16
май) нуклеин қышқылдарының ыдырауы мен тотығуы осындай
энергияның көзі болып табылады. Органикалық заттар бұлшық
ет талшықтарында оттегінің қатысуыменен химиялық өзгеріске
ұшырайды. Осының нәтижесінде ыдырау өнімдері, негізінен
алғанда көмірқышқыл газы не су түзіліп энергия босап шығады.
Массаждың көмегімен бұлшық ет арқылы ағып өтетін
қан оған қоректік заттар мен оттегінің жеткізуін жылдамда-
тып, көмірқышқыл газымен басқа ыдырау өнімдерін шығаруға
асығады.
Қолданған тәсілге байланысты жиырылу-созу, босау бір-
бірімен кезектесіп отырады. Мәселен, қысқа мерзімде екпінді
жасалған массаждан бұлшық ет қатты жиырылса, үстіртін сипау-
дан босаңсиды. Массаж жасағанда тканьдардың оттегімен ты-
ныстауы артып, қандағы гемоглобин мен эритроцит мөлшерінің
көбеюіне ықпал жасайды. Шаршаған бұлшық еттердің қызметі
артады.
Достарыңызбен бөлісу: