Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Сипау тәсілінің түрлері. Сипаудың өз жолдары, түрлері бо-
лады. Мысалы, денені бойлай түзу бағытта не көлденең ба ғыт-
та сипау, иректей сипау, шиыршықты сипау, айналма сипау, құ-
растырылған сипау, шоғырланған сипау, сол сияқты жоғарыда 
айтып кеткен үстіртін (жеңіл) және терең (салмақ сала) сипау, екі 
қолмен уыстап сипау.
Түзу сызықпен. Сипаған кезде, массаж жасаушының алақа-
ны терінің үстінде ақырын жылжып отырады. Бас бармақ алшақ, 
басқа саусақтардың алдында келе жатқандай болады. Мұндай 
қимыл лимфа ағынына сәйкес болуы керек. 
Спорттық массажда сипау тек бір бағытта орындалады. Ал 
емдік массажда, мәселен үстіртін, жалпақ алақанмен сипағанда 
жоғары да, төмен де жүргізе береді, онда лимфа ағысына қара-
майды. 


40
Екі қолмен кезек сипағанда біреуі сипауды бітіргенде екіншісі 
бастайды. 
Иректей сипауда (зигзагообразный) бір қолмен теріге ирек 
түсірілгендей қимыл жасалуда. Мұнда да теріні қызартпай
саусақтардың ұшымен жеңіл ғана немесе алақанның өзімен 
қолдың басын оң-солға бұлғақтатып жүргізіп шығады. 
Шиыршықты сипау (спиралевидно) – қол ілмектеп тұзақ 
шалған сияқты қимыл жасайды. 
Айналма сипау – ішті сипағанда кіндіктің айналасына қолды 
сағаттың тілімен айналдыра жүргізеді. Бұл қимылды буынды 
сипағанда да қолданады.
Екі қолмен сипау (комбинированный) – екі алақанның біреуі 
түзу қимыл жасаса, артынан келе жатқан екінші алақан иректеп 
келе жатады. Екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. 
Шоғырланған сипау (концентрическое) – тек буындарды
әсіресе тізені, сипағанда қолданады. Екі алақанды қатар қойып, 
тізенің үстіне «8» цифрын түсіргендей қимыл жасалады.
Терең, салмақ сала сипау. Жалпақ жазықтықта терең сипау де-
неге көбірек күш түсіру үшін қолданылады. 
Егер алдындағы сипаудың жеңіл түрлері тек теріге әсер етіп, 
ондағы жүйке ұштарын тітіркендірсе, салмақ сала сипау тереңі-
рек жатқан бұлшық етке, дәнекер қабатына, сіңірге, қан тамыр-
ларына әсер етеді. Ол үшін алақанды батырыңқырап, бармаққа 
не шынашаққа (кішкене саусаққа) тірей жүргізеді. Сипаудың бұл 
түрі гипсті алғаннан кейін, солып қалған жерге немесе құрысып 
қалған буындарға жасалады. 
Екі қолмен уыстап сипау – ол тереңде жатқан тканьдерге 
әсер етеді. Қан мен лимфа жүретін саңылауларды сығып, ағысын 
ұлғайтады.
Алақан денеге жабысып, өте жай жылжиды. Бұл денеде ісік 
болған кезде, лимфа тоқтап қалғанда жиі қолданылады. Тек си-
паудың да мұндай түрін ісігі бар жерден жоғары бастау керек. 
Мысалы, аяқтың басы ісіп кетсе, немесе, алдымен санды, одан 
соң жіліншікті, ең соңынан ұшын сипалайды. Сипаудың осындай 
қолды көтермей жылжыту түрі және қолды бәр сәт көтеріп жыл-
жытатын түрі бар. 
Екі қолмен уыстап қысып әлсін-әлсін қолды босата отырып 


41
сипағанда, бұлшық еттерге, қан тамырларына, жүйке талшық та-
рына, айтарлықтай әсер етеді. Бұл алдағы бірқалыпты, сипаудан 
ширақтау, жеделдеу келеді. Массаж жасаушы сипаудың мұндай 
түрін екі қолмен алма-кезек орындайды. Сонда қолдың шаршауы 
да аз болады. Сипаудың бұл түрі сүйек сынықтан бітерде немесе 
кейбір жерді тастап кету керек кезде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет