9-тақырып. Ортақ меншік
Ортақ меншік: түсінігі мен түрлері
Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты толуы мүмкін, ал мұндай жағдайларда ортақ меншік қатынасы пайда болады, бұл кезде меншік құқығын бірнеше меншік иелеріне бөлінеді, яғни ортақ меншік субьектілеріне:
Жеке тұлғалар;
Заңды тұлғалар;
Шетел азаматтары;
ҚР-сы;
әкімшілік-аумақтық бөліністер.
Ортақ меншік:
шарттар
келісімдер
заңда көзделген өзге де реттер түрінде жүзеге асырылады.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз – бірнеше тұлғалардың мүлікті бір обьект ретінде иеленіп, пайдаланып, билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншіктің түрлері:
Ортақ үлесті меншік;
Ортақ бірлескен меншік.
Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестер тең деп саналады.
Үлесті меншікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісімемен жүзеге асырылады.
Үлесті меншікке әрбір қатысушы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сйыға тартуға, өсиет етуге, кепілге беруге және өзге де негіздерде оған билік етуге құқылы.
Ортақ бірлескен меншік:
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
Шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
Жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады;
Достарыңызбен бөлісу: |