Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Санға массаж жасау. Егер жіліншік екі сүйектен құралса, 
сан тек бір сүйектен тұрады. Жоғарғы жағында ортан жіліктің 
басы жамбаспен жалғасып жатады.
Ортан жілікті қаптаған бұлшық еттерді алдыңғы, артқы, ішкі 
деп үш топқа бөледі. Бұлшық еттер жетілген, ең ірі еттер болып 
саналады. 
Сан бұлшық еттеріне массаж жасағанда әрқайсысына же-
ке-жеке әсер етуге болады. Мысалы, алдыңғы және іш жағында 
орналасқан бұлшық еттерді массаждау үшін ауруды шалқасынан 
жатқызып, тақымның астына жұмыр білік қояды.
Санның алдыңғы жағында орналасқан төрт басты және 
тігінші бұлшық еттер массаждалады. Оң аяқты оң қолмен, сол 
аяқты сол қолмен массаждаған ыңғайлы.
Санның ішкі жағында орналасқан бұлшық еттерді массаж-
дағанда, бас бармақ тізе, тобығының іш жағынан, ал басқа сау-
сақтарды жіліншіктің ішкі айдаршығынан бастап жоғары мықын 
қырына дейін сипап өтеді.
Массаж жасағанда қол бұлшық ет талшықтарының бойымен 
жүріп отырады. Тек олардың тарамысқа ауысқан жеріне баса на-
зар аудару керек.


79
7-ТАРАУ
Қол-аяқ жарақатына арналған массаждың түрлері
Адам денесіндегі ең көп қимылдайтын, көп жұмыс жасай-
тын мүшелер – аяқ пен қол. Бәрімізге мәлім, қолдың қалам-қа-
рын даш ұстағаннан бастап, жер қашап, отын бұтап барлық тех-
никаны меңгеруде атқаратын рөлі ерекше. Аяқтың арқасында 
жәй жүруден бастап мың бұралып билеуге, биік шыңды тауларға 
шығуға дейін барамыз.
Міне, осындай күрделі қимыл-қозғалыс жасаушы ағзалар – 
қол мен аяқтың жарақаттанып қалуы да өте жиі кездеседі. Сондық-
тан әр адам денедегі болатын барлық ақауларға қолданатын 
массаждың түрін білмесе де, осы аяқ-қол жарақаттанға жасала-
тын массаждың тәсілдерін есіне сақтауға тиіс.
Аяқ-қолдың жарақаттануы бір затқа соғып алса, бұлшық ет 
пен теріге зиян келіп көгеріп қалады, оқыста аяғы тайып кет-
се, тобығы шығып не сіңірі, тарамасы созылып кетеді, ал одан 
күрделі оқиғаларда (күрескенде, төбелескенде, секіргенде) буы-
ны орнынан шығып, әйтпесе сүйек сынады. Міне, осының бәріне 
бірдей массаж қолданылады.
Тірек-қозғалыс аппараты зақымданғанда қолданатын массаж-
дың негізгі мақсаты: буындардағы, буын маңындағы еттердегі 
және басқа элементтеріндегі қан айналысын, зат алмасуын жақ-
сарту, ауырғанын басу, жиналған сарысуды, ісікті тарату, сынған 
кезде сүйек мүйізгегінің тез құрылуына ықпал жасау, бұлшық 
еттің жансыздануын болдырмау, буын қозғалысын қалпына 
келтіріп, соның сіресіп қалмауына көмектесу.


80
Массаж жасаған кезде қан тамырлары кеңейіп, қанның ағы-
ны, сол арқылы буындағы ісік ыдырап, ауырғаны басылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет