13
Клет ка тіршілігінің нәтижесінде
пайда болған өнімдер капил-
ляр қабырғасы арқылы ткань сұйықтығынан қанға өтеді. Адам
ағзасында шамамен 150 млрд капилляр болады. Егер барлық
капиллярды бір түзудің
бойымен қатарлата тізсе, онда онымен
жер шарын экватор бойымен екі жарым рет орап шығуға бола-
ды. Қан капиллярдан жүрекке баратын вена тамырына жиналады.
Артерияға қарағанда венадағы
қысым онша жоғары емес және
оның қабырғасы да жұқалтаң болып келеді.
Ағзадағы қан жүрекпен жалғасқан екі тұйық жүйе – кіші және
үлкен қан айналым шеңбері арқылы жылжиды. Мұнда қан үнемі
қайта бөлініп отырады: оттегі мен қоректік заттардың қажеттігіне
қарай қан бір мүше арқылы көп, екінші мүше
арқылы аз ағып
өтеді. Дене мүшесіндегі тамырлар саңылауы өзгергенде, сол мү-
шенің қанмен жабдықталуы да өзгереді. Келетін жүйке импуль-
стары неғұрлым жиі болса, тамыр
саңыраулары соғұрлым тар
болады. Қан тамырлары саңылауының кеңейіп-тарылуын жүйке
жүйесі мен биологиялық әрекетшіл заттар реттеп, олардың ағза
талаптарына сай қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: