лирикалық өлең,
Шарлатан < сiarlare алдаушы, көз бояушы.
Поляк тілінен
Фабрик+бай < fabryka < лат. fabrika шеберхана , Бөтелке <бутылка < botelka < лат.buttis кеспек т.б.
Француз тілінен – Ботинка < ботинка, Коньяк <коньяк , Миллион+бай< миллион, Шампан+гүл,
Шампан+бек < vin de Champagne <Шампань -провинцияның аты, Скелет+бай < скелет,
Панфлет+хан <панфлет т.б.
20-дан астам СЮП-тер дыбыстық жағынан қазақ тілінің заңдылықтарына сай өзгеріске түскен, фонологиялық жүйесіне бейімделген:
ботинка→ Бәтіңке+қызы,
Егор→ Жәгөр,
кореец→ Кәріс+бай,
кровать→ Кереует купец→ Көпес+бай,
поезд→ Пойыз+бек,
сумка→ Сөмке+бай,
совет→ Сәбет+бай,
спирт→ Спірт+қали,
артист→ Әртіс+бай,
монпансье→ Мәмпәси,
бутылка→ Бөтелке,
целковый→ Сөлке+бай,
конфета→ Кәмпит,
Москва→ Мәскеу+бай,
Ташкент→ Тәшкен+бай,
поршень→ Поршын+баева,
мужик→ Мұжық+бай,
генерал→ Жандаралин,
мишура→ Мәшура,
рапира→ Рәпира,
завод→ Зауыт+бек,
коржик→ Көржік,
тост→ Тосты+құл,
фонетика→ Понетекэ т.б. Шет тілінен алынған аттар: Афродита, Жорж, Лора, Жизель, Марс, Пародияғали, Сатирин, Эльза т.б.
Мифология атаулары ежелгі грек-рим елдерінде өте көп кездеседі. Олар планета, жұлдыздарға ат беріп, ылғи тәңір аты ретінде ұғынады.
Мысалы:
Марс – соғыс тәңірі,
Гео – жер тәңірі,
Юпитер – аспан тәңірі,
Нептун (су), Сатурн (егіс),
Уран (көк) т.с.
Муза – көркем өнер тәңірі,
Гигиена – денсаулық,
Сатира – арақ-шарап, сауық тәңірі.
Екатерина– грекше таза, бұзылмаған деген мағына береді. Батыстық дәстүр бойынша е дыбысы түсіріліп, Катерина, катрин, Кэйтрин деп аталады. Католиктерде Катерин деген ер адамның есімі де болады. Ресейде тегі итальян, өзі композитор Кавос Катерин Альбертович (1798-1840) өмір сүрген. Кейін оның Иван, Альберт дейтін ұлдары Катеринович деп аталынған [Успенский Л.В., 1962, 672 б].
Афродита – грек тілінде көбіктен туған деген мағынаны білдіреді.
Аңыз бойынша, Уран планетасының сынығы теңізге түскенде пайда болған. Афродита – мәңгі көктем мен өмір құдайы, оны тек сұлулық пен махаббат құдайы – римдік құдай Венерамен ғана теңестіреді. Оның есімінің Сирия, Парсы, Араб елдеріне, тіпті, скифтерге дейін тарағаны жайында Геродоттың жазбасында бар.
Жизель – фр. Gіsele, немісше – Гизела, көне герман тілінде садақ ұғымын береді. Итальян тілінде Джизелла, француздар Жизель деп атайды. Сатирада жеңілтек, сәнқой, кербез қыз бейнесін осы атпен берген.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың ішінде мифонимдер де кездеседі. Олар планета, жұлдыздарға тәңір ретінде табынып, ат берген. Мысалы: Марс+бек, Афродита, Жорж, Жизель, Лора, Эльза, Мадонна. Аяз Ата. Жаңа жыл мейрамында балалар асыға күтетін аяз кейпіндегі ақ сақалды бейне, орыстарда – Дед Мороз, шет елдерде – Санта-Клаус, қазақтарда – Аяз Ата.
Тарихтан белгілі, Англияда үкімет басына Оливер Кромвель келгеннен кейін, жүз жылдай бұл атты ешкім қолданбаған, сондай-ақ Адольф Гитлер Австрияға басып кіргендіктен, 20 жыл бойына Венада бірде-бір адам баласына мұндай атты бермеген. Адамның мәдени өміріне ерекше ықпал етуші факторлардың бірі «модалы есімдер» әдебиеттен де көрініс тапқан. Қоғам өмірінің дамуы, болып жатқан өзгерістер, сатириктерден жаңа көзқарастар талап ететіні анық.
Өткен ғасырдың 20-40-жылдарында Э дыбысынан басталатын ерекше есімдер ат қоюда сәнге айналды: Эльвира, Элиза, Эстелла. Эльмира, Эльвина, Элита. Шухардтың мынандай анықтамасы бар: «Поскольку имя – это предмет духовной культуры, мода на имена приближается к модам на литературные произведения или картины, созданные в определенном стиле, и коренным образом отличается от моды на платья или тросты».
Эльза – Элизавет деген аттың қысқартылған түрі. Көне еврей тілінде менің құдайым – ант деген мағынаны білдіреді. Сөйлеу тілінде Лизавета, Лисавета, шіркеу тілінде – Елисавета деп қолданылады. Француздар Элизавет деп, ағылшындар – Элса, Элайза деп те атай береді.
Лора– кейбір зерттеулер орыс тіліндегі басқы Л әрпі мен октябрь революциясы дегеннің қосындысынан пайда болған деп жүр. Батыста Лора немесе Лаура деп қолданылады, болгарлар флора деп те атайды.
Тарихи-мәдeни өзгерістер, ғылым-техниканың қарыштап дамуына байланысты көптеген жаңа сөздер пайда болды. Мысалы, Ракета+жан, Косманавт+жан, Совхоз+бек, Ферма+бай, Хатшы+бай, Совет+бай, Пойыз+бек, Газ+ова Сауна+гүл т.б сөздер арқылы жасалған СЮП-тер – әр кезеңнің куәсі екенінің дәлелі.
Зерттеуге алынған 100-ден астам экзонимдерді зерттей келе, сатиралық-юморлық бейне жасауда стилистикалық мақсат қойылғандығын дәлелдеуге тырыстық. Аяз Ата, Иван, Жорж секілді аттарды прецедентті ат деуге келеді. Кейбір күрделі мәселелерді астарлап жеткізетін – ирония. Характер жасауда ирониялық ойдан туындайтын сатира мен юморлық кейіпкер аттар дүниеге келеді.
Тілімізге орыс тілі (грек, латын, ағылшын, француз, неміс, итальян т.б) арқылы енген сөздерден 100-ге жуық сатиралық-юморлық поэтонимдер жасалған, бірақ экзоним фамилиялардың саны аз: Үйалғыш Алиментшин < алимент жәрдем ақша, Бәтіңкеқызы < фр. ботинка етік, Білдіртпей Уколсалғышова < укол ине шаншу, Таптырмас Дефицитұлы < дефицит тапшылық, Угарович < слав. угар ~ жану, Поршынбаева < ор. поршень ~ порхать, Түтінгүл Газова < гр. хаос, Князев < нем.князь ~ өлке билеушісі, Жандаралин < ор. генерал, Сөлкебаевич < ор. целковый бүтін ақша, Магнитов < гр. магнит, тас (кіші Азияда Магнесия), Мұжықбаев < мужик орыс қарашекпені, Сигаретин < исп. сигара, Воронова < лат. ворона қарға, Петухова < ор. петух ~ қораз, Бетонбайұлы < лат. битум.
Кейіпкер аттарынан басқа халықтың өмірінен де мәдени ақпарат береді, дәстүр ұқсастығы, ұлттық болмысы бар деп есептелген сөз ұлттың әлеуметтік, этникалық, саяси-адамгершілік, тұрмыстық нормаларынан қандай мәлімет жеткізеді дегенге назар аудардық. Кірме аттар мен жасанды аттар сатира мен юморда эмоциялық-экспрессивті ыңғайда белгілі бір комикалық әсер беру үшін қолданылғандығын және стилистикалық мақсат қойылғандығын дәлелдеуге тырыстық. Қорыта келгенде, бұл тарауда поэтонимдердің мағыналық топтарына лексика-семантикалық және тақырыптық-мағыналық топтастырулар жасалып, олардың уәжделуі, кейбір сөздердің мағыналарын ашу арқылы сатиралық-юморлық ат қою ерекшелігі айқындалды.