Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Сөйлем типтес немесе фразаланған аттар



бет65/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.6 Сөйлем типтес немесе фразаланған аттар
Әрбір кейіпкер атын жан-жақты тану, талдау барысында оның синтаксистік қызметі, оның ішінде сөз тіркесті, сөйлем сипатты болып келетін аттарды қолданыс шеңберінде қарауға тырыстық. Кейіпкер бейнесін жасауда кейіпкер атындағы синтаксистік құрылымдар белгілі бір стильдік қызмет атқарып, кейіпкердің мінез-құлқын, көңіл-күйін ашуға көмектеседі. Жазушы қолданысындағы синтаксистік құрылымдар мәтіндегі негізгі қызметінен басқа кейіпкердің әртүрлі эмоциялық күйін, кекету, мысқылдау, ренжу, жек көру сияқты мағыналарды білдіру үшін қолданылған.
Орыс ономастарының көрнекті ғалымы А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, «тілдегі жалқы есімнің арнайы ерекше қызметі жоқ. Олардың негізгі грамматикалық қызметі – сөйлемде бастауыш пен толықтауыш қызметін атқару, ал негізгі лексикалық қызметі – атау» деп атап көрсетеді. Біздің жұмыста жалқы есім кейіпкер аты болғандықтан, мифологиялық, коммуникативті, экспрессивті, кумулятивті, танымдық, идеологиялық, ең бастысы стилистикалық қызметі қарастырылған.
«Кез келген жалқы есімнің шағын мәтін іспетті болып, әдетте етістік арқылы жасалуы фразаланған ат деп аталады» [Подольская Н.В., 1988, 62 б]. «Сөз тіркестері де, сөйлемдер де жалқы есім бола алады, бөлінбейтін тұтас құрылым ретінде саналып, субстантивтеніп, зат есім қызметін атқарады, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады» [Мәдиева Г., Б.Иманбердиева С.Қ., 2005, 113 б].
Көне герман тіліндегі екі мүшелі аттарды зерттеген ғалым Т.В.Топорова өз зерттеуінде «Поскольку элементарный поэтический образ создается двумя компонентами, каждое двучленное имя собственное следует интерпретировать как ономастичический микротекст, минимальное поэтическое сочетание, в организме которого принимает участие оба его элемента» [135,137б] деп, яғни мұндай жолмен жасалған аттарды микромәтін түрінде қарастырады.
Мәтін тіл бірліктерінен жасалып, тілдің прагматикалық, комикалық әсерін туғызатын ұғымды білдіретін стилистикалық бояу сөздің семантикасына кіреді. Өйткені, ирония, каламбур, дыбыстық еліктеу т.б. стилистикалық әдістер көмегімен экспрессивтік әсер туғызуға болады. Басқаша айтқанда, сөз мағынасы (бояуы) дегеніміз – мағынаға қосылған үстеме информация. Құрылымы жағынан бастауыш, баяндауышы бар белгілі ойды білдіретін кейіпкер аттарын сөйлем сипатты аттар деп алдық. Мысал келтіретін болсақ: Қыздығой (қызды қой), қыз – зат есім , -ды – табыс септік жалғауы, қой – етістік, яғни «қыз туғанды қой, енді ұл керек» деген ойды білдіріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет