Тәркілеу жасалған қылмыс және өзге құқық бұзушылық үшін санкция түрінде, тек сот тәртібінде ғана жүзеге асырылады. Реквизициялағанда және тәркілегенде бір адамның құқығы тоқтайды, екіншісінікі пайда болады. Ал осы құқықтар қай кезде тоқтап, қай кезде пайда болады деген сұрақ туындайды. Жылжымайтын мүлікті реквизициялағанда және тәркілегенде құқық уәкілетті органның шешімі негізінде ол құқықтық кадастрде тіркелген кезден бастап тоқтайды.
Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алуменшік құқығын мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір түріне жатады. Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрі мемлекет қорғайтын мәденижәне тарихи қазыналарға жатқызылатын заттардың меншік иесі бұл қазыналарды күтіп ұстамаса, олардың өз мәнін жоғалту қатері төнсе, мұндай қазыналарды мемлекет меншік иесінен сот шешімі бойынша сатыпалуы немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін.