24
жасайтын массаждың артылықшылығы, оны барлық жерде (үйде,
стадионда, алаңда, моншада) орындай беруге болады. Мас-
саж – тек ауру ғана емес сау адамға да үлкен әсер ететін емдік
профилактикалық әдіс. Қол арқылы денесін тітіркендіріп әртүрлі
әсер етеді. А.С. Пушкин өзіне жасалған массаждың әсерін былай
деп суреттейді: «мені Ғасан қызған тас еденнің үстіне жатқызып
қойды, одан соң әр мүшеңді біртіндеп сындыра бастады, буында-
рымды созып жұдырықпен арқамнан соққылады, бірақ мен ешбір
жағымсыздық сезбедім еш жерім ауырған жоқ, керісінше рахат
дүниеге бөлендім» міне, қолмен
жасалған массаждың құдіреті
осындай.
Аппараттық әдіс. Массаж жасау үшін кейінгі кезде арнайы
аппараттар қолданып жүр. Біздің өнеркәсіп массаж жасайтын
жерге лайықтап дірілдету (вибрациялық аппаратын)
көптеп
шығара бастады. Ол аппарат алып жүруге де ыңғайлы және мас-
саж жасайтын жерге арналған бірнеше қондырма вибраторлар
болады. Мәселен, бетке, қолға, еттің шығатын нүктесіне
бірнеше
вибраторлар бар. Ол тоқ арқылы дәлірек айтсақ, электр энерги-
ясы арқылы жұмыс істейді. Сондықтан қолдың күші келмейтін
жерге ақпараттық массаж қолдану әлде қайда ыңғайлы. Аппа-
рат тікелей теріге әсер етеді немесе су, ауа арқылы да өз әсерін
тигізеді.
Аппараттық массажға тағы гидромассаж, пневмомассаж,
синкардиальды массаж жатады.
Сол сияқты бұлардың қатарын
толтыратын кейінгі кезде баромассаж, электростимуляторлық,
ултрадыбыстық массаждар пайда болды.
Массаждың топтасқан (комбинированный) түрі деп қол мен
аппараттық массажды бірдей қолдануды атайды.
Енді осы аппараттық массаждарға тоқталып өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: