Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


-ТАРАУ Массаждың денеге тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1-ТАРАУ
Массаждың денеге тигізетін әсері
Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін 
механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе ар-
найы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағза-
лар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға 
қарсы «жауабын» береді. 
Массаждың денеге әсері, физиологиялық қасиетін атақты 
ғалымдар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.Е. Введенский, Н.А. Ух-
томский, т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері 
өте тереңде жатыр. Ол жүйкелі-рефлекторлы, гуморалды және 
механикалық ықпал жасау. 
Массаж жасағанда теріде, бұлшық етте, буындарда жатқан 
жүйке талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына 
беріледі. Әрбір жүйке талшықтары ұштарының өз аттары бар. 
Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан 
шыққандар – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ан-
гиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. 
Осы рецепторлардың бәрі тітіркеніштен бірлесіп, миға әсер етеді. 
Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп 
«қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап рекция түседі. Содан 
денеде әртүрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының 
күші, айқындалуы жоғарғы жүйке жүйесіне тікелей байланысты, 
сол сияқты тітіркенген жердің көлеміне массаждың методикасы 
мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты.
Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың тиімділігінде 


7
үлкен рөл атқаратын – гумморалды фактор. Массаждың әсері мен 
тканьдердің ішінде жоғарғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан 
айналымы мен зат алмасуын үдетеді. Мұны гуморалды зат дейді.
Массаж денедегі барлық сұйық заттардың қозғалысын артты-
рады. Мәселен: қан, лимфа, техникалық сұйықтың, тканьдердің 
өзара созылуы, орын алмастыруы, т.б. механикалық фактор зат 
алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. 
Массаж жасалған жердің ыстығын көтереді. 
Сонымен массажда жүйке импульстары ағындап, ми 
қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі 
толқын пайда болады. Олар сол жүйке талшықтары арқылы 
денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойдағы 
аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді, осыған орай емдік мас-
сажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. 
Массаждан адамның денесі сергіп, рахаттанып, көңіл-күйі 
көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бой-
да ширақтық аңғарылса басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып 
кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда массаждың өзіне тән та-
лаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып массаж жасауға 
болмайтын кезде ағза массажды көтере алмайды. Сондықтан мас-
сажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. 
Кейбір ғалымдар массаждан кейін қызарып, талаурап, қатты 
ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы 
келген қарияларда дұрыс отырғызбаса, не жатқызбаса да осындай 
жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның 
белінде құяң болмаса оны етбетінен жатқызғанда жүрек нашар-
лап кетеді. Сондықтан ондай ауруға массажды отырып жасаған 
абзал. Ішкі ағзалардың функционалдық қызметін, науқастың 
ауырған жерін анық бәлмей массаж жасауға болмайды.
Массажды зерттеген ғалымдар оның толық жүйке жүйесіне, 
қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына 
әсер ететінін айқын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет