Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Синкардиальды – массаж пневмомассаждың бір түрі. Мұнда 
ретті ырғақпен ауаның қысымы өзгертіліп қол-аяққа толқындар 
жіберіледі. Соның әсерінен аяқтың не қолдың бұлшық еттері 
оқтын-оқтын қысылып отырады. 
Гидромассаж – бірнеше түрге бөлінеді. Олар: су астындағы 
түтік арқылы жіберілген судың ағынымен жасалатын – су ас тын-
дағы душ – массаж, ауада су ағыннан алатын массаж. Су ас тында 
қолмен жасайтын массаж және су астындағы топтасқан массаж.
Осы айтылған гидромассаждың әр түрі өзгеше ерекшелігі мен 
көзге түседі. Оларды жасағанда ережесін жақсы білу тия нақты 
орындау өте қажетті нәрсе. 
Су астындағы душ – массаж. Су толтырылған ванна ішін-
де « тангентор» (ГДР) аппараты арқылы жасалады. Адамға су-
дың астынан түтік арқылы ағынды су жіберіледі. Ол берілген 
қысымның әсерінен құйындай жиырылып, денеге иірім сияқты 
қатты тиеді. Оның қысымын массаж жасайтын жерге байланыс ты 
өзгертіп отырады. Мәселен, арқаға 2-5 атм, санға 2-4 атм, жалпы 
денеге берілетін судың қысымы 12 атм болу керек. Судың жылуы 
37-38°
болады. 
Ауадағы су ағыннан алатын массаж. Ол көп санатори-про-
филакторилерде кеңінен қолданатын шарко душы, температу-
расы 20-33 қысымы 5-3 атм. Су қысыммен үлкен шланг арқылы 
ытқып шығады. Осындай су ағынының қатты соққылайтын өтін де 
адам 2-3 метр қашықтықта 3-5 мин денесін төсеп тұрады. Шот-
ландия душында 2 түтік болады. Біреуінен 40°
ыстық су, ал екін-
шісінен 20°С
салқын су беріледі. Мұның өзі, бұлшық етпен тері ні 
серпімділігін шынықтыруға, адамды жігерлендіруге өте пайдалы. 
Су астында қолмен жасайтын массаж. Мұнда адам 
ағаш төсекке жатады. Үстіне 1 атм қысыммен душтың суы 
ағып тұрады, сол кезде қолмен белгілі тәсілдердің бәрін адам 
денесіне қолданады. Немесе ваннаға толған судың ішінде осы 
тәсілдерді жасайды. Қолмен жасайтын массаждың кәдімгі құрғақ 
массаждың айырмашылығы шамалы, тек судың температурасы 
35-38°-тен төмен не жоғары болмауы шарт. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет