Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массаждың жүйке жүйесіне әсері



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1.2. Массаждың жүйке жүйесіне әсері
Нерв жүйесі ағза қызметін реттеуде аса маңызды рөл атқара ды. 
Ол клетка, ткань, мүшелердің және олардың жүйесінің қызме тін 
үлестіріп отырады. Мұнда ағза біртұтас қызмет атқарады. Оның 
сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.
Нерв жүйесінің әрекеті психикалық процеске – сезім, оқи білу, 
еске сақтау, сөйлеу және ойлауға негізделген. Адам солардың 
жәрдемімен тек айналадағы ортаны танып-біліп қана қоймай, 
оны өзгертуге де белсене кіріседі. 
Нерв жүйесі нейрондар мен ұсақ серіктес клеткалардан құ-
ралған жүйке тканінен түзіледі. Нейрондар – жүйке тканінің 
не гізгі клеткалары: олар жүйке жүйесінің қызмет атқаруына 
мүмкін дік береді. Серіктес клеткалар қорек, тірек және қорғаныс 
қызметін атқара отырып, нейрондарды қоршап жатады. Бұлар 
нейрондарға қарағанда 10 еседей көп болады. 
Нервтер – сыртқы қабықшамен қапталған жүйке клеткалары 
ұзын өсінділерінің шоғырлары. Қимыл нейрондарының аксонда-
рынан (ұзын өсінділері) тұратын нервтерді қимыл нервтері деп 
атайды. Сезгіш нервтер сезгіш нейрондардардың дентриттерінен 
(қысқа өсінділер) тұрады. Нервтердің көпшілігінде екеуі бірдей 
кездеседі (аксондар мен дентриттер). Оларды аралас нервтер деп 
атайды. Олар арқылы импульстер екі бағытта орталық жүйке 
жүйесіне және ішкі мүшелерге өтеді. 
Нерв жүйесі орталық және шеткі бөлме бөлімдерден құра-
лады. Орталық бөлім дәнекер тканнен түзілген қабықшамен 


11
жұлын және мидан тұрады. Шеткі бөлімге нервтер және жүйке 
түйіндері жатады. 
Қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің 
бөлігі соматикалық (грекше «сома» – дене) жүйе деп аталады. 
Адам соматикалық жүйке жүйесінің көмегімен қимыл әрекетін 
басқарып, ағзаны қимылға немесе тыныштық күйге келтіреді. 
жүйке жүйесінің ішкі мүшелер (жүрек, қарын, без және т.б.) қыз-
метін реттейтін бөлігі автономиялы (грекше «автономия» – өзін-
өзі билеу ) деп аталады. Автономиялы жүйке жүйесінің қызметі 
адамның еркі бойынша жүректі тоқтатуға ас қорыту процесін 
тездетіп, тер шығаруды кідіртуге болмайды. 
Автономиялы жүйке жүйесінің екі – симпатикалық және 
парасимпатикалық бөлімі болады. Ішкі мүшелердің көпшілігін 
осы екі бөлімнің нервтері торлап жатады. Әдетте, олар ішкі 
мүшелерге қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық 
жүйке жүйесі жүректің жұмысын күшейтіп, жеделдетсе, 
парасимпа тикалық жүйке оны бәсеңдетіп әлсіретеді. 
Міне, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі қысқаша осы-
лай. 
Енді массаж өз әсерін қалай тигізеді, осыған тоқталайық.
Оның жүйке жүйесіне тигізер әсері жан-жақты массаж кезінде 
тері, бұлшық ет, буындардағы жүйке талшықтары тітіркеніп, 
пайда болған импульс ми қабығындағы кинетикалық (қозғалыс) 
клеткаларға жетеді. Импульстар қимыл жолы арқылы жұмыс 
атқаратын мүшеге келеді. 
Массаждың бір тәсілі орындалған методикаға байланысты 
орталық жүйке жүйесіне әртүрлі әсер етеді. Массаж методи-
касы оның күшіне, ырғағына қарқынына, ұзақтығына тікелей 
байланысты. Массаждың күші дегеніміз массаж жасаған адам 
қолының денеге түсірген қысымы. Ол терең, орташа және әлсіз 
болып 3-ке бөлінеді. Әлсіз немесе үстіртін массаж орталық жүйке 
жүйесін қоздырады, ал терең (күшті массаж) тежейді. Массаж 
қарқыны жылдам, орташа, ақырын болады. Алғашқы екеуі жүйке 
жүйесін қоздырады, ал кейінгісі тежелуіне әсер етеді. Неғұрлым 
массаж ұзақ болса, соғұрлым тежеу процестері айқындалып
нейрондардың қозуын шектейді. 
Массаждың тәсілдерінің өзі де жүйке жүйесіне әсер етеді. 


12
Мысалы, сипау, уқалау, ысқылау денені аз тітіркендірсе, соғу, 
сілікілеу – көп тітіркендіріп, жүйке жүйесін шыңдайды. 
Шеткері нервтерге массаждың әсері көп, яғни оның өткізгіш-
тік қасиетін арттырып, импульстің тезірек жетуіне ықпал жасай-
ды, ауруға шалдыққан жүйке клеткаларын қалпына келтіреді. 
Массаж ағзаның орталық шеткері жүйке жүйесінің жауап реакци-
ясын тудыратын тітіркендіргіш екенін айттық. Ал жауап реакция-
сы ағзаның алғашқы жай-күйіне тітіркендірудің шамасына байла-
нысты. Осы көрсетілген екі шарт бір-біріне сәйкес келуі керек. 
Сонда ғана массаж шипалы болады. Адам неғұрлым жас болса, 
соғұрлым сезімтал келеді. Оларға әлсіз жасалған массаждың өзі 
қатты сезіледі. Егде тартқан адамдар массажды мүмкіндігінше 
қатты, ұзақ болғанын қалайды. Қала тұрғындары, оның ішінде 
ой еңбегімен айналысатын адамдар ауылда дене еңбегімен ай-
налысатын адамдарға қарағанда массажға өте сезімтал келеді. 
Сондықтан оларға абайлап, жеңіл, әлсіздеу түрін қолданады. 
Мұның бәрі жүйке жүйесіне тікелей байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет