11-тақырып. Міндеттеменің түсінігі мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттемеде оның әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде заңға сәйкес үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Борышқор жағынан міндеттемеге қатысушы адамдардың бірнеше несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп кетуі несие берушінің өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздігінен әсер етпейді.
Егер міндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптардың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептелінеді.
Міндеттемелер:
Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
Заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан,
Заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан және басқа да салдардан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |