82
қа рия лар болсын, абайсызда сүрініп кетсе, міндетті түрде
тізені
за қым дайды. Көбінесе тізе буынының ішіңде крестке ұқсаған та-
рамыс не екі жағындағы тарамыстар мыжылып, бөлініп кетеді.
Ол кезде адам аяғын баса алмай қалады. Аяқтың өзі жылжымалы
жәшік сияқты, алға не артқа еріксіз кетіп қалады. Әлбетте, тара-
мыс үзілсе, тек хирургиялық көмек керек, оларды біріктіріп тігеді.
Содан соң физиотерапия, массаж, емдік гимнастиканы қолданады.
Тізені массаждау үшін ауру аяқты бір нәрсенің үстіне не-
месе массаж жасаушының тізесіне қояды. Осылай түзу аяқты,
тізені бірнеше рет сипаған соң, ептеп бүгеді. Енді буынның ай-
наласын массаждайды. Тізе сипап болғаннан кейін, екі жағы нан
тақымға дейін
және керісінше қимылдар жасап, ортан жілік-
тің төменгі жағындағы бұдырға дейін барады. Осылай тізе
тобы ғының сіңірлер тарамыстары
бекіген жерлерін мейлінше
тереңдете сипайды. Мұндағы мақсат бұрынғы жиналған сарысу-
ды төмен ығыстыру. Буынға сарысу көп жиналса, көмпиіп ісіп
кетеді. Сондықтан саусақтардың ұшымен буындағы суды сығып
алғандай болады. Осылайша сипайды, ысқылайды, ең ақырында
массаж жасаушының көмегімен не мүмкіндігінше
өзі тізені
ауырт пай қимыл жасайды. Егер буын қатты ауырып ісіп кетсе,
онда қимыл-қозғалысты басқа буындарға жасайды. Оның өзі
де үлкен пайда. Өйткені аяқтағы қан айналысы жақсарады. Ал
жарақаттанған буынды уақытша қозғамай таңып тастайды.
Буынды зақымдаған кезде оқыста орнынан тайып кетсе алды-
мен мамандар орнына салу керек. Тек содан соң белгілі методи-
камен массаж жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: