52
сіресіп қалғанда тек қолмен емес, балалардың аяғымен де басса
әжептәуір көмек береді.
Жұмсарту – массаждың ең күрделі де қиын, бірақ өте тиімді
түрі. Оның басқа да қолдану әдістері бар. Дегенмен оқырман
қауымның қабылдауына жеңіл де түсінікті болсын деген ниетпен
аталған түрлеріне тоқталып өттік. Соның өзінде бір рет болса бұл
тәсілдері өз көзімен көрмесе, бірден меңгеру қиынға түседі. Десе
де «көз – қорқақ, қол – батыр»деген емес пе?
Жұмсарту тәсілі бұлшық еттерді босатуға шынықтырып-
ширатуға, түйіндерін жазуға үлкен ықпал жасайды.
Бұл тәсіл массаж жасаушы адамнан байсалдылық, ұқыпты-
лық, сезімталдық, білімділікті талап етеді.
Ол баяу ырғақпен, бірқалыпты орындалады. Жұлқылауға,
жұлмалауға, апыл-ғұпыл істеуге болмайды.
Массаждың қозғалысы жоғары және төмен бағытталады.
Ауру адамның денесі массаждан ауырмас үшін, оның біртін-
деп ұлғайтады. Массаж жасаушы дененің өте сезімтал жерлерін
білу керек. Олар желке, иық (тоқпақ жілік) сүйегінің және санның
ішкі жағы. Ол жерлерде жүйке талшықтары мен қан тамырлары
көптеп топтасқан. Сондықтан жұмсарту тәсілін мұқият, зейінмен
жасайды.
Жұмсарту тәсілін бұлшық еттің сіңірмен жалғасқан жерінен
бастайды.
И.М. Саркизов-Серазини «жұмсарту тәсіл үнемі төменнен жо-
ғары қарай бағытталса өте дұрыс болар еді» дейді. Онда лимфа-
қан ағымдарының бойымен лимфа түйіндеріне қарай жүріп оты-
рады.
Ғалымдар осы тәсілде бұлшық етке байланысатын жоғарғы
жүйке жүйесінің қызметін арнайы аппаратпен тексереді. Ол
электромиография – массаждан соң бұлшық етте болатын
биоэлектрлік процестерді анықтайды.
1962-1966 жылғы зерттеулерге (Белая Н.А.) қара ғанда, бұлшық
етте аурудан кейін тоқырап қалған биопотенциалды қасиет мас-
саждан соң қалпына келген. Сондықтан массаждың нәтижесінде
бұлшық ет пен жүйке жүйесінің арасындағы байланыстың артуы-
на көз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: