Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


-ТАРАУ Массаждың жүйесі мен әдісі



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
2-ТАРАУ
Массаждың жүйесі мен әдісі
Ғалымдардың көп жылдық зерттеуімен тәжірибе жүзінде 
тексерілген соң массаждың жүйесін төртке бөлді. Олар шведтік, 
финдік, шығыстық және кеңестік жүйелер.
Массаждың шведтік жүйесі. 1813 жылы Стокгольм қала-
сында атақты ғалым П. Линг ашқан еді. Ол массаждың сипау, 
ысқылау, қимыл-қозғалыс жасау тәсілдерін сол жүйеге енгізді. 
Шведтік жүйе көбінесе буын ауруларына, сіңір созылғанда 
кеңінен қолданылады. Мұндай тәсілдер тек Скандинава аралына 
ғана емес, басқа елдерге де кеңінен тараған. Қазіргі кезде швед 
мамандары біздің елден де көптеген тәсілдерді алуда. 
Массаждың финдік жүйесі. Ең алғаш финдік спорт массажы 
көзге түсуіне, 1924 жылы жеңіл атлет П. Нурмидің өз алаңын дағы 
жарыста көрсеткен таңғажайып жеңісі болды. Ақыры 20-30 жыл 
шамасында финдер массаждың кеңестік жүйесіне бірсыпыра 
тәсілдерді өздеріне қосып алды. Оның себебі, финдік жүйе өте 
қиын жасалады, шипалығы да шамалы болады. Мысалы, үлкен 
бұлшық еттерді мыжып уқалау тек бас бармақпен жасалады. 
Ал санның бұлшық етіне бас бармақтың күші қалай келсін. 
Сондықтан кеңестік жүйеге жүгінуге тура келді. 
Шығыс жүйесі. (оны түрікше жүйе деп атайды) Грузияда, 
Азербайжанда, Иракта, Өзбекстанда, т.б. елдерде кең көлемді 
пайдаланылады. Ол қолмен де аяқпен де жасалады. Дегенмен 
оның пайдасы айтарлықтай болмай, ғылыми тұрғыда толық 
дәлелденбей келеді. Ондай массаж шығыс еліне лайық монша-


23
ларда жасалады. Массаж жасағанда қимылдар қанның ағысымен 
де қарама-қарсы да жүргізіледі. 
Массаждың кеңестік жүйесі. Кеңес одағында массаждың 
классикалық түрін 70-жылдар орыстың ғалымы И.В. Заблу-
довский ашты. Оны бір жүйеге келтіруге, орындау тәсілдеріне, 
әдісіне, талай еңбек жасалды. Сондықтан И.В. Заблудовский 
массаждың атасы деп есептеледі. 
Спорттық массаждың негізін салушы профессор И.М. Сар-
кизо-Серазини. Ол кеңестік классикалық массаждың тәсілдеріне 
сүйене отырып спорттық массажды дамытты. 1924 жылы физ-
культура институтында массаж негізгі пән болып енгізілді. 1926 
жылы 60 сағаттық және емдік массаждардан факультативтік 
курстар ашылды. 1929 жылы спорттық және емдік массаждар-
дан Саркизов-Серизини 3 айлық курс ашты. Бұл массаждың 
Россиядағы тұңғыш ашылған курсы еді. Осылай И.М. Саркизов-
Серазини бастаған спорттық массаж біртіндеп дами берді. 
Ақыры 10 жылдық ішінде жоғарғы білімді танымал массаж 
мамандары мыңнан астам болды. Ол тек Россия емес, басқа ел-
дерге де кең тарап кетті. Қазір тек орталық қалаларда ғана емес, 
әр облыста, аудандарда тіпті ауылдардың өзінде мамандар бар. 
Олар массаждың жүйесін, техникасын, методикасын және білу 
үшін арнайы курстар оқиды. Алматыда дене тәрбиелеу мәдениет 
институтын бітірген қыздар негізгі дипломмен бірге емдік гимна-
стикадан, инструктор деген куәлікті қоса алады. Олар институт 
қабырғасында массаждың түрі менен мағлұмат алады. Ал қазіргі 
шақта Қазақстан және спорт және туризм академиясының валео-
логия факультетінде студенттер емдік гимнастикамен массаж 
мамандығын алып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет