Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Антоним мағыналас немесе контрастивті аттар



бет63/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.5 Антоним мағыналас немесе контрастивті аттар
«Антонимдер сөйлем ішінде тек қарама-қарсылыққа түспей, күшейту, қосымша мағына үстеу, нақтылау, салыстыру, бірлесу, ауыстыру т.т. көрсетеді» [Жүс,11].
Кейіпкер патронимдері бір біріне қарама қарсы ұғымдардан – антоним болып келетін сөздерден жасалған. Контексте мысқылдау, шенеу мақсатында бір-біріне қарсы мәнді сөздерді қолдану – ирония жасаудың тамаша әдісі.
Мұндай кейіпкердің аты-жөні қатар аталатын мысалдар І.Жансүгіров, Ғ.Қабышұлы, М.Шерім, Ү.Уайдин, шығармаларында кездеседі, фамилиялар антонимдес сипатта болып келеді:
Алымшыл Алмасов < алымшыл ~ алмас,
Жаңғақ Шиебайұлы <жаңғақ ‘қатты’ ~ шие ‘жұмсақ’,
Дегіш Титықбаев < дегіш ‘тынбай сөйлеу’ ~ титықтау ‘шаршау’,
Дырдай Жұрдаев < дырдай ‘үлкен, бар болу’ ~ жұрдай ‘жоқ болу’,
Бөкен Арыстанович < бөкен ‘жуас’ ~ арыстан ‘сұсты’,
Жұдырық Кеңірдеков < жұдырық ‘күшті’ ~ кеңірдек ‘әлсіз’,
Көжек Тайлақов < көжек ‘қорқақ’ ~ тайлақ ‘асау, тентек’,
Жасқали Кәріғалиев < жасқали ‘жас’ ~ кәріғали ‘кәрі’,
Қоян Қорықпасов < қоян ‘қорқақтық’ ~ қорықпас ‘батылдық’,
Қамысбай Жантақов < қамыс ‘ұзын’ ~ жантақ ‘аласа’,
Пұлбай Тиынсызов < пұл ‘ақша’ ~ тиынсыз, ‘ақшасыз’,
Шырпы Шымырбаев < шырпы ‘әлсіз’ ~ шымыр ‘мықты’,
Шыбыш Текебаев < шыбыш ‘ешкінің ұрғашысы’ ~ теке ‘еркегі’, Мәндібай Мәнсізбай < мәнді ~ мәнсіз.
Сондай-ақ Барбол < бар бол ~ Жоқбол < жоқ бол деген де аттардың кездесуі - халықтық философия секілді, мысалы күн мен түн, өмірдің ащысы мен тұщысы, ақ пен қара, яғни алма кезек дүниенің ұғымын береді.
Бұның негізінде семантика-стилистикалық принцип жатыр. Біріншіден, «ақ» пен «қара» сияқты градуалды антонимдік жұп түзбейді. Екіншіден, адамның қарама-қарсы мінез-құлықтары мен пиғылдары қарама-қарсы семантикалық құбылыс болғандықтан, контрастивті жұп қатарын түзейді. Үшіншіден, логикалық жағынан қарағанда, қарама-қарсы қойылған ұғымдардан күлкі туғызып қана қоймайды, ол күлкіден оқырманның сезіміне, эмоциясына әсер етеді. Сатириктердің сөз байлығы, стильдік ерешеліктері, авторлық көзқарастары – тіліміздегі антоним, синоним сөздерді қолданысқа түсіруінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет