Екі еселеп жұмсарту. Санның не тоқпақ жіліктің қалың етін
жұмсартуға қолданылады. Массаж жасататын адам шалқасы-
нан ағаш төсекке жатады. Бір аяғын көтеріп, массаж жасаушы-
ның тізесіне қояды, сонда бұлшық ет толығымен босаңсиды. Ал
массаж жасаушы екі алақанымен санның астынан және үстінен
қапсыра ұстап бұлшық етті алма-кезек созып ұстап, жоғары
шаптың иініне дейін жетеді. Бұл өте ыңғайлы және нәтижелі
тәсіл сияқты. Әсіресе, көп жүріп аяқтың бұлшық етін, осылай
екі қолмен бірдей жақсылап жұмсартса, жиналған сүт қышқылы
сыртқа шығып, бірсыпыра жеңілдеп қалады. Иықтың етін де
50
осылай жұмсартады. Тек онда қолды маманның иығына салып
қойса, тоқпақ жіліктің еті ұстауға жеңіл, босап қалады.
Бас бармақпен жұмсарту. Бас бармақ астындағы етті уқалап,
сүйекке жаншып, шеңбер сияқты қозғалыс жасай отырып жыл-
жиды. Қалған төрт саусақ еш қимылсыз соның артынан қозғалып
отырады. Бас бармақтың күшін арттыру үшін екінші қолды мас-
саж жасаған қолдың үстінен бастыра қойып, бірге жылжытады.
Массаждың жұмсарту тәсілінде еске сақтайтын жайттар:
- бірінші фаза: бас бармақты алшақ ұстау керек, себебі бұлшық
еттің орнына тек тері қысылып қалады;
- екінші фаза: а) саусақтардың бүгіліп қалуы мүмкін, мұндай
жағдайда тек етті шымшып алады; ә) саусақтардың терінің бе-
тімен жылжуы ауру үшін жағымсыз жағдай; бұлшық ет толық
ұсталмаған соң массаж жөнді жасалмайды, өйткені алақан мен
дененің арасында қуыс қалып қояды; б) саусақтарды қатты бат-
тыру аурудың жанына тиеді; в) қолдардың шамадан тыс сіресіп
қалуы аурудың денесін ауыртады әрі массаж жасаған жағдайда;
г) бұл шық етті толық жұмсарту керек;
- үшінші фаза: а) массажға дейін бұлшық етті босаңсыту
үшін, науқастың дұрыс жатуын қадағалайды; ә) ұзынына-ұзақ
жұмсартқан кезде бүкіл қол емес тек қолдың басы ғана қызмет
етуі керек; б) жұмсартудың барлық түрі бірыңғай байыппен жаса-
луын қадағалаған жөн. Орынсыз жұлып тартып, жұлқылап жасау
дұрыс емес.
Міне осы мәселерді массаж жасағанда ұмытпаған жөн. Әйт-
песе жұмсартуға тиісті бұлшық ет, тастай болып қатып қалады
және де теріде көгеріп онда саусақтың іздері қалуы мүмкін. Одан
адам тек зардап шегеді. Сондықтан массаждың ішіндегі ең күр-
делі, ең негізгі түрі жұмсарту, тыңғылықты, мұқият зейінмен
орындауға тиіс. Бұл сөз болған жұмсартудың негізгі тобы. Енді
қосымша түріне тоқталайық. Жұмсартудың қосымша түр лері.
Олар тек емдік массажда жиі қолданылады. Қазақша атта ры тө-
мен гідей: аунату, домалату, жылжыту, шымшылау, керу, қысу,
босау.
Аунату – бұл жұмсартудың өте нәзік түрі. Екі алақанның ара-
сында бұлшық етті аунатып – жұмарлайды. Мәселен, қолдың етіне
массаж жасалатын болса науқастың қолын массаж жасаушының
51
иығына салып босаңсытады, содан соң алақанына уыстап уыстап
бір қолдан екінші қолға тез тербеп аунатады.
Домалату – мұнда арқа, қол, аяқ, бұлшық еттерін итере оты-
рып, артында саусақ домалатып орағандай қимыл жасайды.
Жылжыту – бас бармақтармен орындалады, кейде барлық
саусақтармен немесе алақанмен де жасалады. Тканьді көтеріңкіреп
жиыра ұстап бір жаққа қарай жылжытады. Бұл арқаның жалпақ
еттеріне, қолдың сыртына, аяқтың үстіне қолданылады. Сондай-
ақ терідегі тыртық жазылу үшін өте пайдалы. Бас ауырған кез-
де, оның терісін жылжыту үшін бір қолды маңдайға екіншісін
шүйдеге қойып жаймен сығымдайды, осы бағытта бірнеше
рет жылжытқан соң қолдарды оң және сол құлақтың тұсында
ұстап, жоғарыдағы қимылды қайталайды. Массаждың бұл тәсілі
тканьдердің тез арада қанмен толығуына, зат алмасуына ықпал
жасайды.
Шымшылау – 1-2 саусақтардың ұшымен тканьді шымшып
ұстап, жоғары көтеріп қайта босатады. Егер дене майлы болса
не арнайы май жақса, онда оны қысып ұстамайды. Сондықтан
терінің құрғақ болғаны дұрыс. Шымшылаған кезде ткань бір қы-
сылып, бір босап қозғалысқа түседі, соның нәтижесінде тонусы
көтеріледі. Тереңде жатқан тыртықтарды қалпына келтіру үшін
де өте пайдалы тәсіл.
Созу – (кебу) бас бармақтарды қатар қойып тканьді екі жаққа
созады. Үлкен қоң еттерді алақанмен созуға болады. Ол опера-
ция дан кейін дұрыс бітпей қалған жараның орнын созуға бұлшық
еттердегі жараны жазуға қолданылады. Қозғалыс сырнайда
ойнаған қимылды еске түсіреді.
Қысу – саусақтардың ұшымен жасалады. Жидектердің іші нен
сүйегін ытқытып шығаратын қимыл сияқты, саусақтарды ткань-
ға батырып жылдам жоғары көтереді. Бұл тәсіл тез тез қимылды
қажет етеді, көбінесе косметикалық массажда бетті безеуден
тазалағанда қолданылады.
Басу – саусақтардың ұшымен немесе алақанмен салмақ сала
басу, қолды бір көтеріп, бір түсіріп салмақ салу арқылы орын-
далады. Бетке батырып немесе жүйке ұштарының шыққан жерін
нығарлап басып жасайды. Ал аумақты (арқа, бел, іш, т.б.) жерлер-
ге алақанмен нығарлап басады. Бұл пайдалы әдіс, әсіресе, жон
52
сіресіп қалғанда тек қолмен емес, балалардың аяғымен де басса
әжептәуір көмек береді.
Жұмсарту – массаждың ең күрделі де қиын, бірақ өте тиімді
түрі. Оның басқа да қолдану әдістері бар. Дегенмен оқырман
қауымның қабылдауына жеңіл де түсінікті болсын деген ниетпен
аталған түрлеріне тоқталып өттік. Соның өзінде бір рет болса бұл
тәсілдері өз көзімен көрмесе, бірден меңгеру қиынға түседі. Десе
де «көз – қорқақ, қол – батыр»деген емес пе?
Жұмсарту тәсілі бұлшық еттерді босатуға шынықтырып-
ширатуға, түйіндерін жазуға үлкен ықпал жасайды.
Бұл тәсіл массаж жасаушы адамнан байсалдылық, ұқыпты-
лық, сезімталдық, білімділікті талап етеді.
Ол баяу ырғақпен, бірқалыпты орындалады. Жұлқылауға,
жұлмалауға, апыл-ғұпыл істеуге болмайды.
Массаждың қозғалысы жоғары және төмен бағытталады.
Ауру адамның денесі массаждан ауырмас үшін, оның біртін-
деп ұлғайтады. Массаж жасаушы дененің өте сезімтал жерлерін
білу керек. Олар желке, иық (тоқпақ жілік) сүйегінің және санның
ішкі жағы. Ол жерлерде жүйке талшықтары мен қан тамырлары
көптеп топтасқан. Сондықтан жұмсарту тәсілін мұқият, зейінмен
жасайды.
Жұмсарту тәсілін бұлшық еттің сіңірмен жалғасқан жерінен
бастайды.
И.М. Саркизов-Серазини «жұмсарту тәсіл үнемі төменнен жо-
ғары қарай бағытталса өте дұрыс болар еді» дейді. Онда лимфа-
қан ағымдарының бойымен лимфа түйіндеріне қарай жүріп оты-
рады.
Ғалымдар осы тәсілде бұлшық етке байланысатын жоғарғы
жүйке жүйесінің қызметін арнайы аппаратпен тексереді. Ол
электромиография – массаждан соң бұлшық етте болатын
биоэлектрлік процестерді анықтайды.
1962-1966 жылғы зерттеулерге (Белая Н.А.) қара ғанда, бұлшық
етте аурудан кейін тоқырап қалған биопотенциалды қасиет мас-
саждан соң қалпына келген. Сондықтан массаждың нәтижесінде
бұлшық ет пен жүйке жүйесінің арасындағы байланыстың артуы-
на көз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |