Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


«Бір» санымен келетін СЮП-тер



бет87/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111
Байланысты:
annotation30756

«Бір» санымен келетін СЮП-тер.
Бір+ай, Бір+гүл, Бір+жамбас, Бір+ім+бек, Бір+ді бір+ге, Бір+деңке, Бір Шіңкілдек, Бір+атола. Санамақ «бір» санымен басталады, ол ең аз мөлшер, жеке, дара ұғымын білдіреді. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатын зерттеген ғалым Г.Қ. Рысбаева «бір» санының «құдай, алла, жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келетінін айтады [168,95 б].
Бірімбек < бір+ім+бек. Адам есімдері көбінесе -бай форманты арқылы жасалады. Ал сан есімнің -бек формантымен жасалуы сирек құбылыс.
Біржамбас < бір жамбас. Бұл жерде жамбастың санын білдіріп тұрған жоқ. Жантайып жатып адам неше түрлі әңгіме-дүкен құруға араласады, жамбастап жатып небір қулықты ойлап табады. Тілімізде «бір жамбастады» тіркесі қыңыр тартты дегенді білдіреді. Бір жамбасымен жату – қазақ ұлтына ғана тән құбылыс болар деп ойлаймыз.
Бірдеңке < бір+деңке (диал). Бірдеңке бірдеңе сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен нұсқасы. Жергілікті сөйлеу ерекшелігі деп ұғынылса да, қазіргі кезде ауызекі тілде жиі қолданылады.
Бірдібірге Шағыстырғанова < бір+ді бір+ге шағыстырған. Бұл жерде «бір»саны заттанып, бір адам, бір кісі дегенді білдіріп, біреуді біреуге шағыстыру – «айдап салу, арандату»мағынасында жұмсалып тұр.
Біротала < бір+отала. Сөйлеу тіліндегі жергілікті ерекшелік «бір жола» деген мағынада жұмсалады.
Ғалым Тәжиев киелі сандардың генезисіне тоқтала отырып, олардың қатарына үш, төрт, бес, жеті, қырық сандарын жатқызады.
«Үш» санымен келетін СЮП-тер.
Үшкемпір < үш кемпір аты сатирада ғана емес, өмірде де кездеседі (Жақсылық Үшкемпіров). Атақты түркітанушы ғалым Э.Р.Тенишев үш санымен жер-су аттарын атау дәстүрі болған деп дәлелдемелер келтіреді [169,564 б]. Қазақ жерінде Үшқоңыр, Үшарал (Алматы), Үшауыз, Үшкөң, Үшмерген (Маңғыстау) т.б. топонимдер кездеседі. Тілімізде үш жұрт, үш жүз, үш тоғыз, ошақтың үш бұты тәріздес қолданыстарға қарағанда, үш саны нақтылық, толыққандылық, бағалағыштық ұғымдардың символын беріп тұрған сияқты. «Үш» саны – дүние жүзі халықтары үшін шектік сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет