Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет50/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   111
Байланысты:
annotation30756

12. еш қосымшасыз сөздердің тіркесуі арқылы жасалған патронимдер сатира мен юморда аз кездесті: Табаны Қышыған, Текекөз Ешкіауыз, Тұрлаусыз Телегетай, Сорбақ Сынықсүйем, Арман Таудай, Қалтақағар Қырсықпа т.б.
Патронимдер мен поэтонимдердің тілдік табиғатын салыстыра отырып, семантикалық жағынан өзгеше реңкі бар екенін жоғарыда келтірілген мысалдар дәлелдейді.
Сатирик қаламгер образ жасауда жеке адамға тән мінез, нанымын, ой-пікірін, өмірге көзқарасын, күйініш-сүйінішін, сөздік қорын қолдануына дейін қамтыған. Кейіпкер атының қойылуына қарап, автордың көзқарасын, стильдік ерекшеліктерін де тануға болады. Әр кейіпкер аттары жай атаулар емес, оның астарында комплексті экстралингвистикалық ақпараттың мол жиынтығы бар.
Қорыта келгенде, фамилия өмірде әр адамның отбасы байрағы десек, белгісі, әлеуметтік таңбасы, ұлттық нышан десек болар. Фамилияға қарап, қай ұлттан шыққанын білуге болады: Абдуллин – татар, Бұлбұлоғлы – түркімен, Петров – орыс, – башқұрт, – өзбек, Джигарханян – армян, Кикабидзе – грузин т.б. Патронимдердің жасалу моделіне қарап, қазақ халқының өткен жолындағы іздерін, өзіндік танымдық ерекшеліктерін, тілдік-мәдени белгілерін тануға болады.


2.3 Гендерлік негізді кейіпкер аттарының жасалу жолдары
Қазақ тілінде адамның жынысына қатысты атаулар гендерлік деп аталынып жүр. Бұл топтағы кейіпкер аттары антропоним және патроним түрінде жасалған. Сатириктер өз кейіпкеріне гендерлік негізде ат беруде төмендегідей үлгі қолданған: бірінші, өмірде кездесетін жаңа туған нәрестеге берілетін аттар (Қыздығой, Қыздаркүл, Қыздыкүл, Ұлтабар т.б.), екінші, өмірде қойылмайтын, ойдан алынған аттар (Әйелбек, Әліқыз, Қызтапқан, Қыз Жүлік).
Адам жынысына қатысты кейіпкер аттарын әйел, ер деп үлкен екі топқа, одан әрі қазақи ұғымға сай жіктедік, олар төмендегідей қатар құрайды:
І. Сәби – қыз – бала – келіншек – әйел – қатын – кемпір.
Бала → Әлі+бала, Дәрі+бала, Қыз+бала, Бала+гүл, Бұй+бала, Күнбала, Май+бала т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет