Ысқылау. Массаждың сипаудан кейін қолданылатын тәсілі
– ысқылау. Бұл тәсілді қолданғанда саусақтар тердің өзін, оның
астындағы тканьдарды қоса созып, орнынан қозғап, әр жаққа
жылжытады. Сипаудан мұның айырмашылығы терді қатпарлап,
жиырып алға, артқа қарай ысқылайды. Сондай үлкен жыл дам-
дықпен ысқылаған терінің температурасы 1, 5-3 градусқа көте-
ріліп қызарып кетеді. Терідегі жүйке талшықтары тітіркену,
орталық жүйке жүйесіне қоздыру импульстары ағымдап жетеді.
Қан тамырлары кеңіп, зат алмасуы артып, оттегімен қамтамасыз
етіледі. Сол сияқты қорытылған заттардың денеден шығуына да
жол ашады.
Ысқылауды көбіне буындарға қолданады, оның сіңірі созыл-
ғанда, буыны тайғанда, оқыс жарақаттанғанда, жүйке талшықтары
зақымдалғанда ысқылау үлкен көмек көрсетеді. Ысқылау арқылы
бұлшық еттердегі түйіндер мен терінің шоғырлануын ыдыратып
жіберуге болады. Терінің жиырылу қабілетінің арттырып, тону-
сын көтереді. Ысқылау тканьдардың жылжуын, қозғалғыштығын
үдетеді.
Мәселен кішкене бала жүгіріп келе жатып жығылып, тері-
сін ауыртып алса, әдетте анасы оны жұбатып, бірден қолымен
жаңағы жерді ысқылап жібереді. Сонда баланың ауырған жері
басыла қалады. Өйткені қатты ысқылағанда (әрине қан ағып
тұрмаса) жүйке ұштары мұқалып, сезгіштігі әлсірейді. Содан соң
қозу бәсеңдеп, ауру азаяды.
44
Ысқылаудың түрлері – саусақтардың жұмсақ ұштарымен
дөң гелектеп ысқылау, алақанмен, тірек білезігі мен әр саусақпен
жеке-жеке ысқылау. Саусақтардың жұмсақ ұштарымен ысқылау
үшін алақанмен тірек, білезік тұсын мықтап ұстап отырады, ал
саусақтар қимылға кіріседі. Әр саусақтардың буыны жазылып
бүгіліп массаж жасалған жерге дөңгелек із қалдырады.
Саусақтардың жұмсақ ұштарымен ысқылау үшін, алақанмен
тіреп, білезік тұсын мықтап ұстап отырады, ал саусақтар қимылға
кіріседі. Мұнда әр саусақтардың буыны жазылып-бүгіліп мас-
саж жасаған жерге дөңгелек із қалдырады. Тері қатпарланып,
саусақтармен бірге жылжу керек. Түсіретін салмақ саусақтардың
бүгілуіне байланысты артып отырады. Олар жазылған кезде
түсетін салмақ кемиді. Осындай қимыл жасай отырып қолдар
жоғары жылжи береді.
Буындарды ысқылаған кезде бас бармақты тіреу етіп, қалған
төрт саусақты буынның әр жағынан тіреп қойып бас бармақпен
ысқылайды. Бұл тәсілді «төрттің бірге және бірдің төртке қаты-
на сы» деп атайды.
Саусақтармен ысқылағанда салмағын арттыру үшін екінші
қолдың саусақтарымен үстінен басуға болады.
Алақанмен аумақты жерлерді ысқылайды (арқа, қарын, бөк-
се). Ол үшін алақанды теріге жапсырып, түзу дөңгелек, т.б. із жа-
сай отырып ысқылайды.
Тірек білезігімен ысқылағанда қолды білезік буынынан
жоғары көтеріп нықтап тұрып тірейді. Содан соң шебер жасап,
теріні ысыра отырып тік бағытты, көлденең қимылдар жасайды.
Мұнда да салмақты асыру үшін, буынның үстіне екінші қолды
салып ауырлығын арттырады.
Әр саусақпен жеке-жеке ысқылау.
а) бас бармақтың ұшымен шеңбер жасап немесе түзу сызық-
пен ысқылайды.
ә) екі саусақпен теріні қысып алып (қысқыш тәрізді) ысқылау.
Мысалы, өкше тарамысын ысқылағанда қысып ұстап массаждың
осы түрін жүзеге асырады. Мұнда әртүрлі қимыл жасауға бола-
ды (зигзаг, түзу, шеңбер, т.б.) тек тарамыс орналасқан жер емес,
саусақтардың, қолдың қырын, табанның қырын ысқылауға осы
тәсілді кеңінен қолданады.
45
б) штопор тәрізді ысқылау. Бұл спорт массажында жиі жасала-
ды. Ол тек саусақтарды ысқылауға пайдаланылады. Мысалы, сұқ
саусақ пен ортаңғы саусақты буыннан бүгіп, массаж жасалатын
адамның саусағын қысып, бөтелкенің аузын ашатын штопордың
қымылындай ысқылап төмен және жоғары жүргізеді. Ұсақ буын-
дар зақымданғанда да өте пайдалы тәсіл.
Алақанның қырымен не жұдырықпен ысқылау. Қалың етті
қыздыру үшін таптырмайтын тәсіл. Екі алақанды бір-біріне қарсы
қаратып қойып ысқылайды немесе жұдырықтайды.
Арамен ағаш кескендей егеу. Мұны алақанның қырымен
орын дайды. Екі алақанды 2-3 см қашықтыққа біріне-бірін қарсы
қара тып қойып, ағашты арамен кескендей егейді. Бір қол төмен
түскенде, екіншісі жоғары шығады. Осылай ысқылағанда қолдың
асты лапылдап жанғандай қызады. Ол ірі буындарға, арқаға, бел-
ге, санға, балтырға қолданылады.
Штрихтау – саусақтардың ұшымен (2, 3, 4) штрих жасап ыс-
қы лау. Жоғарыдағы ара кескен сияқты мұнда да, саусақтармен
не месе алақанның бас бармақ жағындағы қырымен ысқылайды.
Деген мен саусақтардың арасындағы бұрыш 30 градустай болады.
Саусақтарды осындай бұрышта бүкпей түзу ұстап ілгерінді-ке-
йінді қысқа қимыл жасап, одан соң бір жағына ауысып отырады.
Бұл емдік массаж тканьдердің жылжуына олардың со зыл ғыштық
қа сиетін арттыруға ықпал жасайды. Тері және шел қабатындағы
шор лануды, бұлшық еттегі түйдектелуді, буын ма ңындағы ісік тер ді
жояды. Ауруды бәсеңдетеді. Штрихтау қол-аяққа жиі қолда ны лады.
Сүргілеу – бір қолмен немесе екі қолмен бірдей орындалады.
Денеге дәлірек айтсақ, теріге алдымен төрт саусақты батыра оты-
рып, жылдам жылжып кеткен қозғалысты алақан жалғастырады.
Өзінің атына сәйкес ағаш сүргілеген кездегі сүргінің (үстіріктің)
қимылын жасайды. Бұл қысым түсіре отырып ысқалау. Сау сақ-
тардың қимылы қысқа әрі үдемелі болады.
Сүргілеудің қимылдары штрихтағанға ұқсас. Бірақ мұнда
көбінесе қолдың саусақтары алға қарай екпіндеп кетіп отыра-
ды. Қимылдарды ұзыннан-ұзақ тік және көлденең жасауға бо-
лады. Ысқылаудың мұндай тәсілі тереңде жатқан тканьдарға,
бұлшық етке әсер етеді. Оларды жылжытып, созып, тонусын
көтереді. Сондықтан күйіктен не жарақаттанғаннан кейін пайда
46
болған, тыртық, жік, қабынудан кейінгі жабысып қалған жерлерді
таратуға үлкен септігін тигізеді.
Қысқаштай қысып ысқылау – сұқ саусақ, ортаңғы саусақ
және бас бармақтың үшеуін түйістіріп, қысқашқа ұқсап оты-
рып ысқылайды. Ысқылаудың бұл түрі негізгі және қосымша
топқа жатады. Сондықтан ыңғайына қарай қолдана береді. Бұл
тәсілмен жоғарыда айтқандай аз қозғалатын тканьді, сіңірлерді
шағын бұлшық етті бүріп ұстап, алға қарай немесе дөңгелектеп
ысқылайды. Бір жерде секундтай қимыл жасайды. Орта есеппен
минутына 60-100 қозғалыс болуға тиіс. Ысқылаудың бұл тәсілін
аурудың жағдайына қарай үстіртін, жеңіл немесе батыра жасауға
болады. Ол зақымдалған жерге, қабынып ісінген бұлшық етке,
адамның мінезіне байланысты.
Сонымен ысқылаудың қандай түрі болсын денеде дөңгелек
шеңбер, түзу сызық, иерелеңдеген, штрихталған іздер салу ке-
рек. Оның бәрі теріге, оның астындағы тканьдерге жеткізе күш
көрсетіп, қан айналымын жақсартып, аурудың тезірек жазылып
кетуіне ат салысу болып табылады.
Ысқылау тәсілін орындағанда есте ұстайтын жайттар:
- дөрекі, қатты ауыртып ысқылауға болмайды;
- теріні жылжытпай, тек үстінен сипалау қате;
- әсіресе дөңгелек шеңбер жасап ысқылағанда саусақтардың
ағаштай болып қатып қалуына саусақ буындарының бүгіліп-
жазылуына көңіл бөлу керек;
- саусақ иілгенде қысым азайып отыру керек, соған қарай
саусақтардың шегедей қадалып, артық қысым түсірмеуіне назар
аударған жөн;
- қолды шамадан тыс қақайтып ұстау да қате;
- екі қолды алма-кезек жүргізбей, қатарластырып, жарыстыра
жүргізеді.
Міне, осының бәрі байқалмай кететін қателер. Массаж жа-
саған адам науқастың жазылуын шын көңілімен тілесе, сондай-ақ
ұсақ-түйек заттарға да баса назар аударады. Тек сонда ғана жа-
салған массаж денеге шипа бола алады. Әйтпесе керісінше әсер
етіп, массаждан соң ауру асқынып кететін жағдайлар да кездеседі.
Тек ысқылау тәсілі емес, массаждың басқа түрлерін орындағанда
да аса зор ұқыптылық, тиянақтылық керек.
|