53
оның
әрбір талшығына, сүйекке беретін жеріндегі сіңірге пай-
да келтіреді. Қан-лимфа айналымын жақсартып, денеден қоры-
тылған қажетсіз заттардың шығуына ықпал жасайды. Осы тәсіл
арқылы денедегі қимыл-қозғалыс рефлексін арттыруға болады.
Дірілдету (вибрация) – атына сәйкес бұл тәсіл бірнеше сау-
сақ тармен, алақанмен немесе жұдырықпен жасалып, ткань дерді
қозғап дірілдетеді.
Кейінгі кезде ел арасында массаждың осы тәсілі кейіннен
таралуда. Өйткені оның нәтижесі айтарлықтай. Әсіресе, жүйке
жүйесіне тигізетін әсері ерекше. Дірілдету тәсілі жүрек соғысын
реттеп, қан қысымын қалпына келтіреді. Асқазан сөлін көбейтіп,
жүйке жүйесін арнасына түсіреді, ауырған жерді тыныштанды-
рады.
Сонымен қатар дірілдету
бұлшық еттің тонусын көтеріп,
жүректің жұмысын жақсартып, тыныс алу мүшелерінен ауа өтуін
реттейді. Науқастарды емдегенде қолмен жасалатын массаж еш
уақытта аппартпен жасалатын массаждың (вибромассаж) орнаы-
на жүрмейді. Ол тек біріншіні толықтырып отырады, әрі вибро-
массаж үнемі қолданыла бермейді. Ауырған адамдар көбінесе
қолмен дірілдеткенде сүйсіне қабылдайды.
Оның дірілдету деп аталуында гәп бар. Денеге бір немесе
бірнеше саусақты тербелте дірілдетеді. Ол
тербелістің желігі,
күші, екпіні ауытқып, әртүрлі болады. Бір нүктеде пайда болған
қозғалыс айналысына жылдам тарап кетеді. Оның екпініне бай-
ланысты жүйке жүйесін, бұлшық еттердің тонусын көтеруге не
әлсіретуге болады.
Діріл
үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді.
Үздіксіз дірілдеткен кезде массаж жасаушының қолы дене-
ден бір сәтке де ажырамайды. Егер үздіксіз қозғалтқанда тек бір
нүктені
ғана дірілдетсе, онда бұл тұрақты деп аталады. Ал бір
нүктеден қолды көтермей, жылжып, екінші, үшінші ...нүктелерге
келсе, онда оны тұрақсыз дірілдету деп атайды.
Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бұлшық ет
талшықтарының тараулы бағытымен тік не көлденең қозғалтуға
болады. Тканьнің тек жоғарғы бөлігін ғана емес, оның тереңде
жатқан жерін де дірілдетеді. Бір
немесе екі қолмен бірдей
дірілдетуге болады.
54
Жүйке ұштарының шыққан жеріне массаж жасау үшін бір
саусақты (сұқ және ортаңғы саусақ және басбармақ) сол нүктеге
қойып, жүйке түйінін басып тұрып дірілдетеді. Саусақ денеге
тік (перпендикуляр) тұрады. Осы қимылды барлық саусақтарды
қосып доға жасай отырып орындауға болады.
Денедегі қалың етке массаж жасау үшін алақан не жұдырық-
пен дірілдетеді. Жұмылған жұдырық денеге кіргенде қимыл жа-
сап, ауқымды аймақты шайқайды.
Кеуде бұлшық еттерін алақанның білезік тірегімен дірілдетеді.
Оны орындау үшін массаж жасаушы қабырғаның төменгі доға-
сынан бастап дірілдете отырып қолтықтың астына дейін жетеді.
Іштің бұлшық еттеріне массаж жасағанда сыртын, алақан не
жұдырықта пайдаланады. Мұндай қолмен әрбір жаққа дірілдете
қимыл жасалады. Онда тек іштің еттері ғана емес құрсақ ішін-
дегі ағзаларға да әсер етеді. Әсіресе ішек,
асқазан ауруларын-
да іш қатып қалғанда немесе ішектер жиырылу қасиетінен
айырылғанда дірілдету тәсілі өте пайдалы.
Бұл айтылғанның бәрі үздіксіз дірілдету (вибрация) тәсіліне
жатады. Екінші түрі кідірмелі немесе үздік-үздік дірілдету. Ол
қолды денеге қойып, бір-екі
діріл қаққызып шайқап жіберіп,
сәлден соң қолды жұлып тыныштандыру. Онда болатын діріл
қысқа, жылдам және тез-тез, әлсін-әлсін толқынданып отырады.
Оның пайдасы денеге үзілді кесілді күш түсіру. Мұнда әрбір қи-
мылдың арасында массаж жасаушының қолы да демалып қалады.
Денеге түскен күш үдемелі жылдамдықпен жетеді.
Қандай түрі болмасын денені дірілдетіп,
тканьдердің, қан-
лимфа сияқты сұйықтардың жылжуына үлкен ықпал жасайды.
Бұл аталған дірілдетудің қосымша түрлері де бар. Оны спорттық
массажда соққылау және сілкілеу тәсілдері деп жеке тарауға
бөлген.
Дірілдетудің қосымша түрлері де үздіксіз және кідірмелі бо-
лып екіге бөлінеді. Олардың әрқайсысы жеке-жеке тәсілдерге
бөлініп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: