Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Илеп жұмсарату. Массаждың ең күрделі тәсілі илеу неме-
се жұмсарту. Басқа тәсілдерге қарағанда бұл күшті әсер етеді. 
Әсіресе, бұлшық еттер мен қол еттерге өте қажет. 
Ел арасында, массаж жасау деген сөз денені жұмсарту дегенді 
білдіреді. Ол тегін емес, өйткені айтылып отырған тәсіл еттен 
өтіп, сүйекке жетеді. Массаж жасаушының қолы соншалықты 
күшті болуы тиіс, сол сияқты оның техникасын жете білу керек. 
Денедегі барлық бұлшық еттерді (үлкенді-кішілі) жұмсарту 
үшін оның талай тәсілі бар, соны іске асыру керек. Сонымен 
орындау тәртібі: массаж жасаушы, алақанмен бұлшық етті қап-
сыра ұстайды, оны жоғары созады. Саусақтармен бармақтың 
ара сына қатты қысады. Бұл кезде қол ет-сүйектен бөлініп кө-
терілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп жұмсартады, әрі 
қарай жылжытады. Денедегі барлық ет дәл осылай уысты тол-
тыра ұсталмайды. Жабысып жатқан жалпақ еттер бар. Мәселен, 
жіліншіктің алдыңғы жағы арқаның ұзын еті, білезіктің сырты. 
Олар көтерілмейді, сондықтан әртүрлі әдістермен сүйекке басып 
шаншиды. Осы тәсілді қолдағанда айналымы күшейіп, ткань дар-
дың қоректенуі артады, бұлшық еттердің талшықтары созылып, 
серпінділігі жақсарады, зат алмасудың зиянды қалдықтары дене-
ден шығып, тотығу процесі үдейді. Осының бәріне бұлшық еттер-
дің талшықтарын арнайы гимнастикалық тәртіп пайдасын тигізеді. 
Бұл тәсіл тек бұлшық ет емес, денедегі сіңір, тарамыс, ше-
міршек, буын қабы, шел қабы, шандыр, сүйек қабы – барлығына 
әсер етеді. Сондықтан жоғары жүйке жүйесінің қызметі, жүйке 
бұл шық ет аппаратын өзгертіп жібереді. Жұмсарту тәсілін бай-
ыппен, асықпай жасағанда ми қабығының қозу процесі бәсең деп, 
бұлшық ет те босаңсиды, керісінше қысқа, үстіртін, қарқынды 
жасағанда тежеу процесі қайраттанып, жігерленіп кетеді. Енді 
бұлшық еттің тонусы артады. 
Жұмсарту тәсілі әр бағытта жүргізіледі: ұзынынан-ұзақ, көл-
денең, жарты шеңбер, шиыршықты, т.б. 
Емдік массажда бұл тәсілді кәдірмелі (үздік-үздік) және кә-
дір месіз (тоқтаусыз) деп екі түрге бөлінеді.
Екеуінің айырмашылығы – массаж жасаған бұлшық етінің бо-
йымен тоқтаусыз қозғауында, және тоқталып жұлқылай қи мыл-
дауында. 


48
Ал спорттық массажда осы екеуіне кіретін жұмсартудың 
түрлерін басқа атпен бөлектейді. Мәселен, бір қолмен қос 
қолменен (қос күшіген), қос шеңбер, шымшу, бас бармақтың ба-
сымен, т.б. жұмсарту деп бөледі. Бұл аталған емдік, және спорт-
тық массаждардың, қайсысы да жұмсарту тәсілдері бірдей. 
Кейбір әдістерде ғана айырмашылық бар. Орындау техникасы 
шартты үш түрге бөлінеді:
- бұлшық етте алақанды көлденең салып екінші-төртінші 
саусаққа қарай қатты қысып көтеру;
- бұлшық етті қапсыра қысып ұстап бас бармаққа қарай жаншу.
Одан соң еттерді алақанның білезік түбімен сүйекке батыру 
және қайта қалпына келтіру. Бір фазадан екіншісіне кідірмей өтіп 
отырады. 
Бір қолмен жұмсарту (илеу) жоғарыда көрсетілгендей бұлшық 
етті алақанымен қапсыра ұстайды. Мұнда бас бармақ, ал төрт 
саусақ екінші жағында. Ұсталған етті түзеу саусақтарымен жоғары 
көтеріліп одан соң бас бармақпен төрт саусақтың арасына қысып, 
артынан сүйекке жаншиды. Бұлшық етті қолдан шығармай шет-
тен орталыққа қарай үздіксіз жылжиды. Мұнда қолмен суланған 
жөкені сыққандай қимыл жасайды. Мұнда алақанмен терінің 
арасында, саңылау болмауы керек. Саусақтарды мейлінше түзу 
ұстаған жөн, айтылған тәсіл екі фазадан құрастырылған сияқты. 
Біреуі – массаж жасаушының оң қолымен көтерген бұлшық етті 
бас бармаққа қарай мыжуы; екінші фаза – бас бармақтың төрт 
саусаққа қарай салмақ сала мыжуы. Қалай болғанда да бұлшық 
еттер алақанда, саусақтардың арасында, қысылып мыжылады.
Қос қолдап жұмсарту. Оң қолдың алақанын жоғарыда 
көрсеткендей көлденең салады. Ал сол қолды оның үстінен ба-
стырады. Мұнда бас бармақты екінші қолдың бас бармағының 
үстіне, ал төрт саусақты сол аттас саусақтардың үстіне салып 
салмағын арттырады. Мұны, қалың қоң еттерге, күш көп керек 
ететін жерге (бөксе, сан, арқа, т.б.) қолданады.
Қол шеңберлі жұмсарту. Екі қолды бұлшық етке көлденең 
бағытта қатарластырып орналастырады (45 градус бұрыш жасап). 
Мұндай сұқ қолдар бір жағында, бас бармақтар екінші жағын-
да бір-біріне тиіп жатады. Алақанмен ұтстап бұлшық етті қысып 
алып нан илегендей 


49
Екі қолды да алға қарай итереді. Бұл – бір түрі, екінші түрінде 
– бір қол қуысындағы толған бұлшық етпен ілгері өзінен ары 
қарай итерілсе, керісінше екінші қол өзіне қарай тартылады. Ал 
бұлшық еттің ұзын бойына ілгерінді-кейінді осындай қимыл жа-
сап бұралаңдап жоғары өрмелеп бара жатқандай болады. Бұл 
тәсілді аяқ-қолдың, арқаның, іштің бұлшық еттеріне пайдалана-
ды.
Ұзыннан-ұзақ жұмсарту (бойлай). Бұл тәсіл бұлшық еттің ұзын 
бойын бойлай, оның талшықтарының таралу бағытымен жасала-
ды. Массаж жасаушы екі қолымен, аяқтың, не қолдың бұлшық 
етін екі жағынан қапсыра ұстайды. Бір қол екіншіден, 2-3 см алды 
тұрады. Содан соң алма-кезек екі қолмен уысындағы бұлшық 
етті мейлінше қысып жоғары көтеріп, сүйектен бөліп алып, илей 
отырып, ұзына бойына үздіксіз қимыл жасайды. Мұндай тәсілді 
орындағанда бір қол өзінше жарты шеңбер жасағандай болады, 
және бірінің қимылын екіншісі қайталап жоғары өрмелейді. Бұл 
тәсілін аяқ пен қолдың бұлшық еттеріне жиі қолданады. Мұндай 
кезде массаж жасаушы өз қолын шынтақтан бүкпей түзу ұстау 
керек. Сонда түсірілетін күштің мөлшері артады. Қолдардың 
қимылы бірқалыпты, байсалды, жатық болғаны жөн. 
Шымшу. Бұл тәсіл жайпақ сүйекке жабысқан еттерге 
қолданады. Оларды ұстап жоғары көтеруге болмайды, сондықтан 
қолдың сыртын жіліншіктің алдын, омыртқаның маңын, осын-
дай тәсілмен жұмсартады. Ол үшін саусақтарды бүгіп, бұлшық 
етке көлденең қояды да, бас бармақ пен төрт саусақтың арасы-
на қысып, сүйекке қарай батырып жаншиды, яғни қышқышпен 
қысып шымшығандай қимыл жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет