«Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлімі)» пәнінен Атырау 2019ж


Өзге де заттық құқықтар. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау



бет23/28
Дата07.01.2022
өлшемі83,11 Kb.
#17472
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
dot azamatt k kuk k (zhalp bolim) daris-4

Өзге де заттық құқықтар. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау

Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң қүұжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.

Мүлік меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді, бұған мына реттер:


  1. Меншік иесінің міндеттемесі бойынша мүлікке өндіріліп алынған ақы айналымға түскен;

  2. Заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярынсыз айырған;

  3. Реквизицияланған;

  4. Тәркіленген;

  5. Жер учаскесін алып қоюға байланысты мүлікті иеліктен айырған;

  6. Күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер.

Ақы өндіріліп алынатын мүлікке басқа тұлға меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құықғы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Меншік иесі емес адамның заттық құқықтары Азаматтық Кодекстің 249-257-баптарында көзделген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.

ҚР АК-ның 195 –бабына сәйкес заттық құқықтарға, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жер пайдалану құқығы, сондай –ақ АК-да немесе өзге заң актілерінде көзделген өзге заттық құқықтар жатады. Сонымен, АК-да көзделген заттық құқықтардың тізбесі толық деп айтуға болмайды. Құқық доктринасында заттық құқықтар доктринасына кең ауқымда қараушылық байқалады. Атап айтқанда, қазақстандық заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың бағалық нышандары негізінде оларға сервитуттар, кепіл, ұстауға құқық, жер қойнауын пайдалану құқығы, су пайдалану құқығы, тұрғын үйге құқық, т.б. жатқызылған.бұл тарауда негізгі заттық құқытарды иеленудің және олардың тоқтатуының негіздері қаралады.

Меншік құқығының пайда болатын кезін анықтаудың практикалық маңызы зор. Иеліктен айыратын заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжатарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпалықты үшінші жаққа ауыстыра алады. Мүліктің үшінші жаққа келтірген залалын да меншік иесі өтейді.

Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану құқығы, кепіл, рента, сенімгерлік басқару мемлекеттік тіркеуге жатады. Пайдалану құқығы деп, бұл жерде, жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқын беретін сервитуттарды айтамыз.

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздері осы баптың 2- тармағында көзделген. Оларға мыналар жатады: меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару; заң актілеріне сәйкес сол адамға бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу; реквизиция ; тәркілеу; жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу; күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу;

Меншік иесіне тиесілі мүлікті реквизициялау табиғи апат, авария, эпизоотия, эпидемия және төтенше сипаттағы өзгедей мән-жайларда, заң актілерінде көзделген тәртіпте және басқару органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет