«Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлімі)» пәнінен Атырау 2019ж


- тақырып. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау



бет22/28
Дата07.01.2022
өлшемі83,11 Kb.
#17472
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
dot azamatt k kuk k (zhalp bolim) daris-4

10 - тақырып. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау

Меншік құқығы мен заттық құқық: түсінігі пайда болу негіздері.

Меншік құқығы дегенімізсубьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамдарға беріледі.

Меншік иесінің өз мүлікін иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.

Мемлекеттік меншік:



  1. Республикалық:

  2. Комуналдық болып бөлінеді;

Заттық құқық дегенімізшаруашылық билігіндегі мүлікке заңды өкілеттігі бар адамдардың тікелей билік етуі арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған субьективтік құқығы.

Меншік құқығына ие болу қарастырылған, ол ҚР-ң АК-не сәйкес заңдық факторлар негізінде жүзеге асырылады.

Меншік құқығын алу:


  1. Бастапқы;

  2. Туынды,- деп бөлеміз.

Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүліктік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады.

Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған обьектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептелінеді.

Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал-тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдармен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады.

Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариялдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартта нотариаттң куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет