Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Этнопоэтикалық сипатты аттар



бет73/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111
3.1.1 Этнопоэтикалық сипатты аттар
Халықтық мәдениеттің өрнектері тілде көрініс береді. Этностың өткен жолы тілдік этномәдени қорында сақтаулы.
Профессор Ж.Манкеева «... әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, диниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажетті бұйымдарды, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы т.б. қазақ тілінде сақталып, тіл арқылы ұрпақтан-ұраққа беріліп отырады» [145,43 б],– деп мәдени лексиканың сипатын зерделейді.
Рухани мәдениет лексикасын арнайы зерттеген С.Жанпейісова: «рухани мәдениет – халқымыздың этномәдениет өміріне, өмір тәжірибесіне қатысты атаулар жиынтығын, этномәдени өмірдің өзіндік ерекшеліктерімен, рухани ескіліктердің тілдік көріністерін анықтайды. Ол – жалпы этносты танудың, әсіресе, оның интеллектуалды ерекшеліктерін танудың құралы»,– деп көрсетеді [147,24б]. Рухани мәдениет материалдық мәдениеттен халықтық мазмұнымен бірге, шексіз ұлттық танымға толы жұмбағымен, адамдық қасиетін танытатын категорияларымен (адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбиелік т.б.), ғасырлар бойы қалыптастырып, тұрақтандырған салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Салт - дәстүрлер – рухани мәдениеттің негізгі аспектісі.
«Ономастикада мәдениет өзінің жан-жақты көрінісі арқылы бейнеленеді, алайда ол әртүрлі жолмен беріліп отырады. Бір жағынан алып қарағанда, есімдер тілде ғана жасалады, осы тұрғыдан алғанда, олар үшін ең бірінші және басты нәрсе – рухани мәдениет. Басқа бір жағынан қарастырғанда, жалқы есімдер сөз ретінде тек қана рухани емес, сондай-ақ материалдық мәдениеттің кез келген фактілеріне мән береді» [22,129 б].
Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеуді этностың өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшеліктері арқылы танып білу деп ұғынғандықтан, жинақталған ономастикалық бірліктерді, яғни кейіпкер аттарын сан жағынан ғана түгендеп шығу емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралап шықтық. Этнопоэтикалық поэтонимдерге (ЭП) ұлттық дүниетаным, ерекшелікті білдіретін салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәріздес ұғымдар жатады.
«Этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [146,21 б]
Салт-дәстүр – тарихи көне процесс. Қай салттың қашан туып, қалай дамығанын тап басып айту оңай емес, дегенмен оларды кейде тарихи оқиғалардың ізінен де табамыз. Қазақ халқының бірқатар салт-дәстүрлері көне заманнан бастау алып, түркі халықтарының біразына да ортақ қалыптасқан. Салт-дәстүр деп тілімізде қосарланып айтылса да, сөздікте жеке-жеке түсінік берілген. Салт – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып болса, дәстүр– әдетке айналған салт-сана, ғұрып. Осы тұрғыдан салт-дәстүрлерді адам қарым- қатынасында қолдану ерекшелігіне байланысты бірде жанданып, кейбірі «ескілікке» (Е.Жанпейісов) айналуы тілдің ішкі формасымен үндеседі.
Елдің тұрмысы мен ескілікті ұғымында қалған салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ырым - тыйымдар бізге көне жырлар арқылы жетіп отыр. Зерттеуде салт-дәстүрге байланысты кейіпкер аттарын 7 микротоптарға бөліп қарастырдық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет