Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Үздіксіз дірілдетуге шайқау, сілкілеу, жұлқып итеру, қағу, ал 
кідірмелі дірілдетуге пунктирлі, шапқылау (рубление), шапа-
лақтау (похлопывание), ұрғылау (поколочивание), осу (стегание)
не шықпырту жатады.


55
Шайқау-дірілдетудің мұндай тәсілінде бес саусақты бес жақ-
қа тарбитып денеге қойып ұн не бидайды електен өткізгендей 
қимыл жасайды. Алақанның астындағы бұлшық еттер оңға, солға, 
жоғары-төмен қозғалып, іркілдеп шайқалады. Бұл тәсіл бұлшық 
еттер тастай болып қатып қалғанда немесе мұрын, жұтқыншақ, 
іш ауырғанда да қолданылады.
Сілкілеу бір қолмен орындалады. Ол ішектің жиырылу-
ын күтпейді, әртүрлі себептерден болған спазмаларды босата-
ды. Лимфа сұйығының тез жылжуына, бұлшық еттің босауы-
на, ауырған жердің басылуына жағдай туғызады. Сілкілеу тек 
аяқ пен қолға қолданылады. Аяқты дірілдету үшін науқас адам 
шал қасынан жатады. Массаж жасаушы бір қолымен өкшеден,
екінші қолымен аяқтың басынан мықтап ұстайды, одан соң өзіне 
тартып тұрып тербете сілкілейді. Қимыл өте тез, шапшаң болу 
керек.
Қолды сілку үшін ауру отырады не жатады, оның бір қолын 
массаж жасаушы тартып білезіктен ұстайды да тағы да бірнеше 
рет сілкілейді. Қозғалысты жылдам, оңға-солға шайқала дірілде-
теді. Қол шынтақтан бүгілмей, түзу болу керек.
Бұл буын ауруларында жүйке жүйесі зақымдағанда, қол ұйып 
қалғанда өте пайдалы. Ал аяқты сілкілеген кезде ондағы барлық 
бұлшық еттер дірілдеп, қозғалысқа түседі. Тек тізе, тірек буында-
ры ғана емес, тіпті ұршық буыны да дірілдеп, қимыл-қозғалысы 
артады.
Жұлқып-итеру. Бұл қосалқы тәсілдің сілкілеуден айырмашы-
лығы, маманның қол қимылы салмақтырақ болады. Ол ішкі 
ағзаларға массаж жасағанда қолданылатын тәсіл. Мәселен, 
асқазан, бауыр, ішек. Массаж жасаушы қолын осы аталған 
органдардың үстіне қояды, екінші қолымен соған қарай екпіндетіп 
көршілес тканьді итеріп отырады.
Сол арқылы ішкі ағзалардың қызметін арттырады, сөл бөлі-
нуіне көмектеседі. Іш қатып қалғанда ішектің жиырылуына 
ықпал жасайды. Бір сөзбен айтқанда, ас қорытылуына, зат алма-
суына септігін тигізеді.
Қағу – бұл шайқаудың бір түрі. Бірінші және төртінші неме-
се бірінші және бесінші саусақтарды үлкен бұлшық еттерге тіреп 
қойып, жастықтың жүнін көпсіткендей қимыл жасады. Мұнда бір 


56
ғана бұлшық ет емес, бірнеше бұлшық етті қосып ұстап әрі- бері, 
жоғары-төмен және көлденең бағытта қозғайды. Балтыр бұлшық 
еті, иық бұлшық еті, бөксе, арқа бұлшық еттерін бостау үшін 
қолданылады. 
Енді дірілдетудің кідірмелі түрлеріне тоқталып өтейік.
Пунктирлеу. Бұл саусақтың жұмсақ ұшымен орындалады. 
Мысалы, сұқ саусақты бір нүктеге қойып үздік-үздік сызықша 
жасайды. 
Ол көбінесе жүйке ұштары шыққан жерге, бетке, бас терісіне 
массаж жасаған кезде кеңінен қолданылады.
Шапқылау. Балтамен отынды шапқандағы қимыл жасайды. Ол 
ауқымды аймаққа: арқа, сан, бөксе бұлшық еттеріне қолданылады. 
Шапқылау қолдың қырымен орындалады. Саусақтарды жазып, 
қолды бір-бірінен 2-4 см алшақ ұстап қырыменен бұлшық етті 
алма-кезек ұрғылай бастайды. Мұнда саусақтардың бір-бірінен 
алыс тұрғаны абзал, сонда арқаға соққан кезде олар жиналып, 
ұрған жерді ауыртпайды.
Бұл тәсіл жылдам, екпінді, екі қолмен кезек, ет шапқандай 
қимылмен жасалады. Ол адам денесін сергітіп, лимфа ағысын 
арттырады, май және тері бездерінің қызметін жақсартады, зат 
алмасуын күшейтеді.
Шапқылаған кезде қол ақырын тисін десе тек қолдың ба-
сын, ал қаттырақ тисін десе – шынтақ буынынан бастап қо-
сады. Қысқасы буынның ұзындығына байланысты денеге тиетін 
дірілдету тәсілінің күші де әртүрлі болады. Сол сияқты саусақ-
тардың бірігіп тұруы мен алшақ тұруы да рөл атқарады. Бір-
бірінен алыс ұсталған саусақтар күші де аз, нәзік болып тиеді. Ал 
біріккен саусақтардың денеге тиген күш әлдеқайда артық келеді. 
Сондықтан ауырған жерге, адамның жасына, жағдайына қарай 
тәсілдің өзін өзгешелеп өткізуге болады. 
Шапалақтау – саусақтарды сәл бүгіп алақанмен жасалады. 
Сонда денеге жұмсақтау тиеді. Екі қолдың ара қашықтығы 2-4 
см болады. Алма-кезек екі қолмен бұлшық ет талшықтарына 
көлденең бағытта шапалақтайды. Мұнда білезік, шынтақ буын-
дардың жамбастың, арқаның, иықтың, қарынның қалың еттеріне 
массаж жасағанда қолданылады.
Үстіртін шапалақтау тамырларды тарылтады, олардың со-


57
ғуын баяулатады, ал күштірек шапалақтау тамырларды кеңейтеді, 
массаж жасаған жердің температурасын көтеріп, ауырғанын ба-
сады. 
Бұл тәсілді бүйректің тұсына, мойынға, жауырынның арасы-
на қолданбайды. Соққан кезде екі қолдың ырғағы бірдей болғаны 
дұрыс. 
Ұрғылау – толық жұмылған жұдырықпен немесе бүгілген 
саусақтармен орындалады. Бұл жоғарғы екеуінің (шапалақтау 
мен шапқылау) ортасындағы тәсіл сияқты. Бірақ олардан гөрі 
салмақтырақ. Ұрғылаған кезде денеге саусақтардың сырты тиеді, 
ол онша ауыртпай жұмсақтау болады. Ұрғылағанда қол денеден 
5-10 см жоғары көтеріледі, ал ұру жиілігі минутына 100-ден 300-
ге дейін жетеді.
Тері жұқа, еті аз жерлерге тек саусақтың ұшымен ұрғыласа, 
қоң еттерге жұдырықпен ұрғылайды. Бұл еттердің, жалпы 
дененің тонусын көтереді. 
Шықпырту – денеге төрт саусақпен немесе алақанмен жа-
най, жалатып өту. Ол сезімдікке, жарадан кейін болған тыртықты 
кетіруге өте пайдалы. Себебі бұлшық еттің тез жиырылуын, со-
ңы нан босаңсуын қамтамасыз етеді. Бұл қан айналымын үдетіп, 
денеге оттегі мен қоректік заттардың көбірек келуіне мүмкіндік 
береді. 
Дірілдету (вибрация) денеге ешбір зиян келтірмей оңай орын-
далу керек. Біз дірілдетудің аталған тәсілдеріне, олардың негізгі 
және қосалқы түрлеріне тоқталдық.
Бір ескертетін жай – бұл тәсілді меңгеру оңай емес. Ол үшін 
адам ұзақ жаттығу керек. Егер осы тәсіл дұрыс орындалмаса,
адам дірілдек (вибрационная болезнь) ауруына шалдығуы
мүмкін. 
Ғалымдардың тексеруінше, массаж дұрыс не бұрыс екенін тек-
серу үшін төмендегідей тәжірибе жасалған. Стол үстіне стақанға 
су толтырып құйып, столдың шетіне массаж жасаушы дірілдету 
тәсілін орындайды. Сонда ыдыстағы су төгілсе, не жылжып кет-
се – дірілдету тәсілі дұрыс орындалмағаны, ал су төгілмей, тек 
дірілдеп тұрса, онда дұрыс жасалған болып табылады.
Дірілдету массаждың басқа тәсілдерінің арасында 2-3 рет 
қайталанады. Әр тәсіл – 1-1, 5 минуттан аспайды.


Қолдың және санның іш жағына дірілдету тәсілін қол дан-
байды, өйткені онда қан тамырлары мен жүйке жүйесі көп шо-
ғыр ланған.
Сүйекке жақын орналасқан немесе еті аз жерлерге соққылау 
әдісін қолданбайды. Сондай-ақ жасы келген, әлсіреген адамдарға 
да бұл тәсілді қолдануға болмайды.
Бұл айтылған барлық тәсілді де жеке-дара қолданбайды, 
бірімен-бірін байланыстырып, араластырып жасайды. Тек сонда 
ғана олардың көмегі айтарлықтай болады. Қандай тәсіл болма-
сын бәрінен соң сипауды, сондай-ақ әрбір түрін келесісі толты-
рып отырса ғана массаждың маңызы артады.


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет