28
3-ТАРАУ
Массаждың түрлері
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық,
косметикалық және спортық массаждар, сондай-ақ осыларға
қосылатын массаждың тағы бір түрі, адамның өзіне-өзі массаж
жасауы (самомассаж).
Емдік массаж. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау
тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орын-
дағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, са-
наторий, профилактория сияқты медициналық мекемелерде
аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа
комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі- дәрмекпен,
физиотерапиялық емдік гимнастикамен бірге жүріп отырса,
аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік
массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурулардың түріне,
зақымдаған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен
жүрек, қан-тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты,
гипортония, гипотония, ауруларына) бір түрлі массаж, тыныс алу
жолдары ауырғанда басқа түрі, орталық не шеткері жүйке жүйесі
зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж
операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы әр
аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методика-
сы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар
адамдар ғана жасай алады
.
Достарыңызбен бөлісу: